Ділдәр Мамырбаева — жазушы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
«Бөбек» қоры ұйымдастырған балаларға арналған шығармалар бәйгесінде, Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екі дүркін, «Қазақмыс Корпорациясы» мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен балаларға арналған әдеби шығармалардың «Балауса» бәйгесінің жүлдегері. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. ҚР Мәдениет қайраткері. «Әке мен бала», «Қош бол, балалық», «Сағыныш, сезім, ғұмыр-ай», «Ақ пен қара», «Жетім құлын» прозалық кітаптарының авторы. Әңгімелері орыс, ұйғыр, венгр тілдеріне аударылған.