Аяжан Амиртаева

1

Аядай дала

Ақторғын Ізмұханованың «Елес» әңгімесі есею, достық пен махаббат туралы трагедиялық шығарма. Оқиға Бозащы түбегіндегі «Сағым» (қазақ тілінен «мираж» деп аударылады) ауылында өтеді.

Әңгімені есейген Алмат баяндайды. Ол естелік бөлшектерін біртұтас мозаикаға біріктіріп, жақын досы Игілік пен оның Елес атты итінің қазасы туралы хикаяны бізге айтып береді.

Бұл — жақындарынан айырылғаннан кейінгі есею, сенім мен достық, балалық шақтың базары, мейірімі мен рухани тазалығы туралы хикая: «Тек жастық шақта ғана бастан кешетін сезімдер болады», «Елестің елесі ғана қалды. Өткен күндер, алаңсыз балалық шақ пен мәңгілік достық — бәрі бұлдыр елеске айналды. Кейде өткеннің естеліктері көз алдымнан сағымдай сырғып жататын».

Елес есімді ит — «Тақтар таласы» сериалындағы Елес атты алып қасқырға ұқсайтын ұсқын. Бұл — иесі өмірден өтсе де оны қорғайтын аппақ жүнді, қызыл көзді қасқырдың мәңгілік бейнесі.

Түркі мәдениетінде «Көк Бөрі» символы кездеседі. Ол халықтың киелі құтқарушысын, жерұйыққа береке әкелетін тәңірлік жол бастаушы-тәлімгерді бейнелейді. Мұны Елес бейнесінен аңғаруға болады.

Балалық шақ бейнесі қайта оралмас күндерге деген сағынышты оятады. Алмат Елесті ауылда қалдырып, қалаға кетеді. Оның өз-өзін кінәлау сезімі мен ар азабы таныс эмоцияларды күшейтіп, бастан кешірілмей қалған сәттердің әлеміне алып барады. Жолдағы кедергі болған түйе — сөніп бара жатқан көшпелі тұрмыстың, түркілік өмір сарқыншағының символы. Ол орынды таңдалған, бірақ басында болған апат жайлы біраз сұрақ туғызады.  

«Ауыл алыстан сұрғылт даланың ыстық ауасында дірілдеген сағымдай көрінетін». Шаңды дауыл — бас кейіпкер Алматтың жадында жанданып, оқырман үшін жеке кейіпкерге айналатын образ-кеңістік. Ол шарықтау шегіндегі мұңды, тіпті дәуірлік трагедияны күшейте түседі. Дала шамадан тыс ауқымдылықтан ада. Дала «аядай» ғана, ал күз Алмат айтқан фильмдердегідей жапырақтың түсуімен емес, екпінді, құбылмалы желдің келуімен суреттеледі. Ауыл туралы естеліктерде құмның иісі, мал тіршілігі, мектеп кездегі алаңсыз шақтар бар. «Тірі жан аяқ баспаған жер» деген сияқты мәдени бейнелердің бәрі сол уақыт суретінің әсерін күшейтеді.

Композициясы тура желілі, оқиға хронологиялық ретпен баяндалады. «Жоғалған» дала бейнесі арқылы берілген сақиналы ретроспекция да бар. Мұндай құрылым табиғи, қарапайым әрі түсінікті.

Автордың деталь мен кеңістікті суреттеу шеберлігі таң қалдырады. Марсель Пруст шығармаларындағыдай, иістер әлемі арқылы оқырманды өткенге оралтады. Алайда, «Жоғалған уақытты іздеу» жұмысы сәтті аяқталса, сақиналы сюжет қайталана алмай, тұйықталып қалады. Тілі тірі, диалогтары жүрекке жетеді.

Әңгіменің басты тереңдігі — адам мен жануардың нәзік, жан тебірентер табиғатында, сондай-ақ, түркі мәдениеті мен қазақ даласында жатыр. Жазушы жоғалтқан дүниенің сезімі өлім кейпіндегі жад елесіндей ұстатпайтынын меңзейтін сияқты. Бұл «жалған дүние» ұғымымен үндеседі. Оның киелілігін Бозащыдан да, «362 әулие жері» атанған көне орындар мен тарихи мешіттерге толы Маңғыстаудан да табуға болады. Онда өткен күндер тәнмен сезілгендей болады. Жылы естелікке толы хикая үшін рахмет, оқуға міндетті түрде ұсынамын.

Аяжан Амиртаева

Аяжан Амиртаева — студентка второго курса Казахско-Американского университета по специальности «креативные индустрии и продюсирование». С раннего возраста проявляет интерес к искусству, литературе и визуальному творчеству. Особое место в её восприятии мира занимает литература как пространство внутреннего поиска, образов и смыслов. Творческие интересы связаны с современной литературой, мифопоэтикой и художественной интерпретацией символов.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon