daktil_icon

Дактиль

Думан Рамазан — жазушы, драматург, зерттеуші, журналист, аудармашы. «Көкжал», «Хан Кененің қазасы», «Алланың әмірі», «Жылап аққан тамшылар», «Көктамыр», «Абылай ханның арманы», «Пешене», «Тақ» атты кітаптардың және «Кенесары хан» деректі фильмі сценарийінің авторы. «Абылай ханның арманы», «Кенесары-Күнімжан», «Апат», «Бала Қазыбек», «Жүрек қалауы» атты танымал драмалық шығармалары бар. Жазушылар одағының мүшесі. Харуки Мураками, Юкио Мисима, Джон Голсуорси, Уильям Сароян секілді әлемге әйгілі қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Қазақстан Жастар Одағы мен Журналистер Одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Кенесары хан атындағы республикалық әдеби конкурстың және «Жылдың ең үздік прозасы» аталымы бойынша «Алтын қалам» байқауының бас жүлдегері, «Балауса» бәйгесінің бірінші орын иегері. 2010 жылы «Көш» әңгімесі «Жылдың ең үздік прозасы» атанса, 2012 жылы «Кенесары-Күнімжан» тарихи драмасы «Жылдың ең үздік драмалық туындысы» деп танылды. 2014 жылы «Жыл-драматургі» атанды. Мемлекеттік және Президенттік стипендиясының иегері.
daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon