daktil_icon

Дактиль

Сағыныш Намазшамова 1978 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген, журналистика магистрі. «Бақыттың бағасы» (2007), «Сағыныш», (2009), «Менің мифім» (2021) жыр жинақтарының авторы. Шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы (2007 ж.). Балалар жылы аясында өткен республикалық «Ер Төстік» (2021 ж.), «Жас өрен» (2022 ж.) әдеби байқауларының жүлдегері, Ольга Маркованы еске алуға арналған «Qalamdas» әдеби сыйлығының «Әдеби сын» номинациясының жеңімпазы (2024 ж.). Мемлекеттік стипендияның (2015 ж.), «AssylTas» қорының «Әдебиет» аталымы стипендиясының иегері (2022 ж.). Қазақстан Жазушылар одағының, «Janr» әдеби клубының мүшесі. «Жыр маржаны» қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясына, «Балалар поэзиясы антологиясына», сол сияқты қазақ ақындарының испан, әзербайжан, түрік, қырғыз тілдеріндегі, сондай-ақ Орта Азия елдері (қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, тәжік) жас ақындарының неміс тіліндегі «Simurgh» антологиясына өлеңдері кірген. Сонымен қатар Германияның «Wunderhorn» баспасынан шыққан «VERSschmuggel. Поэзиялық диВЕРСия» кітабына 3 қазақ ақынының, соның ішінде С. Намазшамованың да қазақ және неміс тіліндегі (аударма) өлеңдері мен неміс ақындарынан жасаған аудармалары кірді.
daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon