Дактиль
Нұржігіт Муслимов
Пьеса «Драмарафон 2026: драматургтердің күресі» микрофестиваль аясында жазылған
Кейіпкерлер:
Аслан
Гуля — блогер.
2026 жылы Бүкіл әлемде әлеуметтік желінің барлық түрі істен шықты,енді әлем әлеуметтік желісіз өмір сүреді.
Гуля. 4 күн 12 сағат 43 минут... Менің өмірімнің тоқтағанына 4 күн 12 сағат 44минут болды. Оқырмандарым іздеп жатқан шығар, мені сағынып жатқан шығар. Аслан, осыншама уақыт бойы олар менің таңғы асқа не жегенімді білмейді. Менің қандай макияжбен жүргенімді білмейді. Менің не кигенімді білмейді. Түсінесің бе, менің оқырмандарым қараңғылықта. Бүкіл өмір қараңғылықта!..
Аслан. Рахата-а-ай, құстардың даусы, естисің бе? Құстардың даусы, менің соңғы рет бала кезімде осылай құстардың даусынан ләззат алғам.
Гуля. Менің соңғы естігенім құстар болады, мен өлейін деп жатырмын.
Аслан. Ал менің өмірім енді басталған секілді...
Гуля. Аслан, оқырмандарымның қандай сұлусыз, өте жарасып тұр. Тіпті хейтерлердің «немене анау киіп алған жараспайдыда» деген сөздерін оқымасам өмір сүре алмаймын.
Аслан. Гуля ал мен ше, мен айтамын. Макияжың өте әдемі, киімің жарасып тұр... Жалпы сені, енді көріп жатқан секілдімін, экран бетінен емес, дәл қазір, дәл осы жерде. Сен шыныменде сұлусың.
Гуля. Қумашы, Аслан, мен өлем!..
Аслан. Бағана көршілерімен сөйлестік, ұзақ сөйлестік төрт күнгі жаңалықтарды айттық. Күлдік, ойнадық, ойландық. Әлеуметтік желі алыстағыны жақындатамыз деп, жақындағыны алыстатып жіберіпті...
Гуля. Сен бұл жағдайға шыныменде қуаныштысың ба,саған осындай өмір ұнай ма?
Аслан. Әрине, ұнайды. Енді ешқандай маска жоқ. Ешқандай әлеуміттік желідегі жалған өмір жоқ. Өзіңді ешкіммен салыстырмайсың. Барлығы ананы алды, енді мен де алам деп тұрмайсың. Енді трендпен өмір сүрмейміз. Телефонда өмір сүрмейміз. Шынайы сөйлесеміз смайликсыз, шынайы эмоциямен. Ойлашы, тек өзіміз үшін өмір сүреміз. Тек өзіміз үшін...
Гуля. 4 күн 12 сағат 48 минут.
Гуля болконнан секіріп кетеді.
Нұржігіт Муслимов — актер және режиссер. Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік комедия және драма театрында жұмыс істейді.