daktil_icon

Дактиль

Дидар Амантай — 1989–1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және политология» факультетін үздік бітірген. 1994–1997 жылдары Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 1987–1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1997–2002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» токшоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпебет» бағдарламасының жүргізушісі, 2002–2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі, 2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы, 2005–2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат кz» газетінің директоры, 2004–2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы, 2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры, 2006–2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі. 2009 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы. Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» (2000), «Гүл мен кітап» (2003), «Күзгі рандеву» (2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев» деректі фильмдердің, «ФЭФ» көркем фильмдерінің сценариін жазған. «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).
daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon