Дактиль
Жарқын Сәби
Пьеса «Драмарафон 2026: драматургтердің күресі» микрофестиваль аясында жазылған
Іші бос супермаркет. Сәке басын екі қолымен ұстап тұрады, сосын қолын түсіріп, басын шайқайды. Қай жерде тұрғанын түсінбейтіндей. Оған Мәке жақындап, қолын созады.
Мәке. Танысқаныма қуаныштымын.
Сәке. Қайдамын?
Мәке. Осындасыз.
Сәке. Өлдім бе?
Мәке. Олай ойламаймын. Қолыңызды бересіз бе?
Сәке. Не үшін?
Мәке. Болашағыңызды айтып беремін.
Сәке. Атыңыз кім?
Мәке. Қолыңызды.
Сәке. Сіз кімсіз?
Мәке. Мысалы… Ризық берушімін.
Сәке айналасына қарайды.
Сәке. Сатушысыз ба?
Мәке. Лауазымым жоғары.
Сәке. Супермаркеттің иесісіз бе?
Мәке. Иесі ме? Иә, иесімін… айтсақ та болады.
Сәке. Сенімді емес сияқтысыз?
Мәке. Өзіңіз ше?
Сәке. Атыңызды қалай айттыңыз?
Мәке. Айтпадым.
Сәке. Сонда да…
Мәке. Михаил.
Сәке. Микәйіл, ризық беруші… Микәйіл періште болдыңыз ба сонда?
Мәке жөтеліп қалады.
Сәке. Мен жұмақта тұрмын ба?
Мәке. Бұл жұмаққа ұқсай ма?
Сәке. Өзім де білмеймін.
Мәке. Мен де білмеймін.
Сәке. Микә… Тақсы… Сізді қалай атайын?
Мәке. Мені Михаил Нугзарович деп атай аласыз.
Мәке Сәкенің қолын ұстап, оны күшпен сілтейді.
Жоғарыдан дауыс. Төлеміңіз қабылданды. Kaspi Alaqan қызметін пайдаланғаныңыз үшін рақмет!
31 қазанда Михаил Ломтадзе Kaspi Event-те Kaspi.kz-тің жаңа сервистерін таныстырды.
Оның қалай өткенін көруді ұсынамыз.
Жарқын Сәби — журналист, педагог. Қазақстанның оңтүстігінде тұрып жатыр. Шығармашылықпен айналысып жүр, өлең, әңгіме жазады.