daktil_icon

Дактиль

Драматург Қолғанат Мұрат 2009-2011-жж. Ақан сері ат. Жоғары мәдениет колледжін аяқтаған 2011-2015 жж. Т.Жүргенов ат. Қазақ ҰлттықӨнер академиясында «Кинотеледраматургия» мамандығы бойынша білім алған, 2015-2017-жж.сол академияның «Өнертану» факультетінің магистрі атанды. «Шырмаудағы ғұмыр» (2013), «Қуыршақ» (2013), «Шырғалаң» (2014), «Алдамшы үміт» (2015), «Түнек» (2015), «Пони» (2016), «Саусақ» (2016), «Бақыт кілті» (2016), «Егіздер» (2018), «Обычай» (2019), «Мөде қаған» (2019), «Тас — адам» (2018), «Көбелек ғұмыр» (2020), «Ғұрып» (2020), «Қылмыс» (2020), «Үш әйел, бір еркек» (2020), «Мұғалім» (2021), т.б. пьесалардың авторы. Үздік шығармалары Қазақстан ғана емес, басқа елдерде де түрлі байқауларда, фестивальдерде жүлде иеленген. Пьесалары ағылшын, орыс, әзірбайжан тілдеріне аударылған. Қолғанат, сондай-ақ, киносценарийлер авторы, «Қазақфильм» киностудиясы түсірген қысқаметражді «Аялдама» фильмі (2015), 8 бөлімді «Орбұлақ» тарихи телесериал (2019) сценарийлерін жазған. Қазір М.Әуезов ат. Қазақ Ұлттық драма театрында драматург, Т. Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Өнер академиясында оқытушы қызметтерін атқарады. Ұсынылып отырған «Махаббат бар ма?» комедиясы Қолғанат Мұраттың сиясы кеппеген туындыларының бірі.
daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon