Дактиль
Нұржігіт Муслимов
Пьеса «Драмарафон 2026: драматургтердің күресі» микрофестиваль аясында жазылған
Кейіпкерлер:
Арман
Қайрат
2026 ж. барлық әлемде банктік жүйе құлады. Барлық кредит, ипотекалар кешірілді. Бірақ енді ешқандай кредит, ипотека берілмейді.
Қайрат. Ара мына жаңалықтан әлі өз өзіме келе алар емеспін. Мынау енді шынымен де сенің үйің бе,банктікі емес, сенікі?!
Арман. Қайра, солай енді тек менікі. Ана мәшінені көрдің бе? Алдыңғы жылы кредитке алған ол да менікі!
Қайрат. Ара сен ипотекаға 15 жыл. Машинаға 5 жыл ай сайын төлем жасау керек едің, енді просто сенікі бола салдыма?!
Арман. Қайра, түгелдей менікі!.. Енді ешқандай кредит ешқандай ипотека төлемеймін. Айтпақшы мына айфонда тегін келді, рассрочканы да төлемеймін! Енді мен ең еркін адаммын... Қайра, алдында алған қарызды қайтарамын, мен енді айлығымды жинаймын.
Қайрат. Сен ба жинайтын, күлкімді келтірмеші, досым, сен мүлде қаржылық сауатсызсың ғой.
Арман. Сен күлкімді келтірмеші, досым, ойбай, қаржылық сауаттымын дегенің қайда? Ал сенде не бар? Жинаған ақшаң қайда? Түк жоқ! Ал менде үй, көлікөзімдікі!
Қайрат. Сол ішімді күйдіріп барады. Сен оңды-солды ақшаңды шаштың, өзіңе ешқашан жоқ демедің. Не алсаң да кредит-рассрочка. Оны ай сайын төлей алмай, менен қарыз алдың. Кредитті төлеймін деп, кредит алушы едің ғой. Алды да енді барлығы кешіріліп кетті. Қалай сонда мен ақшамды шашпай, көп нәрседен бас тартып жинаймын. Жинаған ақшамды жыл сайын инфляция жеді, ендігі жылы аламын дегенде, ендігі жылы тағы қымбаттап, тағы ақшам жетпеді, тағы жинаймын, тағы жетпеді. Бәрінен шаршап мен де кредит-ипотека аламын деп шештім, бірақ көбірек ақшасын құйып, процентін аз қылып аламын деп ойлап жүргенде, осындай жағдай. Жылдар бойы жинағаным түкке тұрмай құнсыз болып қалды. Қаржылық сауаттылық неге алып келді, қызық, ия?
Арман. Енді оған менің не кінәм бар?
Қайрат. Сенің де кінәң бар! Бәріңнің кінәләрің бар. Сендер ипотека-кредит алған сайын ақшаның саны көбейеді. Ақша көбейген сайын құнсызданады, инфиляция күшейеді. Солай бәрі құрдымға кетті...
Арман. Ал менде үй мен көлік бар... амнистия!
Нұржігіт Муслимов — актер және режиссер. Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік комедия және драма театрында жұмыс істейді.