Маншук Кали

30

Ашыққан ит ұрлық жасайды

Пьеса

Аударған Айжарық Сұлтанқожа

Кейіпкерлер:

Әжей — 80 жаста.

Зоя (әйел) — 49 жаста, перзентханада медбике.

Төлеген (күйеуі) — 42 жаста, жергілікті мектептің мұғалімі.

Дидар (қызы) — 17 жаста, студент.

Шерхан — ит.

 

Шет аймақтағы қала. Қазіргі кез.

 

 

1-сахна

 

Таң, Қонақ бөлме. Сол жақта тумбочкада теледидар қосулы, бірақ дыбыссыз. Еденде кілем. Артқы жағында ас үй, орындықтар мен үстел және бөлмелерге кіретін есіктер. Бөлменің бір шетінде – үлкен оюмен безендірілген сандық. Оң жақта — диван.  Диванның алдында кіреберіс есік, есіктің ар жағындағы ауланың жартысы көрінеді. 

Зоя үстел басында, дәптеріне әлденені жазып отыр. Оның алдында үстелде ақша жатыр. Төлеген кіріп, диванға отырады.

 

Төлеген. Күн салқын. Жақында аяз болады дейді.

Зоя. Жуық арада болмай-ақ қойса екен.  Сен қайда болдың?

Төлеген. Сен естімедің бе? Бахтияр қайтыс болыпты, көрші. Бүгін таңертең.

Зоя. Өзіне де сол керек.

Төлеген. Сонда да обал.

Зоя. Ол өз әйелін өлтірген адам. 

Төлеген. Бұл тек қауесет.

 

Пауза.

 

Зоя. Қалай қайтыс болды?

Төлеген. Оянбай қалған. Жүрегі шыдамай.

Зоя. Арақты сонша ішсе, ешкімнің жүрегі шыдамайды. Егер ішуді тоқтатпасаң, сенің де жүрегің тынады бір күні.

Төлеген. Түу, бастамашы.

Зоя. Нені бастама? Мен сені ойлап айтып отырмын. Ертең сен де оянбай қалсаң, мен не істеймін?

Төлеген. Сен әрі қарай өмір сүресің. Мүмкін, тағы да тұрмысқа шығасың.

Зоя. Ақымақ. Бұрын мен жас кезде өлсең ғой мейлі. Ал қазір, мені кім алады.

Төлеген. Сен қазір де, түрің жаман емес. Қаласаң артыңнан жігіттер кезекке тұратындай.

Зоя (күледі). Сен де айтасың-ау. (Қысқа пауза. Төлеген оған күлімсіреп, ысқырып әуендетеді.) Сен тегі, қайғырып тұрған адамға ұқсамайсың ғой.  Ол сенің досың болды емес пе?

Төлеген. Мүмкін, өлім — жәй түс шығар, демек қазір жағдайы жақсы.

Зоя. Енді ол ешкімді өлтірмейтіні ғана жақсы.

Төлеген. Күректі де  қайтарудың қажеті жоқ. Қара сабы бар күрек есіңде ме? Мен одан қоянды көму үшін алғанмын.

Зоя. Қоян есімде.

Төлеген. Керемет күрек! Совет үкіметі кезінен қалған. Ауыр. Мұндайды қазір таба алмайсың. Бахтияр қыңсылап қалды, қатын сияқты. Қайтар да, қайтар деп.

Зоя. Әй, ол дәл осы күрекпен әйелін өлтірген жоқ па екен?

Төлеген. Мүмкін.  

 

Төлеген үстелге жақындап, печеньені алып жей бастайды.

 

Төлеген. О, тізім дәптері ме? Енем әлі тірі, ал адамдар ақша әкеліп жатыр ма?

Зоя. Күлкілі емес. 

Төлеген. Енеңнің тірі болғаны — бұл дым күлкілі емес. 

Зоя. Төлеген.

Төлеген. Уайымдама, сенің анаң ешқашан өлмейді. Ол жансыз. өлеген ақшаны алады.) Мәссаған. Мұнша ақша қайдан келген?

Зоя. Анам жерлеуіне жинап жатыр. Жерлеуі, ақшасы, жәшігі бар. Қалампыр гүлін алу керек. Денені орау үшін кебін мата,  Анам тек өлу үшін өмір сүретіні сияқты осы.

Төлеген. Бәріміз өлу үшін өмір сүреміз. (Зоя Төлегеннің қолынан ақшаны алады да, қайтадан үстелге қояды.) Сен әжеңнің ақша жинап жатқанын айтпадың.  Ол қанша жинауы керек, өлу үшін?

Зоя. Мұнда үш жүз. Бес жүз керек.

Төлеген. Осыған дейін тозаққа тегін қабылдайды деп ойлайтын едім.

 

Пауза.

 

Зоя. Анам өзінің жерлеуін тым қатты уайымдайды. Тасқа да, қабірге де жету керек. 

 

Зоя дәптерді ашады да, қайтадан бір нәрсе жаза бастайды.  Төлеген тағы да печенье алады, жеп тұрып, ойланады. Зоя кенет қаламды үстелге лақтырып, қолымен бетін жабады.

 

Зоя. Мен қатты шаршадым, Төлеген. Анамнан. Жұмыстан. Мына пештен! Неге біз дұрыс отбасылар сияқты өмір сүрмейміз? Демалысқа бармаймыз? Қонақтарды шақырмаймыз?

Төлеген. Келісемін. Қабіртас күте тұрады. Анаң әлі ұзақ өмір сүреді. Ал бізге қазір ақша керек.

Зоя. Неге?

Төлеген. Тауық қора салу үшін. 

Зоя. Тауық қора?

Төлеген. Иә. 

Зоя. Тауықтар ма?

Төлеген. Тауықтар. Жұмыртқалар және құс еті.

Зоя. Иә, иә, әрине. Тауықтар. Неге болмасқа. (Зоя бір жаққа қолын бұлғап.) Қаздар осыған дейін болды.

Төлеген. Болды. Бірақ тауықтар — ол қаздар емес.

Зоя. Біз оларға қанша жем жұмсадық. Олардың боғын қанша тазаладым. Пісірілген қаздың рецептін іздедім. Мені екі рет шоқып алды! Міне, тіпті тыртық қалды. (Жеңін түріп, қолын көрсетеді.) Ал не болды? 

Төлеген. Не?

Зоя. Күзде не болды?

Төлеген. Ұшып кетті. Топтасып әдемі болып. Жылы теңізге.

Зоя. Ақшамыз да жылы теңізге топтасып ұшты!

Төлеген. Ешкім жабайы қаздарды үй қаздарынан ажырата алмайды.

 

Зоя қолымен басқа жаққа нұсқап.

 

Зоя. Ал қояндар ше?

Төлеген (тіріліп). Қояндармен бәрі жақсы болды. Екі еді — отыз болды. 

Зоя (келекетіп). «Диеталық ет жейміз. Пальто тігіп аласың». Ал мен қоянды сояйын деп жатқанда, сен жылап қалдың!

Төлеген. Олар сүйкімді. Сен мені түсінбейсің.

Зоя. Сен анаң өлгенде де олай жыламадың!

 

Төлеген кенет үстелдегі ақшаны алады да, артқа қадам жасайды. Зоя тұрып, оған қарай жүреді.

 

Төлеген. Тоқта.

Зоя. Тағы не?

Төлеген. Бұл ақшаның жартысына менің де құқығым бар. 

Зоя. Бұл менің анамның зейнетақысы.

Төлеген. Сенің анаң менің үйімде тұрады. Менің есебімнен ішіп, жейді. Ал өз ақшасын жинайды.

 

Зоя белін таянып. Төлеген артқа қадам жасайды.

 

Зоя. Демек, сенің үйің? Сенің тамағың дейсің? (Зоя Төлегенге баяу басып келеді. Ол, басын изеп, артқа шегінеді.) Сен өзі базарда еттің қаншадан екенін білесің бе? 

Төлеген (бұрқылдап). Ер адамдарға базарға бару жараспайды.

Зоя. Сонда еркектер не істеуі керек?

Төлеген. Ақша әкелу.

Зоя. Сенің жалақың анамның зейнетақысынан аз. 

Төлеген. Ал мен қанша табатынымды білмеймін, өйткені жалақы карточкасы сенде.

Зоя. Сен ақшаның бәрін болмайтын нәрселерге жұмсайсың. 

Төлеген. Еркек адам демалуы керек.

Зоя. Әрине, демалуы керек! Тек сол еркекті таба алмай қалдық. (Үстелдің астына қарап, бір нәрсе іздегендей болады.) Сен ғой шіркін бейқамсың! Не үй салмадың, не ағаш отырғызбадың, не ақша таба алмайсың. Тіпті күрегің те көршіңдікі!

Төлеген. Неге мен тыраштануым керек? Кім үшін? Аа, иә, мұрагерлерім үшін. (Ол да үстелдің астында бір нәрсе іздегендей болады.) Мен не жайлы айтып отырмын өзі? Мүлдем ұмытып кетіппін, менің әйелім бала туа алмаған екен ғой.

 

Пауза. Екеуі бір-біріне ашумен қарап тұр.

 

Зоя. Анамның ақшасын қайтар.

 

Зоя қолын созады. Төлеген кідіріп, ақшаны артына жасырады.

 

Төлеген. Жарайды. Кешір. Менде бір ұсыныс бар. Ақшаны тең бөліп алайық. Жүз елу мың — саған. Жүз елу — маған. Бізде артық ақша енді қашан болады дейсің?

Зоя. Олар артық емес.

Төлеген. Айтып отырғаным да сол! Артық ақша болмайды. Өзіңе көйлек сатып ал. Екі көйлек! Немесе тон.

Зоя. Мұнда тіпті қоянның тері тонға да жетпейді.

Төлеген. Ал неге жетеді? Мүмкін теңізге саяхат? Немесе алтын сақинаға? Сен жаңа ғана барлығынан жалықтым дедің емес пе. Сенің, көңіл-күй көтерсек қалай? Зоя?

Зоя (ойланып). Жоқ, керек емес.  Мен не қалаймын... Мен, не қалайтынымды өзім білмеймін. 

 

Пауза.   

 

Зоя (жасық дауысымен). Бұлай болмауы керек. Мен не деп жауап берерімді білмеймін. Мен мұндай жағдайға қалай жеттім? Менің шашыма ақ түсті, ал мен әлі не қалайтынымды білмеймін. (Зоя үстелге отырады.) Мен қартайдым.

Төлеген. Қаласаң саған да сандық алайық? Сен оған жан азаңа қажетті заттарыңды жинайсың. Кем дегенде, өмірде бір мақсат пайда болады.

Зоя (Төлегенге қарамай). Осының бәрі қызымыз кетіп қалғандықтан.  Бір жағынан — кеткені жақсы... ал екінші жағынан — мен оны аздап сағынамын. 

Төлеген. Енді тек алты ақ ай өтті. Университетті бітірсін, оралады.

Зоя. Немесе оралмайды.

Төлеген. Мейлі.  Ол жақта жүсе жаман болмайды. Тұрмысқа шығады. Балалар туып алады.

Зоя. Алдымен еншілес қарызын қайтарсын, сосын ғана отбасы құрады. Уақыт өте келе, біз ол үшін қаншалық көп нәрсе жасағанымызды түсінеді деп үміттенемін. Кейде мен ойлаймын, бәлкім, біз оны бекер асырап алдық па деп? Мен әрқашан ұл болғанын қалайтынмын. Бірақ ол туғанда өте кішкентай болды, мен оны аяп кеттім.

 

Зоя ойланып, алысқа қарап отыр. Төлеген асығыс ақшагның жартысын санап, Зояның қолына ұстатады. Зоя қолындағы ақшаға күмәнмен қарайды.

 

Зоя. Қайтадан, өзінікіне басты.  Бұл анамның ақшасы. Жан азасына.

Төлеген. Әлі талай уақыт бар. Алдымен өлсін де.

Зоя. Өзің айттың емес пе — мұндай ақша енді бізде болмайды. 

Төлеген. Бір нәрсе ойлап табамыз.

Зоя. Мысалы, не?

Төлеген. Сен мені бір қарияны жерлей алмайды деп ойлайсың ба?

Зоя. Ақшаны қайтар, Төлеген. Шын айтып тұрмын.

 

Зоя Төлегенге жақындап, қолын созады. Ол кенеттен оны өзіне тартып, сүйеді. Екеуі сүйіседі. 

 

Төлеген (Зояның құлағына қатты сыбырлап). Менде бір керемет идея бар. Және маған бұл ақша қажет. Өте қажет. Егер бәрі сәтті болса, саған қыруар тон сатып аламын. Және сенің анаңның басына бірнеше зират орнатамыз.

Зоя. Оған тек біреуі керек.

 

Төлеген Зояны қайта сүйеді. Сүйіс кезінде Төлеген оның қолындағы ақшаға жармасып, алақанын ашуға тырысады. Бірер уақыттан кейін Зоя алақанын ашады да, бос қолымен оның арқасын сипайды. Төлеген ақшаны шалбарының артқы қалтасына салады.

 

Төлеген. Соңғы рет. Уәде беремін. Бұл өте маңызды бизнес. Егер ісім оңға баспай қалса, сенен бір тиын да алмаймын.

 

Екеуі сүйіседі.

Қараңғы.

 

2-сахна

 

Бір минуттан кейін. Қонақ бөлме. Дидар кіреді. Оларға біраз уақыт қарап, сосын назарын аудару үшін жөтеледі.

 

Дидар (жасанды). Анашым, әкетай.

 

Зоя мен Төлеген бұрылады.

 

Зоя. Дидар, неге сабақта емессің? Бірдеңе болды ма? (Зоя Дидарға жақындайды.) Сені оқудан шығарды ма?

Дидар. Жоқ. Біздің корпусымызды жөндеп жатыр, кабинеттер жетіспейді. Бүкіл топты бір аптаға босатты. 

 

Зоя Дидардың бетінен сүйеді. Төлеген оларға жақындап, Дидарды құшақтағысы келеді, бірақ ол шегінеді.

 

Төлеген. Дұрыс. Көп оқуға болмайды. Кейде демалып тұру керек.

Зоя. Сенде бәрі жақсы ма? Шын айтасың ба?

Дидар. Әрине, бәрі жақсы.

Зоя. Түрің нашарлап тұрған сияқты.

Дидар. Шаршағандықтан шығар.

Төлеген. Келетініңді айтпадың ба.  Мен күтіп алатын едім. Әкел, чемоданыңды бөлмеңе апарайын.

Дидар. Сендерді сағынып, тосын сый жасағым келді. Бірақ жағдайларың менсіз де жақсы сияқты.

 

Төлеген чемоданды алады, шеткі бөлмеге барады. Зоя мен Дидар диванға отырады.

 

Дидар. Әже ұйықтап жатыр ма? Жағдайы қалай?

Зоя. Әжең сүтке кетті. Әр таң сайын сүтке барады. Ал сенің қарның ашқан шығар?

Дидар. Жоқ. Мен жолда тамақ жедім. Сен бүгін үйдесің бе?

Зоя. Түнде кезекшілік. (Пауза.) Шынымен бәрі дұрыс па?

Дидар. Барлығы жақсы.

Зоя. Сен өтірік айтып тұрсың.

Дидар. Мен өтірік айтпаймын.

Зоя. Егер өтірік айтсаң, мен бәрібір біліп қоямын. Сен тек өзіңе ғана сене алатыныңды түсінесің бе? Білімсіз жақсы жұмысқа алмайды. Әйтпесе еден жууға немесе кассада отыруға мәжбүр боласың.

 

Дидар үндемейді. 

 

Зоя. Барып, шәй әзірлейін.

 

Зоя тұрып, асүйге барады. Төлеген қонақ бөлмеге келіп, үстел басына отырады. Үйге әжесі сөмкемен кіріп, Дидарды байқамай, үстелге жақындап, сөмкесінен екі бөтелке сүт шығарады.

 

Әже. Сүт әкелдім. Егер қазір шай ішпесем, басым ауырады.

 

Дидар әжесіне жақындап, оны құшақтайды.

 

Дидар. Әже, мен келдім.

Әже. Дидар келіпті ғой. Қандай жақсы. Барлығымыз отбасымызбен шай ішеміз.

 

Үстелге отырады. Дидардан басқасының барлығы шәй ішеді.  Дидар үстелге телефонын қойып, экранда бірдеңені көріп жатыр.

 

Зоя. Келгені қазір, бірден телефонға кіріп кетті. Таң атпай кімге жазып жатырсың?

Дидар. Ешімге. Мұнда байланыс нашар ұстайды.

Зоя. Тамағыңды іш. 

Дидар. Тәбетім жоқ.

Әже. Студенттер аш жүреді деген өтірік ау осы.

Дидар. Мен мұнда тамақ ішу үшін келген жоқпын. Мен демалуға келдім. Сосын ұйықтауға. Қалада үнемі шу,  дұрыс ұйықтай алмаймын.

Зоя. Сен оны маған айтпай-ақ қой.  Мен түн бойы жұртты босандырдым. Аяғыма тік тұрып. Тазиктермен жүгірдім. Мен ол ұйықтағым келетін.

Дидар. Мен, мен, мен…

Зоя. Неге сонша көңіл күйің жоқ?

Дидар. Шаршадым. 

Зоя. Және киімің де біртүрлі. Бұл не, сәнді ме? Бір тұтас жері жоқ.

Дидар. Қазір осылай киінеді. Маған ұнайды. Әке, саған ұнай ма?

 

Төлеген басын изейді.

 

Дидар. Міне, көрдің бе, әкеме ұнайды.

Зоя. Ал оқуың қалай?

Дидар. Зачеткамды көрсету керек пе?

Зоя. Қайтарға билет сатып алдың ба?

Дидар. Иә. Бесіне.

Зоя. Сенің түрің біртүрлі ауру сияқты.

Дидар. Бәлкім сенен жүрегім айнып тұрған шығар.

Зоя. Неге менімен бұлай сөйлесесің?

Дидар. Себебі өзің бірінші тисесің.  Тағы бір себебі, сен менің туған анам емессің.

Зоя (Төлегенге). Сен естідің бе? Естіп тұрсың ба деймін?  Бір нәрсе десеңші!

Төлеген. Қойшы, мазасын алмашы. Дидар, бәлкім, жігітімен ұрысып қалған шығар. Ол жас қыз.

Зоя. Үнемі осының сөзін сөйлейсің. Сенің кінәң бәрі. Неге сен қатал бола алмайсың?

Төлеген. Себебі, ол қыз.

Зоя. Айтып отырғанын қарашы.  Егер ұл болса, оны бұрышқа қойып, белдікпен сабар едім. 

Дидар. Ал сен ше, папа, сен де мені бұрышқа қойғың келе ме?

Зоя. Ұл асырап алу керек еді. 

Әжей. Ұлды да алып кету керек еді.

Дидар. Мен бекер келіппін. Барлығы осылай болатынын білгенмін.

Зоя. Дұрыстап сөйле. Сағындым дейсің, айтып отырған сөзің мынау.

Дидар. Сен мені өзің таңдадың.

Зоя. Себебі, сен ата-анасы бас тартқандардың ішіндегі ең сауы едің.

Дидар. Бас тартқандар. Бас тартқандар... Сен бұл сөзді әрдайым қуанышпен айтасың, мені жеңілдікпен сатып алған бала сияқты.

Зоя. Неге олай дейсің? Біз сен үшін сонша нәрсе жасадық.

Дидар. Рақымсыз балалар жайлы әніңді бастамай ақ қойшы, анашым. 

 

Төлеген атып тұрады.

 

Төлеген. Жарайды. Маған кету керек.

Зоя. Сен қайда барасың? Бүгін жексенбі ғой.

Төлеген. Әріптесімнің иті туылды. Көріп келу керек. Дидар, ит баққың келе ме?

Дидар. Жоқ.

Әжей (тыныш қана). Қашан өтірік айтуды үйренеді екен осы.

Зоя. Бұл тек ішудің сылтауы. Мен білемін. Сен қазір иттің туғанын тойлайсың, құдды сол күшіктер сенен туғандай.

Төлеген. Қайтем енді. Мен жануарларды жақсы көремін.

Зоя. Сенің осы қояндарың, үйректерің, иттерің менің қанымды ішіп бітті! Неге сен бір тышқан бақпайсың?

Төлеген. Зоя, қайдағы жоқты айтпашы. Сен өзі тышқанның көзін көгенсің бе?  

Зоя. Неге мен тышқанның көзіне қарауым керек?

Әжей. Хомяктың көзіне қараса не болады?

Төлеген. Әлгі аламан тышқанның көздері ызаға толы болды. Есіңнен тандырып жібереді. 

 

Дидар күледі. Төлеген әлденені әндетіп кетіп қалады. Зоя артынан айқайлайды.

 

Зоя. Егер мас болып келсең, үйге кіргізбеймін! Сарайда ұйықтайсың! (Пауза.) Өткен жолы, мереке күндері, балық аулауға кетіп, бес күнге жоғалып кеткен. Полицияға арыз жазуға тура келді. Бахтиярдың сарайынан тапты. Балық аулауға бармаған да.

Дидар. Сорлы, сенімен тұрып, ішпей көр. 

 

Зоя Дидарға қарап, өзін ұстап тұр. Тұрады.

 

Зоя. Мен барып жатайын.

Әжей. Мен қою қызыл көйлегімді жоғалтып алдым.

Зоя. Ол сандықта. Баяғы орнында жатыр.

Әжей. Сандықты қарап шығу керек.

Зоя. Ой, мама, бастамашы! Баяғы сандығыңды айта бересің.

Әжей. Қою қызыл көйлегімді таба алмай жүрмін. 

Зоя. Ол өз орнында.

Әжей. Оны ұрлап кетті. Ұрлап кетті!

Зоя. Өткен аптада сандықты қарап шықтық. Сенің көйлегің сол жерде. Сандықта.

Әжей. Алып бер.

Зоя. Мам. Менің ұйқым келді. Сен түсінесің бе?

Әжей. Көйлегімді тауып бер.

Зоя. Алжыған кемпір. Неге бүгін іздеп қалды сол көйлекті? Сен не, кездесуге барасың ба?

Әжей. Өзім аламын онда.

 

Әжей үстелден тұрып, сандыққа қарай жүреді. Сандықтың жанына отырып, қақпағын ашуға тырысады. Артынан күрсініп Зоя келеді.  Сандықтың қақпағын ашып, ішінен заттарды бір-бірлеп шығара бастайды. Ол заттарды түгендеп жатқанда, әжей мұқият қарап, басын изеп отырады.

Дидар осы уақытта үстелді жинап жатыр. 

 

Зоя. Орамалдар. Мата. Камзолдар. 

Әжей. Менің зейнетақымды қашан аласың?

Зоя. Әлі ерте. Жиырмасы енді болды. Сенің қысқы етіктерің. 

Әжей (дауыстап). Дидар, мен оларды саған қалдырамын, мен өлгенде. Калоштарымды да.

Дидар. Рахмет. Калоштар қазір модада.

Әжей. Мұнда кел. Киіп көр.

Дидар. Олар ұша алады ма. 

Әжей. Ұзақ өмір сүресің, мен сияқты. Мен өлгеннен кейін менің заттарымды ки, мен сияқты ұзақ өмір сүресің.

Дидар. Мүмкін, мен ұзақ өмір сүргім келмейтін шығар. 

 

Дидар әйелдерге жақындайды да, қолына калоштарды алады. Аяғына киеді. 

 

Әжей. Қалағаныңды таңда. 

Зоя. Түнгі көйлектер де бар.

Дидар. Жоқ, рахмет. Маған калоштар жеткілікті. Тек, ақ көйлек болса ғана. 

Әжей. Ақ мата бар. Бірақ ол жерлеуге.

Зоя. Саған ақ көйлектің не керегі бар?

Дидар. Тұрмысқа шығамын.

Зоя (Дидарға). Сен әдейі мені жүйкемді жұқарту үшін айтып отырсың.

Дидар. Шықсам шығамын.

Зоя. Сенің жасың әлі он жетіде. 

Дидар. Бір айдан кейін он сегіз болады.

Зоя. Кім сонда саған үйленейін деп жүрген?

Дидар. Менің ер азамытым бар.

Әжей (араласып). Ол қайда? Менің ақ матам қайда?

 

Зоя әжеге қарап, қолын сандыққа салады.

 

Зоя. Міне, осында! Міне, қара!

 

Зоя ақ матаны алып, оны әжесінің бетіне тақайды. Олардың жанында еденде заттар таудай болып үйіліп жатыр. Дидар калошаларын шешіп, жанына отырады. Әжей қолына кішкентай қорапты алады. 

 

Әжей. Бұл менің әшекейлерім. Ішінен қалағаныңды таңда.

 

Дидар қорапты алып, ішінен әшекейлерді шығарып, қызығушылықпен қарайды. Браслет пен басқа әшекейлерді тағып көреді.

 

Әжей. Айтпақшы, Бахтияр қайтыс болды дей ме. Біз оның анасы екеуміз перзентханада бірге жатқанбыз.

Зоя. Міне, көйлек. Тек жасыл. Иә, Бахтияр қайтыс болды. Ертең жейтін болса керек. 

Әжей. Адамдар мүлдем әлсіз болып кетті. Неге бәрі өліп жатыр?

Зоя. Барлығы өліп жатқан жоқ.

Әжей. Неден қайтыс болды?

Зоя. Оянбай қалған. Жүрегі шыдамай.

Әжей. Жақсы адамдар оңай өледі.

Дидар. Ол әйелін өлтірген жоқ па?

Әжей. Ондай әйелді мен де ұрып өлтірер едім.  Өзі кінәлі.  Салтақы.  Енді тағы да ақша апару керек. Неше ақша апарасың?

Зоя. Білмеймін. Екі мың шығар. Жерлеу дәптерін қарау керек. Таңертең жерлеуге, кешке тойға. Жындыхана тура.  Мен Қайраттың үйленетінін айттым ба?

Әжей. Үшінші рет пе? Оған ақша берудің қажеті жоқ. Екі рет бердік.

Зоя. Той дәптерінде неше ақша бергеніміз жазылған... Міне! Сенің қою қызыл көйлегің! (Көйлекті шығарады.)

Әжей. Жақсы. Барлығын қайтадан орнына сал.

Зоя. Сен бәрін жақсылап көріп алдың? Көрдің бе, бәрі орнында. Ешкім ештеңе ұрлаған жоқ. Тіпті ескі альбом да мұнда.

 

Зоя альбомды алады. Дидар оны Зояның қолынан шапшаң жұлып алады. Зоя альбомды алуға тырысады, бірақ Дидар бермейді.

 

Дидар. Ескі фотолар ма? Көрсем бола ма?

Зоя. Жоқ. Бер, қайтадан сандыққа саламын.

Әжей. Бұл менің альбомым. Көрем десе көрсін. Онда қызық ештеңе жоқ.

 

Дидар альбомды алып, диванға отырып, парақтай бастайды. 

 

Әжей (Зояға). Барлығын қайтадан орнына сал.

 

Зоя заттарды сандыққа ретімен тез сала бастайды. Әже мұқият бақылап отыр. Зоя сандықты жабады да, тұрады.

 

Зоя. Болды. Мен ұйықтауға кеттім. 

 

Зоя кетіп барады. Әжей Дидардың жанына диванға отырады.

 

Дидар. Бұл мен бе?

Әжей. Сен. Перзентханадан жаңа әкелген кез. 

Дидар. Сондай қорқыныштымын.

Әжей. Мейлі, не болыпты. Сен жақсы қыз едің. 

Дидар. Едім.

Әжей. Қазір де жақсысың, тек дөрекілігің болмаса.

 

Әжей Дидардың басынан сипайды. Дидар күлімсірейді.

 

Дидар. Ой, қара. Бұл анам емес пе?

Әжей. Иә.

Дидар. Масқара. Қастары жіптей. Шаштарын айтсаңшы, түн бойы рок тыңдаған ба. Және құрбысы да сондай. Бұл кім?

Әжей. Ә, бұл. Айсулу. Ерте қайтыс болды. 

Дидар. Түсінікті. Ал мұнда папам Айсулуды құшақтап тұр. 

Әжей. Олар үйленген еді. 

Дидар. Оның бірінші әйелі осы ма? 

Әжей. Иә. Бейшара. 

Дидар (суретке мұқият қарайды). Ол неден қайтыс болды?

Әжей. Ой, менің басым ауырып кетті. Бүгін біз шай іштік пе? Альбомды қайтадан жәшікке сал.

 

Әжей қолымен басын ұстап, тұрып, асығыс кетіп қалады. 

Дидар диванда отырған күйі, суретке қарайды. Содан кейін суретті қалтасына салады. 

Қараңғы.

 

3-сахна

 

Кеш. Жартылай қараңғы. Қонақ бөлме. Дидар диванда отыр, қолында пульт, арналарды ауыстырып жатыр. Төлеген кіріп келеді, сәл шайқалып, әндетіп келеді. Дидар теледидардың дыбысын азайтады.

 

Төлеген. Неге ұйықтамағансың?

Дидар. Кино қарап отырмын.

Төлеген. Не қарап отырсың?

Дидар. Вуди Алленмен комедия.

Төлеген. Жетінші арнада футбол көрсетіп жатыр.

Дидар. Футболды жек көремін.

Төлеген. Бұрын жақсы көретінсің.

Дидар. Ал қазір жек көремін!

Төлеген. Тыныш — жәй. Әжең ұйықтап жатыр ма?

Дидар. Ұйықтап жатыр.

 

Төлеген айналасына қарап, Дидарға жақындау отырады. 

 

Төлеген. Қарашы, мен не әкелдім. (Төлеген қалтасынан қораптағы әшекейін шығарады.) Бұл саған.

Дидар (күдікпен). Ақшаны қайдан алдың?

Төлеген. Сайдан. Ұнамаған болса, ренжімеймін. Зояға сылай саламын. 

Дидар. Ұнайды.

 

Дидар сыйлықты қалтасына жасырады. Анама онсыз да барлық жалақыңды бересің.

 

Төлеген. Оның рас.  Оқуың қалай?

Дидар. Әдеттегідей.

Төлеген. Оқу қиын емес пе?

Дидар. Жоқ. Мектептегіден де оңай.

Төлеген. Жарайсың. Сен бұрыннан ақылдысың.  Ал мен үшін оқу әрқашан қиынға түсетін. Мұғалімдер маған тоғызыншы сыныпқа дейін зорға шыдады, артынан училищеге жіберді.

Дидар. Ал сен кім болғың келді?

Төлеген. Есімде жоқ.

Дидар. Мүмкін, дәрігер немесе ветеринар. Саған жануарлар ұнайды емес пе?

Төлеген. Мүмкін. Бүгін кімдер ойнайтынын білесің бе? «Қайрат» «Челсиге» қарсы ойнайды! 

Дидар. Менің ескі заттарым қайда екенін білмейсің бе? Ойыншықтар, фотосуреттер, орамалар. Есіңде ме, мен оларды бесінші сыныптан бастап печенье қорабына жинайтынмын.

Төлеген. Мен оларды сарайға апарып тастадым.  Зоя айтқасын. Ол сен кеткесін үйді жинап шыққан.

Дидар. Оңбаған екен.

Төлеген. Көңіліңнің қошы болмай тұр ма қалай. (Жақын отырады да, оның басын кеудесіне қояды.) Келші кәне. 

 

Құшақтасып отырады.

 

Дидар (иісін сезеді). Бұл не иіс? Сезіп тұрсың ба?

Төлеген. Ас үйден шығып тұр.

Дидар. Жоқ. Ол емес. Оны айтпаймын. (Төлегенді иіскеп.) Бұл сенен.

Төлеген. Не айтып отырсың?

Дидар. Сен бірдеңе шегіп келгенсің.

Төлеген. Жоқ.

Дидар. Шөп пе?

Төлеген. Жоға, мен ештеңе шеккен жоқпын!

Дидар. Шегіп алғансың. 

Төлеген. Жоқ.

Дидар. Иә. Иісі шығып тұр, шашыңа да сіңіп кеткен.

Төлеген. Жарайды. Ұсталдым. Иісшілін тура, ит секілді! Тек анама айтпа.

Дидар. Айтпаймын. Егер бөліссең.

Төлеген. Саған ерте емес пе?

Дидар (күліп). Не үшін ерте? Ода тұрған ештеңе жоқ, мен тек бір рет тартамын.

 

Төлеген темекісін шығарып, айналасына қарап тұрып, тұтатады. Тартқаннан кейін темекіні Дидарға береді. Дидар шылым тартады. 

 

Дидар. Алибек — нағыз топас. Ол есіңде ме?

Төлеген. Мен оны ешқашан көрмесем, қалай есімде болсын?

Дидар. Өзінше, дұрыс жігіт болып қалған.  Қанымды ішіп қойды. Менің шошқа етінен жасалған шұжық жеп отырғанымды көріп, мені әкемдей сөкті. Ал маған бұйыра сөйлейтіндер ұнамайды.

Төлеген. Иә, наразылық сенің қаныңда бар.  Ақыры қарап жатқан жоқсың ғой. Мүмкін, жетінші арнаға ауыстырарсың?

 

Дидар арнаны ауыстырады. Футбол матчының дыбыстары қайтадан естіледі. Төлеген мен Дидар диванда жатып, темекіні шегіп бітіреді.

 

Дидар. Содан кейін ол, әрине, кешірім сұрады, мені жоғалтып алудан қорқатынын айтты. Негізі, ол жақсы табыс табады оған қоса пәтер сатып алып та қалады. Сосын ол күшті сүйіседі. Қысқасы, ол маған ұсыныс жасады, ал мен ондан бас тарттым. Сеніңше, оған тұрмысқа шығу керек пе еді?

Төлеген. Мүмкін, шығу керек пе еді.

Дидар. Мен сен қарсы боларсың деп ойладым.

Төлеген. Мен қарсы емеспін, егер сенің Алишеріңнің табысы жақсы болса және оның пәтері болса.

Дидар. Алибек.

Төлеген. Барібір. Негізі, ойың жаман емес. Тұрмысқа шығып, біржола кетесің. 

Дидар. Мен енді оқығым келмейді. Мен осында жаныңда қалсам бола ма?

Төлеген. Сен астанада қалуың керек. Онда қызу тіршілік, жұмыс көп. Ал мұнда тек Зоя, кәрі кемпір мен ескі үйден басқа дым жоқ.

Дидар. Ал сен, астанада тұра алар ма едің?

Төлеген. Жоға. Менің орным осында. Мен осы жерде тудым, осында өлемін. Ал сенің бар өмірің әлі алда. Бірақ есіңде болсын, мен секілді өміріңді босқа кетіруші болма.  

Дидар. Мен анама қалай айтарымды білмеймін.

Төлеген. Бір амалын тауып айт. Мен сені қолдаймын. (Төлеген Дидарға темекі береді.) Дегенмен, жігітіңнің аты біртүрлі екен.

Дидар. Біртүрлі дымы да жоқ. 

Төлеген. Шынымен, онша емес.  Қазір екінің бірінің аты Әліби. 

Дидар. Алібек.

Төлеген. Маған өз атым ұнайды. Сирек. Мен өзімнен басқа Төлегендерді танымаймын.

Дидар. Саған жарасады.

Төлеген. Мхм.  

Дидар. Сен болып қалдың ба?

Төлеген. Сен ше?

Дидар. Босап қалдым. 

Төлеген. Шөп керемет, айтшы.

Дидар. Айтпа. (Пауза.) Төлеген.

Төлеген. М-м-м?

Дидар. Менде бір шамалы қиындау мәселе болып тұр. (Ішін көрсетеді.)

 

Төлеген оның ішіне бірнеше секунд қарайды, сосын бәрін түсінеді.

 

Төлеген. Кішкентай мәселе дейсің бе? Бұл кішкентай емес, әжептеуір проблема. 

 

Төлеген күле бастайды, артынан Дидар да күледі.

 

Дидар. Сол ғой. Әжептеуір. Сенің ойыңша, ішінде кім бар?

Төлеген. Білмеймін, бірақ мен күшік қалап жүр едім. Бір асыл тұқымды, мысалы, цвергш… сверг… қалай еді.

Дидар. Швергнауцер. Жоқ, цвергнауцшер.

 

Екеуі тағы да күледі.

 

Дидар. Сен маған да көмектесуің керек.

Төлеген. Немен? Мен енді ол жаста емеспін.

Дидар. Жалғыздықтан қорықпайсың ба?

Төлеген. Жоқ, қорықпаймын. Жалғыздықтан да қарттықтан да қорықпаймын. Бүгінгі күнмен өмір сүремін. 

Дидар. Мен сенің футболыңнан жалыға бастадым.

 

Төлегеннен пультті алып, комедияға ауыстырады.

 

Дидар. Енді не болмақ?

Төлеген. Алиханға тұрмысқа шық, сонымен мәселе тәмәм.

Дидар. Алібекке. Оған тұрмысқа шыққым келмейді. Мен оны сүймеймін.

Төлеген. Саған бәрібір мұнда қалуға болмайды. Қала кішкентай. Зоя да бірден байқап қояды. 

Дидар. Ол енді шынымен ренжитін шығар. Мен оған ақша тасып әкелгенімді күтіп жүр.

Төлеген. Оданша футбол көрейікші. Зоя маған футбол көрсетпейді. Ол кезекшілікке кеткен түндер менің ең сүйікті кештерім. 

Дидар (басын оның иығына қояды). Мен ана бықсыған жатақханада ұйықтай алмай жатқанда, біздің үйімізді еске аламын.  Және менің есімде қалған жалғыз жылы нәрселе — ол біз екеуміздің теледидар көретініміз. Анам жоқ... Әжем ұйықтап жатыр... Ал біз екеуміз, міне, осы диванда фильм көріп отырмыз.

Төлеген. Біз футболды да көріп отырмыз.

Дидар. Иә, футболды да. Ал егер менің ішімде футбол добы болса ше? (Жымия күледі.)

Төлеген. Есеп қандай болды екен.

Дидар. Бір нөл менің пайдама. Ух, мазам болмай тұр.

 

Дидар тұруға тырысады.

 

Төлеген. Сен қайда барасың?

Дидар. Басым айналып кетті.

Төлеген. Сенде бәрі жақсы ма?

 

Дидар теңселіп бірнеше қадам жасайды.

 

Дидар. Барып ұйықтаймын. Ох. 

Төлеген. Пультты қайтар!

 

Дидар бұрылып, Төлегенге пультті лақтырады. Ол оны қақшып алып қайтадан диванға отырады. Дидар теңселіп бөлмесіне кетеді. Төлеген пультті алып, теледидарды қосады. Оның арт жағынан, ас үйге әжей шығады. Төлеген оны байқамайды. Бірер уақыт әжей тұрып, оған жек көрінішпен қарайды.

 

Төлеген. Гол! Го-ол!

 

Әжей селк етіп, өзіне стакан су құйып, ішеді де кетеді.

Қараңғы.

 

4-сахна

 

Ақшам кезі. Төлеген диванда, теледидар карап жатыр. Футбол болып жатыр. Зоя сәнді көйлекпен, бөлмеден шығады. Қолында ерлердің костюмі, екінші қолында айна. Костюмді Төлегенге береді, ол киіне бастайды. 

Ит үргені естіліп тұр.

 

Зоя. Біздің аулада ит жүр ме?

Төлеген. Шалыс естіген шығарсың.

 

Зоя пультті алып, дауысын азайтады.

 

Зоя. Анық естіп тұрмын — бұл иттің дауысы.

Төлеген. Бұл енем. 

Зоя. Өте күлкілі.

Төлеген. Өте ұқсас.

Зоя. Қойшы тегі.

 

Зоя диванның айналып өтіп, есікке жақындайды. 

 

Төлеген. Тоқта. Шықпа.

Зоя. Төлеген, не болып жатыр?

Төлеген. Бұл анаң емес. Онда ит бар. Біздің аулада. 

 

Зоя тоқтап, Төлегенге жақындайды.

 

Зоя. Бізде ит қайдан жүр?

Төлеген. Мен әкелдім. Әріптесімнен алдым. Жәй, кішкентай ит қой.

Зоя. Төлеген.

Төлеген. Сүйкімді, қара сары.  Екі жасар. Еркек.

Зоя. Сен, күшіктерді көріп қайтуға барамын деп едің ғой. 

Төлеген. Еркек иттер тумайды, сондықтан күшіктері болған жоқ. Бірақ еркек ит бар екен. Ротвейлер.

Зоя. Сенің денің сау ма? Қазір бар да, итті қайтар. Немесе мен өзім апарып тастаймын.

Төлеген. Мен олай істей алмаймын. Мен бір көргеннен байланып қалдым. Шерхан — бұл жәй ит емес. Бұл дос! Оның көзіне қарасаң болды, ол бәрін түсінеді. Оған қарап тұрып, бір құрдасыңмен сөйлескендей боласың. Мен осындай итті армандадым. 

Зоя. Ротвейлер — ол ит емес. Бұл құбыжық! Олар адам жейді ғой!

Төлеген. Қатты аш болса ғана. Оларды әдетте ашырқатып ұстайды, сондықтан олар ашулы болады. Сондықтан оны жиі тамақтандыр.

Зоя. Ол, бәлкім, арнайы тамақ жейтін шығар. Құдай ай, енді жетіспегені осы еді.  Ит қайда?

 

Зоя қайтадан есікке барады. Төлеген оның артынан көйлек пен іш кийммен жүгіріп барады.

 

Төлеген. Ағашқа байлап қойдым. Бармаяқ қой. Мен оны кейін сарайға өзім қамаймын.

Зоя. Мен түсінбеймін, ит бізге не үшін керек? Төбеттей, қабаған ит!

Төлеген. Тоқта. (Зояның қолынан ұстап.) Қазір бәрін түсіндіремін.

Зоя. Маған ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Итті, әкелген жеріне апар.

Төлеген. Апара алмаймын.

Зоя. Неге? Әйелімнің аллергиясы бар деп айт. Ақырында, оны жай ғана атып тастауға болады.

Төлеген. Атып тастауға болмайды. Мен ол үшін бар ақшамды бердім. 

Зоя. Қандай ақша?

Төлеген. Анамның.

Зоя. Ананың жерлеуіне жинаған ақша!

Төлеген. Сен ақшаны маған өзің бердің.

Зоя. Мен сенің адамжегіш ит сатып алатыныңды білмедім. Сенде бизнес идея бар дедің!

Төлеген. Иә! Тек бір қаншық ит керек.

Зоя. О, құдай.

Төлеген. Егер мен оған қаншық сатып алсам, олар... (Ысқырады.)

Зоя. Мен иттердің не істейтінін білемін.

Төлеген. Сосын біздің күшіктеріміз болады. Асыл тұқымды. Қымбат. Жылына екі рет, әрқайсысында он талдан күшіктейді. Бұл он мың доллар!

Зоя. Сенің айтқаныңа сенбеймін. Үш жүз мыңға Ротвейлер!

Төлеген. Барлығы жақсы болады. Маған сенші. Мен қаншық табамын, ал олар өздері шешеді.

Зоя. Енді тағы бір итке ақша сұрайсың ба? Қаншытар қазір қаншадан?

Төлеген. Еркектерден арзан. Мен ертең барып көруді жоспарлап отырдым. Менімен барасың ба?

Зоя. Құдайым ау қашан тынышталар екенсің?

Төлеген. Барлығы жоспар бойынша жүрсе, мен анамның ақшасын төрт айдан кейін қайтарамын.

Зоя. Келесі жолы не әкелетінің қызық. Страус па? Қаракүзен бе?      

 

Зоя уақыт жайын ойлап, сағатқа қарайды.

 

Зоя. Ой, уақыт өтіп кетті. Тойға кешігеміз. Тыңда, енді қазір тойда, ішпе, жарай ма?

Төлеген. Неге? Бұл той ғой. Егер мен ішпесем, Қайрат ренжиді!

Зоя. Ренжімейді. Ол өзі, менен саған ішкізбеуді сұрады. Мен бақылап отырамын. Төлеген, тәуір адамдар сияқты бір рет дұрыс барып келейікші!

Төлеген. Егер ішуге болмайтын болса, неге тойға шақырады? 

Зоя. Арақсыз көңіл көтер.

Төлеген. Арақсыз менің көңіл күйім болмайды. (Төлеген шалбар киіп.) Жарайды. Ішпеймін. Сен ренжімейсің бе? (Төлеген Зояға жақындап, бетінен сүйеді.) Бір қаншық болса іс бітеді.

Зоя. Анам шықпай тұрып, тездет.

 

Зоя айнаға қарап, макияжын түзейді. Төлеген галстугын байлап жатыр. Бөлмеден әжей шығып жатыр.

 

Әжей. Маған түсіме тіс кірді.  Қансыраған. (Диванға жақындап, жатады.) Зоя, мен өлдім.

Зоя. Сен өлмедің, мама. Бұл жәй түс.

 

Зоя Төлегенді мазақтап, саусағымен самай тұсын шұқиды.

 

Әжей. Менің өлгенімді елестетші.

Төлеген. Одан, да мен елестетейін. Мен бұған дейін көп рет елестеткем.

Әжей. Мен сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ, жәлеп. (Зояға) Барлығын қайталау керек.

Зоя. Ана, сен дәл қазір репетиция өткізгің келе ме?

Әжей. Зоя, не істеу керектігін ұмытқан жоқсың ба?

Зоя (шыдамы таусылып). Ана, біз тойға кешігіп жатырмыз, айтып едім ғой? Бізді бүгін тойға шақырған. Кайрат үйленеді.

 

Төлеген телевизорға бұрылып, футбол қарайды. Галстугын шешеді. 

 

Төлеген (ақырын). Болды. Енді шешіне беруге болады.

Әжей. Мен өлгенде, сен менің көздерімді жауып, жағымды байлауың керек. Қайтала.

Зоя. Мам, өтінемін. Мен бәрін білем. 

Әжей. Қайтала.

Төлеген. Өлмей тұрып аузыңыз беп жағыңызды жапсаңыз болмай ма? 

Әжей. Сен өлгенде түріңді көреміз.

Төлеген. Оның реті келе қоймас. 

Әжей. Зоя, қайтала.

Зоя (бір сарынды дауыспен). Сен өлгенде, мен сенің көздеріңді жауып, жағыңды байлауым керек. Сосын, біз сені шешіндіріп, жуындырамыз. 

Әжей. Сен мұрынды ұмыттың.

Зоя. Мұрынды мақта тығындау керек.

Әжей. Сандықта қажетті нәрселердің бәрі бар. Мен бәрін дайындап қойдым. Ақ мата, марля, орамал, адраспан, қалампыр. Қызыл көзді сақина…

Зоя. Мен оны Алияға, сенің жиеніңе беремін.

Әжей. Және тағы. Жамалға мені жуындырма. Жалпы, ол мені жалаңаш көрмесін. 

Зоя. Жақсы. Жамал-апа сені жуғанда болмайды. Болды ма?

Әжей. Маған айна берші.

 

Зоя әжеге айна береді. Әже жатқай күйде айнаға қарайды. Өзінің қабағын, бетін, еріндерін сипайды.  Сосын отырады.

 

Әжей. Бүгін біз шай іштік пе?

Зоя (көзін айналдырып). О, құдайым. Дидар! Дидар! Шәй қойшы! Әжең шәй ішем дейді!

Төлеген. Ол кетіп қалды.

Зоя. Құрып кеткір, неге ол кетіп қала береді!  Үйде жүргенімен, еш пайдасы жоқ,

 

Пешке барып, шәйнекті отқа қояды.  Әжей үстелге отырып, күтеді. Зоя пиала, қасық, қантты және т.б.  заттарды дауысын қатты шығарып қояды.

 

Әжей. Зоя.

Зоя. Тағы не? Не болып қалды?

Әжей. Маған дәрет сындыру қажет. 

Зоя. Барсаңызшы енді!

Әжей. Үлгермеймін бе деп қорқамын. 

Зоя. О, құдайым ай, құдайым ай. Қазір. Қазір!

 

Зоя әжейдің бөлмесіне жүгіріп барып, қолына құмыра (горшокпен) шығады. Әжей еңкейіп, өзінің әуретін ұстайды. 

 

Әжей. Үлгермедім.

 

Зоя горшокты әжейдің жанына қойып, қолында сүлгі, үстелге жақындап, қолымен көзін жұмып, бірнеше секунд терең тыныс алады. Содан кейін сүлгіні үстелге лақтырып, жәшікке барады. Пакетті алып, Төлегенге барады. 

 

Зоя (тістеніп). Болды. Мен бұдан әрі шыдай алмаймын. Ол мені шаршатып бітті! Менде кәдімгі демидрол бар. Жұмыстан әкелген. Түрлі жағдай болып қалса. (Тісімен пакетті жыртып, ішінен шприц пен ампуланы алады.) Сен анамды ұстап тұр, мен оған укол саламын (дәріні егемін). Тек дозаны сәл асырып жіберу керек.

Төлеген. Тоқта. Денің сау ма? Сен не істеп жатырсың? 

 

Төлеген оның қолынан шприцті жұлып алады.

 

Зоя (ақырын). Саған айту оңай. Сен онымен отырмайсың. Ал мен бұлай одан әрі шыдай алмаймын. Менің шыдамым жетпейді.  Ол сау емес. Ақыл-есі кем кемпір!

Әжей. Зоя! Мен өз бөлмеме барамын! Менің таза іш киімім қайда?

 

Әжей үстелден тұрып, бөлмесіне әрең, қисаңдап кетеді.

 

Төлеген. Сен өз анаңды өлтіруге дәтің бара ма? Бұл адамгершілікке жатпайды.

Зоя. Керісінше адамгершіліктің белгісі.  Шын ғой? Ол ештеңе сезбейді. Жәй ғана ұйықтап кетеді.

Төлеген. Ол сенің анаң. Ол өте кәрі кісі.

Зоя. Мәселе, сол кәрілігінде емес пе. Ешкім тіпті мәйітті тексермейді де. Мен басқа дәрі әкеле аламын. Оны күн сайын салып отыру керек, ақырындап дозаны аздап арттыру керек, содан кейін табиғи өлім орын алады. Егер көмектескің келмесе, онда мен ол ұйықтап кеткенде өзім саламын. Түнде.

Төлеген. Сен олай жасамайсың. Жақында ол өзі өледі. Тек шыдау керек.

 

Төлеген Зоаны құшақтап, басынан сипайды.

 

Төлеген. Тыныштал. Міне, осылай. Барлығы жақсы болады. Қане, тынышталдың ба?

Зоя. Сен сондай жақсысың. Кей кездері.

Төлеген. Қап, енді қалай ұйықтаймын? Сен итке әлі ренжулісің бе?

Зоя. Жоқ. Ренжімеймін... Әрине, мен олай жасамаймын, бірақ анам мені шаршатып жіберді.  Дидар да... сөз қайтарады, ашуланады. (Пеште шәйнек ысқырады) Шәйнек қайнап жатыр!

 

Зоя плитаға жүгіріп барады. Жылдам шай дайындайды, бәрін үстелге қояды.

 

Зоя. Кеттік. Кешіктік. 

Төлеген. Ал анаң ше?

Зоя. Дымқылдап жүре тұрсын. 

Төлеген. Оған шәйді кім құяды? Күйіп қалса тағы.

Зоя. Күймейді. Ол сүтке барып жүр ғой.  Мен кейде ойлаймын, мүмкін, ол бәрін әдейі істей ме деп? Оның ақыл есі түгел деп? Ол бәрін түсінеді ғой. 

Әжей (бөлмеден). Зоя, сен шай дайындадың ба?

 

Зоя Төлегеннің қолынан ұстап, олар үйден тез шығып кетеді. 

Қараңғы.

 

5-сахна

 

Сол күнгі кеш. Қонақ бөлме.  Дидар көшеден үйге кіріп, шуламауға тырысады. Стол басында әжей отыр, алдында сүт құйылған бөтелке тұр.

 

Әжей. Тонап кетті. Мені тонап кетті.

Дидар. Тағы да бірдеңе жоғалттың ба?

Әжей. Көйлегімді жоғалттым. (Көзін жыпылықтатып. Айналасын шолып.) Дидар, сен бе? Сен қайда болдың?

Дидар. Иә, мен.

Әжей. Шай ішкім келіп тұр. 

Дидар. Қазір, қоямын. Әже, сүтті неге шығардың? Ашып кетеді. 

 

Сүтті тоңазытқышқа қояды да, шәйнекті газға қояды. Дидар сөмкесінен дәрілерді шығарып, стаканға су құйып, дәріні ішеді.

 

Әжей. Сен қайда болдың?

Дидар. Дәріханаға бардым.

Әжей. Неге?

Дидар. Бару керек болды.

 

Үстелге шәйдің заттарын қояды. 

 

Әжей. Дидар, сенің жігітің бар ма?

Дидар. Болған. Қазір жоқ.

Әжей. Неге?

Дидар. Сол.

Әжей. Ол сені тастап кетті ме?

Дидар. Мен оны тастадым.

Әжей. Басқа біреуге ғашық болып қалдың ба?

Дидар. Иә.

Әжей. Ол жігіт саған үйленемін дей ме?

Дидар. Жоқ.

Әжей. Онда әйелі бар шығар.

Дидар. Мүмкін, бар шығар. 

Әжей. Ондай жігіттің саған не керегі бар? 

Дидар. Мүмкін, мен оны сүйетін шығармын.

Әжей. Егер сүйсең, оның әйелі өлгенше күт.

Дидар. Ол ажырасамын деп уәде берген.

Әжей. Сен мына қартайған,  көрерін көрген, әжеңді тыңда.

Дидар. Ажырасады, өйткені ол мені жақсы көреді. Тек анама айтпа.

Әжей. Егер сүйсе, әйелімен баяғыда-ақ ажырасып кетер еді. Менің шәйім қайда? 

 

Дидар үстелге шәйнек қойып.  Отырып шәй құяды.

 

Дидар. Әкемдер қайда кетті?

Әжей. Тойға.

Дидар. Анама айту керек еді.  Әлде, айтай ақ қойған жөн бе?

Әжей. Бүгін менің түсіме теңіз кірді. Арал теңізі.

Дидар. Мен білемін, әкем баласының ұл болғанын қалаған. Анам болса, оған бала туып бере алмадым деп өзін кінәлі сезінеді. Кейде, егер менің орныма ұл баланы асырап алғанда, бәрі бақыттырақ болар ма деп ойлаймын.

Әжей. Мен теңізді тек бір ақ рет көрдім.  Бала кезімде, әке шешем мені Арал теңізіне апарған.

Дидар. Анам мені ешқашан түсінбейді. Кешірмейді де. Кешірмесе қойсын. Ол менің туған анам емес. Егер мен оның туған қызы болсам, мүмкін бәрі басқаша болар ма еді. 

Әжей (армандап). Тұзды жел, толқындардың шуылы, балықшылар торды судан шығарып жатыр, ал тордың ішінде балық секіреді. Мен сандалиямды шешіп, жүгіре жөнелем! Аяғымның астында шапшыған су, шағалалар, самал желдің сыбыры!  Толқындар менің аяқ киімімді бірден теңізге алып кетті. Үйге жаяу баруға тура келді, ал құм ып-ыстық…

Дидар. Әрине мен асыранды баламын ғой. Анам маған асыранды екенімді үнемі есіме салады. Мен асыранды екенімді өзім ұмытатындай. Мен тастанды баламын. Ол менің орнымда бір рет болып көрсе екен деймін кейде. Сол кезде түсінер еді ешкімге керек болмаудың қандай екенін. Жақында ол бәрін біледі. Жақында бәрі бәрін біледі. 

Әжей. Теңіз құрғап қалғаны өкінішті. Мен ешқашан мұндай еркіндікті сезінген емеспін. (Пауза.) Болды.  Шәй ішіп болдым. Кеттік, көйлек іздейік.

Дидар. Қызыл көйлек пе? Ол сандықта. Сенің барлық көйлектерің сандықта жатыр.

Әжей. Мен қызыл көйлектің сандықта екенін білемін. Мен көк көйлекті таба алмадым. Жүр, сандықтан қарайық.

Дидар. Көйлек іздегім келмейді. Мен шаршадым. Қазір анам келіп, өзі іздейді.

Әжей. Анаң тойға кетті. Кеш келеді. Мен ертеңге дейін күте алмаймын.

Дидар. Неге?

Әжей. Таңға дейін өліп қалсам ше? Сендер мені көк көйлексіз қалай жерлейсіңдер?

Дидар (ақырын). Алжыған кемпір. 

Әжей. Жүр,  жүр енді. Тек, көк көйлегімді тауып алайын.

 

Дидар үстелді жинай бастайды.

 

Дидар. Мен сенің жаныңда кеш бойы отырмаймын. Қазір ыдысты жуып, өз бөлмеме кетемін.

Әжей. Егер көйлек табуға көмектессең, мен саған бір құпия айтамын.

Дидар. Сенің барлық құпияларың сандықта жатыр.

Әжей. Менің басымда көөп құпия бар.

Дидар. Сенде ешқандай құпия жоқ.

 

Әжей сандықтың қасына барып, жерге отырып, күтеді.

 

Әжей. Сенің анаң жайлы құпия.

Дидар. Әже, басың ауырып жатқан жоқ па?

Әжей. Мен саған анаң жайлы айтып беремін.

 

Дидар ойланып қалады да, түрі өзгеріп кетеді.

 

Дидар. Мені перзентханада тастап кеткен анам жайлы ма? (Дидар өз ісін тоқтатып, әжесіне жақындайды.) Айт.

Әжей. Алдымен көк көйлегімді тап.

 

Дидар әжесінің жанына отырып сандықты ашады да, ішінен заттарды қалай болса солай жылдам шығара бастайды.  Екеуі де үнсіз.

 

Дидар. Міне, сенің көк көйлегің. Көріп тұрсың ба?

 

Әже басын изейді.

 

Дидар. Ал енді айт.

Әжей. Не айтуым керек?

Дидар. Анам жайлы құпияны. 

Әжей. Ешқандай құпияны білмеймін.

Дидар. Егер айтпасаң, мен сенің заттарыңды лақтырып жіберемін. (Бір құшақ заттарды алып, орнынан көтеріледі.)

Әжей. Жарайды! Айтамын. Заттарды қайтадан сандыққа қой.

 

Дидар заттарды бір-бірлеп қайтадан сандыққа салады.

 

Әжей. Зоя сені перзентханадан алып келді.

Дидар. Мен оны білемін. Баяғыдан бері білемін. 

Әжей. Себебі сенің анаң перзентханада қайтыс болған. 

Дидар. Демек,  мен тастанды емеспін. 

Әжей. Жоқ.

Дидар. Неге олай болса... (Дидар заттарды сандыққа салып, ойланып үнсіз отыр.)

Әжей (басын шайқап). Оның ештеңесі жоқ еді. Біз кедей тұрдық. Өте кедей! Оның бір көйлегі, менің бір көйлегім болды. Зоядан болашақта үлкен үміт күттік, ол дәрігердің оқуын оқысам деп армандады.  Содан кейін осы ақымақпен танысып, тұрмысқа шықты да, медбике болды.

Дидар. Енді, сен де тұрмысқа шықтың ғой.

Әжей. Жақсы күйеу, дер кезінде өледі. Мен жақсы адамға тұрмысқа шықтым, ал Зоя — Төлегенге. Айырмашылықты сезесің бе? Ол оның басын айналдырып алды!

Дидар. Кім кімнің басын айналдырғаны білмейсіз.

Әжей. Сен анаң жайлы бұлай айтуың бекер. Айсулу ауырып қалғанда, Зоя оған қайтқанға дейін қарады. (Әжей кенеттен үнсіз қалып.) Зоя ренжиді. Оған айтпа. Менің есімде басқа ештеңе жоқ.

Дидар. Бар құпияң осы ма?

Әжей. Иә. Біз шай іштік пе?

Дидар. Іштік, іштік.

Әжей. Қой, барып жатайын. Ұйқым келгені несі.  Әбден қартайып кеттім...

 

Дидар сандықты жабады. Әжей әлденені міңгірлеп, асығыс өз бөлмесіне кетіп қалады. Дидар тұрып, қалтасынан сурет алып шығып, қарайды. Кенет белін таянып, бір қолымен диванның арқасын ұстай қалады. Ыңырсып, диванға отырады. 

Қараңғы. 

  

6-сахна

 

Кеш. Қонақ бөлме. Зоя қонақ бөлмеге кіріп, диванда отырған Дидарды көреді.

 

Зоя. Сен мұнда не істеп отырсың. (Баланы көреді.) Бұл не?

Дидар (жансыз дауыспен). Өлі бала.

Зоя. О, Құдайым, бұл бала ғой! Өлі.

Дидар. Дәл солай айттым.

Зоя: Сен... Ол... Оның ішегі және... Құдайым-ай... Сен айтпадың ғой. Неге айтпадың? Ол сондай кішкентай өзі. Мүлдем кішкентай. Бұл... ұл бала. Мәссаған, бұл ұл бала ғой. Сен жүкті болды, мен оны байқамадым ба? Мен қалайша оны байқамай қалдым?

Дидар. Сен қайдан оны байқайсың. Тұмсығыңның алдындағыны көрмейсің. 

Зоя. Төлеген біліп қоймаса болды. Не істейміз? Егер ол бала туралы білсе, ашуланады. Оған білмедім деп айтсам да сене қоймас. 

Дидар. Құрып кетсін. Әкеме бәрібір. Барлығына бәрібір.

Зоя. Бұл бала ғой. Ұл бала!

Дидар. Не болыпты, туылды. Өліп қалды. Ондай-ондай болады. 

 

Зоя балаға жақын келіп қарайды. 

 

Зоя. Байқұс ау. Бұл, қалай болды екен. Жарық дүниені көре алмай қайтты. 

Дидар. Сен тым әсірелеп (драматизациялап) жатырсың, қазақтар өлімнен ешқашан драма жасаған емес. Әжем балаларымның бірінен соң бірі қалай қайтыс болғанын айтып беретін. Бірі қызылша боп өлген. Екіншісі суға батып кеткен. 

Зоя. Ол кезде заман басқа еді.  Ал мына балаға обал. 

Дидар. Одан да мені аясаң қайтеді. 

Зоя. Мені ая дейсің бе? Сен бе, сұмырай! Сен тіпті не істегеніңді түсініп тұрған жоқсың!

Дидар (тыжырайып). Құдай үшін, айқайлама.

Зоя. Маған осындай сыйлық жасап жатсаң, қалай айқайламаймын! Маған деген бар алғысың осы міне. 

Дидар. Әне, басталды қайтадан. 

Зоя. Осылай боларын білгенмін! Бекер келмеді ау деп, сезіп едім. Енді жұрт одан бетер өсектейтін болды. Жұрттың көзіне енді қайтып қараймын? Ұят ай! Ұят ай! 

Дидар. Ешқандай да ұят емес. Егер сен өзің айтпасаң, ешкім ештеңе білмейді. Одан құтылсаң болды. 

 

Зоя ауызын ашып жауып, не айтарын білмей тұрып қалады. 

 

Дидар. Неге сонша қарап тұрсың? Саған көмектесер едім, бірақ денемнің бәрі ауырып тұр. 

Зоя (жұмсарып). Қатты ауырып тұрсың ба? Қаласаң, қарап шығайын? 

Дидар. Жоқ. Жақсымын. 

Зоя. Барып, тым болмаса жабатын орамал алып келейін. 

Дидар. Ол суықты сезбейді.

Зоя. Жауып қою керек.

 

Зоя асханаға барып, сүлгі әкеледі. Содан кейін баланы сүлгіге орайды.

 

Зоя. Ол тірі болды ма, әлде өлі туды ма ме?

Дидар. Білмеймін. Байқамадым. Мүмкін, тірі болып, кейін өлген шығар. 

Зоя. Тіпті кіндігін кесіп үлгермедік. 

 

Дидар көтеріліп, диванда жартылай отырады. Зоя диванның шетіне отырып, еңкейіп, балаға қарайды. 

 

Дидар. Неге мені Дидар деп атадыңдар?

Зоя. Саған ұнамай ма?

Дидар. Жоқ. Ер адамның аты.  

Зоя. Мен бірінші баламнан айырылып қалдым.  Елеңсіз жағдай болды. Мен ұйықтап кеттім. Үш түн бойы ұйықтамадым. Бір минутқа ұйықтап кеттім, ал оның денесі суық. 

Дидар. Мен сен ешқашан босанбаған деп ойладым. 

Зоя. Босанғанмын.

Дидар. Мен білмедім. Ұл бала болды ма? 

Зоя. Иә. Ол өліп қалды.

Дидар. Атын кім қойдыңдар? 

Зоя. Дидар.

Дидар. Бәсе. Жаңа есім ойлап тауып не керек. Сен маған өлген балаңның атын бердің!

Зоя. Бұл өте жақсы есім. Төлегенге де ұнады. 

Дидар. Сен оны ұлыңа таңдағансың!

Зоя. Егер қаласаң, Гүл немесе Жан деп қосып айт.

Дидар. Ол қалай болады? Дидаргуль деп пе? Немесе Дидаржан? идар нәрестеге қарап, теріс бұрылады.) Алып кетші.  Шал секілді әжімдері бар.

Зоя. Уақытынан бұрын туған. Алты ай, одан көп емес.

Дидар. Өзге ғаламшарлыққа ұқсайды.

Зоя. Қайдағы ғаламшарлық?

Дидар. Фильмдегі. Бір жігіттің миында өмір сүретін.  (Бір-біріне қарайды. Зоя әлденені еске түсіруге тырысады.) Оның басы өте үлкен еді, ал қолдары мен аяқтары кішкентай.

Зоя. Мен ол фильмді көрген жоқпын.

Дидар. Әрине. Ол комедия ғой. 

Зоя. Астананың мұндай балаларды адам қылады... 

Дидар. Ол бәрібір тірі қалмас еді. Кемтар.

Зоя. Ол кемтар емес. Жәй ғана шала туған бала. (Пауза.) Төлеген кешігіп келсе екен.

Дидар. Ол келмеді ме?

Зоя. Тойда қалды. Қайта итті сарайға қамап кеткені жақсы болған. Енді, қашан келетінін білмеймін. Ішіп келетін шығар. (Пауза. Екеуі де үнсіз.) Неге маған айтпадың?

Дидар. Мен саған бәрін айтуға міндетті емеспін.

Зоя. Сенің жігітің біле ме?

Дидар. Иә.

Зоя. Демек, оның үйленетін ойы жоқ.

Дидар. Мұның енді қандай мәні бар.

Зоя. Бұл саған болашақта сабақ болады. 

Дидар. Мен ақымақпын. Ол мені әдемі деген соң, сеніп қалдым. Маған ондай сөздерді ешкім айтқан емес. Әжем айтатын, бірақ ол кезде мен тым кішкентай болдым. Кішкентай кезде сүйкімді болған шығармын. Содан кейін семіріп кеттім. Сүйкімсіз. Ал ол мені ең сұлу деп еркелететін. Сосын ол мені өте ақылды дейтін... Мен енді ешқашан тұрмысқа шықпаймын.

Зоя. Неге? Шығасың. Біздің учаскелік полицей секілді немесе Бахыт-ага секілді біреуге.

Дидар. Сен мені осылай жұбатып жатсың ба? Бақыт-аға — ұятсыз кәрі шал.

Зоя. Бақыт-аға нағыз суретші. Ол институтта оқыған.

Дидар. Қабір тастарын жасау үшін оқыған ба? 

Зоя. Сенің жігітің бәрібір сені тастап кетті. Қаласаң, саған ауыртпайтын дәрі салып берейін. 

Дидар. Тек ине емес. 

Зоя. Өзіңді қинама. Ауырсынып тұрғаныңды көріп тұрмын.

Дидар. Рахмет, анашым, мен әлі біраз өмір сүремін. 

Зоя. Не айтып отырсың? Қызуың көтеріліп тұрған шығар. (Дидардың маңдайына қолын қояды.) Иә, маңдайы ыстық. Мүмкін, ұйықтататын дәрі егу керек пе?

Дидар (тұруға тырысады). Инемен жақындап көр осыдан, үйді төбеге көтеріп шыңғырамын.

Зоя. Саған не болды?

Дидар. Әжем маған бәрін айтып берді. (Дидар қалтасынан суретті шығарады.) Міне. Сен күйеуіңнің бірінші әйелін дәрі салып өлтіргенсің. 

Зоя. Әжең ондайды айтуы мүмкін емес.

Дидар. Әжем одан да сорақы нәрселерді айтты.

Зоя. Бір күні мен бұл қарғыс атқан кемпірді шындап өлтіремін!

 

Зоя үндемейді. Дидардың қолын алғысы келеді, бірақ ол қолын тартып алады.

 

Зоя. Дидар, тыңда…

Дидар. Менің жүрегім айнып тұр. Қазір құсатын секілдімін.

 

Зоя асүйге жүгіріп барып, ыдыс алып, қайта оралады. Дидарға ыдысты ұсынады. Ол құсады.

 

Зоя. Уақыт өткен соң, сен маған рахмет айтасың.

Дидар. Рахмет. Ал енді кет. 

 

Дидар көздерін жұмады. Зоя баланы алады.

 

Зоя. Жақсы, кетемін. Тек алдымен баланы Төлеген келгенше бір жерге апару керек. Оның аузында сөз тұрмайды.

Дидар. Қайда апарасың?

Зоя. Әлі білмеймін.

Дидар. Маған қайда болса да бәрібір, тек дәретханаға тастама.

Зоя. Мен оны бақшаға көмемін. (Кідіріп.) Неге жыламай тұрсың? Жыласаң, жеңілдейсің. Біздің перзентханада баласы туғанда шетінеп кеткен бір әйел болған. Ол үш күн бойы жыламады, бірақ перзентханадан шығарда оның истерикасы (қояншығы ұстапқалды) басталды. Баласыз үйге қайтудан қорықты. 

Дидар. Мұны маған не айтып тұрсың?

Зоя. Жәй, есіме түсіп кетті. 

Дидар. Менің есім ауысып кетеді деп қорқасың ба? Мен жылайын деп тұрған жоқпын. 

Зоя. Сен мықтысың. Бұрыннан мықтысың. Әрине, жеңесің. 

Дидар. Нені жеңемін? Сонша трагедия жасап. Мен қазір тек жеңілдік сезіп тұрмын. 

Зоя. Сен қазір сөйтіп ойлап тұрсың. Сосын сенің гормондарың көтеріліп, нашарлап кетесің. Мұндайды жүз рет көргем.

Дидар. Миымды ашытып жібердің. Кетші, өтінемін. Жәй ғана ананы ал да бір жерге алып кет. 

 

Зоя есікке дейін барып, сосын қайта оралады.

 

Зоя. Дидар?

Дидар (көзін ашып). Не?

Зоя. Кейде осындай кішкентайлар аман қалады.

Дидар. Ал бұл аман қалмады.

 

Зоя Дидарға үнсіз қарайды.

 

Дидар. Не?

Зоя. Ештеңе.

 

Зоя шығып кетеді. Дидар табақты алады, қайта құсады. 

Қараңғы.

 

 

7-сахна

 

Аула. Ерте таң. Зоя үйден баланы сүлгіге орап шығып кетеді. Абайлап баланы жақын жердегі бұтаның астына қояды. Күректі алады. Жерді қаза бастайды. Қасына Төлеген келеді.  Қисалаңдап әрең тұр.  Зоя оны байқамайды.

 

Төлеген. Сен онда не іздеп жатсың?

 

Зоя тоқтап, оралған балаға қарайды. 

 

Төлеген.  Әлде бір нәрсені жасырайын деп жүрсің бе?

Зоя. Мен ештеңе жасырып жүрген жоқпын. (Пауза.) Мен ағаштың орынын ауыстырайын дегенмін.

Төлеген. Бұл ағашқа он жыл болды. Жоқ, маған, әрине, бәрібір. Сен бүкіл аулаңды қайта... қайта қазсаң да болады.

Зоя. Қанша іштің?

Төлеген. Білмеймін. Күйеу жігіт жылай бастаған соң, біз оны жұб... жұбаттық. Сосын іштік.

 

Зоя қазуды жалғастырады.

 

Зоя. Қайрат үшінші рет үйленіп жатыр. Үйленген сайын жылайды.

Төлеген. Бақыттан жылайтын шығар.

Зоя. Бұл әлемге не болған. Еркектер жылайды, ал мен күрек ұстап тұрмын.

Төлеген. Қаласаң, көмектесейін. (Зоядан күректі алып, қаза бастайды.) Не іздеп жатырмыз?

Зоя. Ештеңе. Қаз.

Төлеген. Егер сен ақыры анаңды өлтіріп тынсаң, онда саған үлкенірек шұңқыр қазу керек.

Зоя. Анам ұйықтап жатыр. Оның жағдайы жақсы.

Төлеген. Өкінішті. Бұл күрек өте жақсы күрек. Қап-қара. Көр қазғанға. Мұнымен мың қоянды көмуге болады. Сосын жүз кемпірді. Бұл енді менің күрегім. (Күректі сипайды.)

Зоя. Тездетші. Таң ататын болды.

Төлеген. Мен неге қазып жатқанымызды түсінбедім, ақыры. Біреуді жерлеп жатырмыз ба әлде іздеп жатырмыз ба? (Қазуды жалғастырады.) Зоя, ойлашы, қазір, дәл осы жерден, мұнай фонтан болып атқыласа. Біз байып кетеміз. Жұмыс істемейміз. Анамызға бес жүз мың береміз. Саған тон сатып аламыз. Мен болды, жұмыс істемеймін. (Төлеген кенет тоқтайды, бұтаның астындағы түйіншекті байқап, бұтаға қарайды.) Бұл не?

Зоя. Қайда?

Төлеген. Бұтаның астында.

 

Төлеген күректі лақтырып, бұтаға жүгіріп барады. Зоя да бұтаға жүгіріп барады, бірақ Төлеген бірінші болып түйіншекті ұстап алады. Ашады.

 

Төлеген. Құдайым ай... Өлі нәресте! Шын ба?

Зоя. Резеңке.

Төлеген (баланы саусағымен түртіп). Шын. Тіпті кіндігі бар. Неге ол соншалықты кішкентай? 

Зоя. Шала туған.

Төлеген. А-а. Саған жалақыңды нәрестелермен берді ме?

 

Зоя жақындап, Төлегеннің қолынан нәресте бар түйіншекті алғысы келеді. 

 

Зоя. Баланы бер, Төлеген.

 

Пауза. Төлеген бермейді.

 

Төлеген (күдікпен). Бұл кімнің баласы? (Төлеген кенет бәрін түсінеді де түрі өзгеріп кетеді.) Менің саған саусағымның ұшы да тиген жоқ. Біз бірге болмағанымызға жүз жыл болды. 

Зоя. Сенің есің әбден ауысқан ба? Баланы бер!

Төлеген. Ол қайдан келгенін айтпайынша бермеймін.

 

Зоя Төлегеннің қолынан түйіншекті жұлып алуға тырысады. Ол орамды бір жаққа лақтырып, Зояны кеңірдегінен шап береді. Екеуі  біраз уақыт күреседі. Арт жақтан ит жүгіріп келіп, баласы бар түйіншекті тістеп алып кетеді, бірақ олар оны байқамайды. Зоя ақыры өзін босатып, Төлегенді итеріп жібереді. Ол жерге құлайды.

 

Зоя. Ол Дидардікі.

 

Төлеген шынтақтарына сүйеніп басын көтереді. 

 

Төлеген (абдырап). Дидар?

Зоя. Иә. Ол Дидардікі. Сен үшін мен жаман ана шығармын, өйткені мен байқамадым. Дені дұрыс ана баласы жүкті болып қалса білуі керек.  Ал мен болсам, байқамай жүре бергенмін. Құдайға шүкір, ешкім байқамады.

 

Пауза.

 

Төлеген. Мен де байқамадым. Бұл қалай болды?

Зоя. Мен қайдан білейін? Ауылдан шыққан барлық ақымақ қыздардың әдеті. Қалаға барып есі ауысып кеткен.

Төлеген. Мен оны айтып тұрған жоқпын. Ол қалай…

Зоя. А-а. Мен жанында болған жоқпын. Үйге кіріп, диванда Дидарды көрдім, қасында бала жатты.

Төлеген. Ол әкесі кім екенін айтты ма?

Зоя. Жоқ.

Төлеген (жеңілдеп). Құдайға шүкір. 

Зоя. Құдайға шүкір дейсің бе?

Төлеген. Яғни, әрине, бала шетінеп кеткені өкінішті. Жағдайы қалай? Жақсы ма?

Зоя. Онша емес. Жылап жатыр.

 

Төлеген тұрады.

 

Зоя. Төлеген, менің айтқым келгені… 

Төлеген. Егер сен ұрысатын болсаң…

Зоя: Жоқ. МЕН…

 

Төлеген кенеттен күле бастайды. Зоя Төлегеннің күліп тұрғанына қарайды. Ол біртіндеп тынышталады. 

 

Зоя. Жарайды. Ертең сөйлесеміз. Есіңді жиып ал бірінші. 

Төлеген. Енді не болмақ? Бірнәрсе істеу керек пе?

Зоя. Қазу керек. Бала бәрібір өлді.

 

Зоя күректі көтеріп, оны Төлегенге береді. Төлеген күректі алып, жерді қаза бастайды. 

 

Төлеген (күрсініп). Бала ұл болған екен. Обал. Обал.

Зоя. Иә. Немерең ғой қарап тұрсаң.

 

Пауза.

 

Төлеген. Осы дұрыс шығар. Сөз болмайды. Дидар оқуын аяқтайды. Тұрмысқа шығады.

Зоя. Мүмкін, дұрыс шығар.

 

Пауза.

 

Төлеген. Зоя, мен балалық шағымда итім болғанын айттым ба?

Зоя. Жоқ, айтпадың.

Төлеген. Иә, менде ит болған. Бесінші сыныпта көшеде бір күшікті тауып алдым. Қап-қара, томпақ. Көшені басына көтеріп қыңсылап. Мен оны үйге алып келіп, бағып, қақтым. Жақсы ит еді, ақылды. Содан кейін ауырып қалды... Оны ауылға апаруға тура келді.

Зоя. Сосын не болды? Өліп қалды ма?

Төлеген. Өліп қалса мейлі ғой. Қаншық болып шықты! Содан бері мен ит асыраудан қорқамын. Маған бәрі қаншық ит болып көрінеді.

 

Артқы жақтан ит әлденені жеп жатқан дыбыстар естіледі. 

 

Зоя. Төлеген, бала қайда?

Төлеген. Бала? Осында болған.

Зоя. Сен оны қайда лақтырдың?

Төлеген. Есімде жоқ. Осында бір жерде болуы керек. (Еңкейіп жерге қарайды.) Жоқ. Ол не, тіріліп кетті ме?

Зоя. Есалаң.

 

Екеуі тоқтап, айналаны қарайды. Бұрылып, ит баланы жеп жатқанын көреді. 

 

Зоя (басын ұстап). А-а-а! Иттің баласы! 

Төлеген (абдырап). Шерхан бала жеп жатыр.

Зоя. Төлеген, бірдеңе істе.

Төлеген. Мен не істеймін?

Зоя. Бірдеңе істесеңші, Төлеген! Итті қуып жібер!

Төлеген. Мейлі енді, жеп бітсін.

Зоя. Жеп бітсін? Бұл сенің немерең, өлі болса да! Сені де еркек дейді! 

 

Зоя Төлегеннің қолынан күректі жұлып алып, итке жүгіріп барып, күрекпен шабады. Иттің қысқа қыңсылы, сосын тыныштық орнайды. 

Пауза.

 

Төлеген (таң қалып). Сен менің итімді өлтірдің.

Зоя. Сенің итің біздің немеремізді жеп қойды.

Төлеген. Ол, әдейі жеген жоқ. Ол аштықтан. Сен оған тамақ бермедің!

Зоя. Мен тамақ бермедім бе? Бұл сенің итің. Сен оны тамақтандыруың керек еді!

 

Зоя иттің құйрығынан ұстап, жермен сүйреп әкеліп, шұңқырға лақтырады.

 

Төлеген (абдырап). Сен жеті жүз доллар тұратын итті өлтірдің.

Зоя. Шұңқырды ақыры қаздық. Оның ішінде бала бар. Итті немеремізбен бірге жерлейміз. 

 

Зоя Төлегенге күректі береді. Төлеген шұңқырды топырақпен толтыра бастайды. БІразға дейін үнсіз топырақ тастай береді.

 

Төлеген. Бұл үйде ер адамдар тұрмайды. Тек қатындар ғана.

Зоя. Иә, бұл үйде еркек жоқ. 

Төлеген. Бірақ менің Шерханым нағыз еркек болды.

 

Төлеген жылап жібереді. 

 

Зоя. Төлеген, жылама. Жылама енді, Төлеген.

 

Төлеген Зояға жақындап, оны құшақтайды. Зоя оның арқасынан сипайды.

 

Зоя.  Өз-өзіңді қолыңа ал. Мен де жылағым келеді, бірақ мен шыдап тұрмын. Ештеңе етпейді, қояндардың өлімін көрдік, иттікін де көреміз. 

 

Төлеген біртіндеп басылады. 

 

Төлеген. Ұста. (Төлеген Зояға күректі береді, көз жасын сүртіп, алақандарын жаяды намаз оқығандай). Дұға оқу керек.

Зоя (таңданып). Жарайды.

 

Төлеген біраз уақыт қозғалмай тұрады. Жан-жағына қарап, міңгірлеп дұға оқи бастайды. Ақырындап сөздерді айқын естіле бастайды.

 

Төлеген (асықпай). О, Жаратушы ием! Бізге осы бір ауыр қазаны өткеруге күш бере гөр. Рухымызды нығайтып, осы кішкентай, күнәсіз жаратылысты өзіңе, патшалығыңа қабыл ал. Оның өмір жолы қысқа болды. Ол ұрпақ қалдырып үлгермеді және күнә де жасаған жоқ, бірақ ол сені паналап, жаннатқа үмітпен барады.

 

Зоя жылай бастайды.

 

Зоя (көз жасын сүртіп, тыныш). Қандай жақсы сөздер айттың. Рухы үшін.

Төлеген (жалғастырады). Ерте ме кеш бәріміз о дүниеге аттанамыз. Бақұл бол, нәресте. Иттердің құдай сені тастамай, иттер жәннатында сені күтеді деп үміттенемін. Сені қанттан жасалған сүйек пен жетпіс екі қаншық иттер қарсы алсын…

Зоя. Сен не айтып тұрсың? 

Төлеген. Дұға оқып отырмын.

Зоя. Итке ме?

Төлеген. Енді кімге?

Зоя. Әй, сен!.. Өй, жоғалшы!

 

Зоя күректі жерге лақтырып, үйге кетеді. 

 

Төлеген (салмақты дауыспен). Ал сен… аман қалмағаның өкінішті. Осылай болғаны, дұрыс та шығар. Бұл әлем әйелдерге арналған. Мұнда ер адамдарға орын жоқ.

 

Төлеген күректі көтеріп, оны баспалдаққа сүйейді. Кіреберіс есікті ашады, кідіріп, сосын жабады, бұрылады да, ауладан кетеді. 

Үйден қарт әжей сөмкемен шығады. Сөмкеде бос бөтелкелердің сылдырлағаны естіледі.

Қараңғы.

 

8-сахна

 

Қонақ бөлме.  Таң, Төлеген мен Зоя диванда отыр.

 

Төлеген. Дидар менімен сөйлеспейді. Мені тіпті байқағысы келмейді.

Зоя. Ол менімен де сөйлеспейді. Кеше әжемен ұйықтар алдында сөйлескенін естіп қалдым. Не айтқанын ұқпадым. 

Төлеген. Поезд қаншада?

Зоя. Бір сағаттан кейін. Мүмкін, онымен тағы да  сөйлесіп көрерсің?

Төлеген. Не деп айтамын оған? Сен — анасың ғой енді, бір амалын тауып сөйлес. Қыз бала ғой, тілін тауып.

Зоя. Мен оның қашан өтірік айтып, қашан шын айтып жатқанын ажырата алмаймын. Есіңде ме, ол сені жамандағанын? Сол кезде мен оған сеніп қала жаздадым! Сосын ол бұл әзіл болып,  ештеңе болмағанын айтты.

Төлеген. Иә, мен де енді кімнің кімге жала жапқанын түсінбеймін. Ол маған жала жапты ма, әлде сен оған жала жаптың ба?

Зоя. Ол не айтса да — мен оған сенбеймін! Ол өтірік айтпаса тұра алмайды. Бәлкім, қанында бар шығар. Ол жайлы неге бұрын ойланбадым? Мен сауапты іс жасағандай едім. Жетім баланы асырап алдым. Бірақ менің кінәм жоқ. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Барлығы осылай аяқталатынын білсем, ит асырайтын едім.

Төлеген. Мен саған ит бердім, ал сен болсаң баланы алып келдің! (Төлеген тұрып, кіреберіс есікке қарай барады.) Онымен өзің қоштас. Мен не айту керектігін білмеймін.

Зоя. Төлеген, қайда бара жатсың? Төлеген!

 

Төлеген асығыс кетіп барады. Бөлмеден чемоданын сүйретіп Дидар шығып келеді. 

 

Зоя. Қайда асығып барасың? Бір жерге кешігіп бара жатырсың ба?

Дидар. Такси шақырттым. Ренжіп тұрсың ба?

Зоя. Саған айтатын затым бар, бірақ сен сөз тыңдайсың ба. Не айтсам да  құлақ аспайсың!

 

Дидар тоқтайды.

 

Дидар. Айт. Мен сені мұқият тыңдап тұрмын.

Зоя. Сен не істегеніңді түсінесің бе өзің?

Дидар. Сен не жайлы айтып отырсың?

Зоя. Мен бала жайлы айтып отырмын.

Дидар. Мен оны өлтірген жоқпын.

Зоя. Мен саған сенбеймін.

 

Дидар Зояға жақындап, оның қолынан ұстайды.

 

Дидар. Анашым, сен не айтып тұрғаныңды білесің бе. Менің қолымнан ондай келеді дейсің бе?

Зоя. Ол барлығының қолынан келеді.

Дидар (ақырын, күліп). Әрине сен бәрін білесің ғой. (Зоя бір нәрсе айтқысы келеді, бірақ Дидар оны ыммен тоқтатады.) Анашым, мені тыңдашы. Мені бағу азап болғанын білемін, сен менімен көп қиындық көрдің. Менің мінезім жаман және мен жиі… өтірік айтатынмын. Мені өсіріп бағуға қанша ақша мен күш жұмсағаныңды түсінемін. Балалар үйіне бармай, сен мені асырап алып менің жолым болған.

Зоя. Саған не болды?

Дидар. Енді! Мен ұзақ ойландым, бәрін түсініп көзім енді ашылды!

Зоя. Мен саған сенбеймін.

Дидар. Маған сенші, анашым. (Дидар Зояны ыңғайсыз біртүрлі құшақтайды. Зоя оны кері құшақтауға асықпайды.) Барлығы жақсы болады. Мен енді өзімді басқаша ұстамайтын боламын. Университетті бітіріп, жұмысқа орналасамын, саған ақша жіберіп, қол ұшын беріп отырамын. Сосын, сен қартайғанда, осында қайта келіп, саған қамқор боламын.

Зоя (сенбей). Дидар, сен шын айтып тұрсың ба?

Дидар. Әрине! Барлығы жақсы болады, анашым. Мен саған әлі немерелер туып беремін. Сен әже боласың, менің балаларымды ұрсып оларға сыйлықтар бересің. 

Зоя. Мен саған бірден сеніп кете алмаймын.

Дидар. Ал сен, сеніп көр! Ал да, сен.

Зоя. Саған оқу керек. Мен саған сенемін.

Дидар. Әрине, анашым. Мен айттым ғой. 

Зоя. Сен қайта келесің бе, шын ба?

Дидар. Қайта келем.

Зоя. Уәде бересің бе?

Дидар. Уәде беремін.

Зоя. Мені жалғыз қалдырма. Мен жалғыздықтан қатты қорқамын!

Дидар. Қорықпа, анашым. Барлығы жақсы болады. Әкем қайда?

Зоя. Дүкенге кетті.

Дидар. Ой, мүлдем ұмытып кетіппін. Ол саған сыйлық сатып алып еді ғой.

 

Төлегеннің сыйлығын - әшекейі бар қорапты қалтасынан шығарады.

 

Зоя. Бұл ненің құрметіне?

Дидар. Сені қуантқысы келді.

Зоя. Ол маған өмірімде тіпті орамал да сыйлап көрген жоқ.

Дидар. Ала ғой. Ол қатты қалады! Ол сені жақсы көреді.

 

Зоя сыйлықты алады. Сырттан көліктің даусы естіледі.

 

Зоя. Такси келді.

Дидар. Жақсы, барайын.

 

Зоя мен Дидар есікке қарай барады. Жолда Дидар чемоданын алады.

 

Дидар.  Жақында сессия. Мен жатақханамдағы бөлмемнің он үшінші қабатта екенін айттым ба? Терезеден қала керемет көрінеді. 

 

Екеуі де үйден шығады. Қонақ бөлмеге әжей шығады. Пешке жақындап, шәйнекті отқа қояды. Тоңазытқыштан сүт алады. Барлығын ұқыпсыз жасайды, үстелден әлдене тамшылап тұрғаны көрінеді. 

Зоя үйге оралады.

 

Зоя. Мама! Сүт төгіліп жатыр, көрмеймісің?

Әжей. Шай ішетін уақыт келді.

Зоя. Мені күту керек еді.

 

Зоя әжейдің айналасында жыбырлап, шәй әзірлей бастайды.

 

Әжей. Қанша уақыт болды күтіп отырғаныма?

Зоя. Мен Дидарды шығарып салдым.

Әжей. Кетті ме?

Зоя. Кетті.

Әжей. Қызың үйден қашып кетті. Соған қуанып тұрсың ба?

Зоя. Мені ешкім тастап кеткен жоқ, ана. 

Әжей. Жақында сенің ақымақ жігітің де қашып кетеді.

Зоя. Төлеген мені жақсы көреді. Әйтпесе, менімен жиырма жыл бойы тұрмас еді. Сосын оны ақымақ деп атама.

Әжей. Ха! Сүйеді дейді ғой. Ол саған тек шөп шегетіндіктен ғана шыдап жүр. 

Зоя. Мама, болд енді жетеді, әйтпесе қазір мына шәйнекті басыңа кигіземін.

Әжей. Ашулысың, қызым.

Зоя. Білесің бе, неге? Өйткені менің анам – ұнамсыз, залым кемпір . Мен саған ұқсап бара жатырмын.

Әжей. Мен сені тым құрығанда сүйемін.

Зоя. Сен мені үнемі қинайсың!

Әжей. Мен тек шындықты айтамын. Сен Дидарды сүймейсің – бұл шындық, және менің күйеу балам ақымақ екені де өтірік емес. Дегенмен, толық шындықты сен бәрібір білгің келмейді.

Зоя. Сен мені әбден шаршатып болдың! Кәне, айтшы бар шындығыңды.

Әжей. Шындықты айтатында мен кіммін? Сенің жәлебің өзі айтып берсін.

 

Көшеден үйге Төлеген кіріп келеді.

 

Төлеген. Мен көліктің кетіп бара жатқанын көрдім. Көшеде күттім.

 

Төлеген үстелге жақындайды.

 

Зоя. Анам мүлдем ақылынан адасты. Ойлашы, ол айтады, ол Дидар екеуің... 

Төлеген. Зоя, сен кімге сенесің, маған ба әлде жарымес кемпірге ме?

Зоя. Міне, көрдің бе, ана! Ештеңе болған жоқ. Еш-те-ңе.

Әжей. Шындығын айтпайтын бірақ өтірік айтуды да үйренбеген адамдарға өмір сүру қиын. (Зояға) Сенде арифметикаң баяғыдан нашар еді.

 

Әжей тұрып, өз бөлмесіне кетеді.

 

Зоя. Неге ол сондай қорқынышты нәрселер айтады?

Төлеген. Себебі мен оған ұнамаймын. Ешқашан ұнаған да емеспін. Мойныңдағы не?

Зоя. Дидар сыйлады. Өзі тағайын десе кәрі болып көрінемін дейді. Маған жараса ма?

Төлеген. Онша емес.

Зоя. Ал меніңше, жарасады.

Төлеген. Мен кеттім.    

 

Төлеген бұрылып кетіп барады. Зоя оның артынан жүреді. 

 

Зоя. Ішуге бара жатсың ба?

Төлеген. Иә.

 

Зоя кіреберіс есікке жүгіріп барып, есікті қалқалап алады.

 

Зоя. Сен менікісің. Сені ешкімге бермеймін!

Төлеген. Мені жіберш!

 

Зоя Төлегенге жақындап, оны қатты құшақтап алады.

 

Зоя. Беремін, бермеймін, бермеймін!

 

Төлеген оның қолдарынан босана бастайды.

 

Төлеген. Саған не болды?

Зоя. Кетпе. Өтінемін, Төлеген. Мені тастама.

Төлеген. Келем деймін мен, келем! Үнемі оралып жүрмын. Маған басқа баратын да жер жоқ.

Зоя. Мен сонда не істеймін мұнда?

Төлеген. Шәй іш.

 

Төлеген кетіп барады. Зоя әшекейін шешіп, оны еденге лақтырып жібереді. 

Қараңғы.

 

9-сахна

 

Түн. Кіреберістегі алаң. Алаңда шам жанып тұр. Есікке қара күрек сүйеніп тұр. Төлеген есікті қағады. Өзі мас, теңселіп тұр.

 

Төлеген. Зоя! Зоя! Аш! Дала суық! Тоңып қалдым!

 

Суықтан жылыну үшін секіреді, құлап кете жаздайды. Төлеген қалтасынан кілттерін шығарып, есікті ашқысы келеді, бірақ тесігін таба алмайды. Есікті қайтадан қағады. Сосын артына қарап, күректі алады да, есіті бір рет соғады. Екінші рет соғуға дайындалады да, кенет аяғына тұра алмай алаңға құлап, қайта тұрмайды. 

Таң, Қонақ бөлме.  Әжей бөлмеден шығып, асүйге барады, сөмкесінен бөтелкелерді алады. Есікті ашып, табалдырықта  жатқан Төлегенді көреді.

 

Әжей. Төлеген? (Еңкейіп Төлегенді түртеді, тұрады.) Аузы ашылып қалыпты ғой. Зоя. Зоя. Зоя!

 

Әжей қонақ бөлмеге қайта оралып, бірнеше қадам жасап, тоқтайды, түрі сабырлы. 

 

Әжей. Зоя.

 

Зоя бөлмеден жүгіріп шығады.

 

Зоя. Ана, не болды айғайлап? Бірдеңе болды ма?

Әжей. Болды.

Зоя. Не?

Әжей. Ұмытып қалдым.

Зоя. Неге сонша суық?  Сен далаға шықтың ба?

Әжей. Мен сүт алуға шықпақ балғанмын. Есікті ашсам, ана жерде…

Зоя (сабырсызданып). Не бар ол жақта?

Әжей. Суық. Түнде аяз ұрған.

Зоя. Сен есікті жаппадың ба? 

 

Зоя есікке қарай барады да, Төлегенді көреді. Оның артынан әжей кетіп барады.

 

Зоя. О, құдайым. Төлеген! (Оның үстіне еңкейіп, иығынан сілкілейді.) Төлеген, Төлеген. Қалай. Қалайша!

Әжей. Мен айттым ғой, аяз болды деп.

Зоя. Ана, Төлеген өліп қалды. Үсіп қалыпты! Мама! Ол үсіп қалыпты! Үсіп қалыпты!

 

Зоя қолымен бетін жауып, Төлегеннің денесінің үстінде жылап тұр. 

 

Әжей. Айқайлама! Үсіп қалғанын өзім де көріп тұрмын. Ақымақ. 

Зоя. Ана, неге өйтіп айтасың? Ол өлді ғой!

Әжей. Өлген соң айтып отырмын. Тіпті адам құсап өле де алмады. Есіктің алдында ит құсап өлді, әйелінің орнына күректі құшақтап.

Зоя. Күрек? Әйелінің орнына?

 

Зоя күректің сабынан ұстап, бірнеше рет тартады. Сәлден кейін ақыры жұлып алады. Зоя күректі жұлып алғанда Төлегеннің саусақтары қытырлаған дауысы шығады. 

 

Зоя. Осының бәрі сенің кесіріңнен. (Зоя күрекпен әжесіне жақындайды. Ол артқа шегінеді.) Сен менің бүкіл өмірімді құрттың. Дидарға не үшін айттың бәрін? Сен біздің отбасымызды құрттың, ана! Менің отбасымды!

Әжей. Күрекпен емес. Артынан жинай алмай қиналасың. Сенің инелерің бар ғой мен білемін. Мен үшін де дайындаған дәрің бар. Бір рет салсаң болды! Мен білмейді деп ойладың ба? Мен бәрін білемін. Бірақ сен қорықпа. Мен ешкімге айтпаймын. 

 

Зоя тоқтап, біраз уақыт тұрып қалады, содан кейін күрегін тастайды.

 

Зоя (шаршаңқы). Сен тым ұзақ өмір сүріп келесің. Тек бәріне зиян келтіресің.

Әжей. Онда мені өлтір. Өзің мүлдем жалғыз қаласың, сосын. 

Зоя. Ал, бұған кім кінәлі? Мен бедеумін. Мен әйел емеспін, ана да емеспін. Бірақ менің қызым бар. Ол жақында оралады. 

Әжей. Дидар қайтып келмейді.

Зоя. Келеді. Ол уәде берді.

Әжей. Солай айтты ма ол?

Зоя. Иә, айтты: «Уайымдама, анашым, мен міндетті түрде ораламын, деді».

Әжей. Ох, сен мені жұбатып қойдың. Демек, ол шынымен өтірік айтуды үйреніпті.

Зоя. Ол өтірік айтқан жоқ.

Әжей. Ал сен оны қайдан білесің? Ана ақымағыңның кесірінен ақ пен қараны ажырата алмайтын болып қалыпсың.

Зоя. Бекерге біреудің баласын асырап алдым. Егер менің ұлым өлмегенде, мен Дидарды перзентханада қалдырар едім. Тастандылардың арасында.

Әжей. Сенде ешқандай ұл болған жоқ. Бұл бәрі сенің қиялың.

 

Зоя басын төмен түсіреді.

 

Зоя. Мен білмеймін. Кейде маған, бұл шындық секілді. Бәрі солай болған секілді көрінеді. Дидар ұлым болды. Дидар қызым болды.

Әжей. Ой, сенімен сөйлесіп отыратын уақытым жоқ. Мен сүтке кеттім. Біз әлі шай ішкен жоқпыз. Қазір сүт әкелемін, шай ішеміз. Ыстық қылып. Барлығымыз бірге, бүкіл отбасымызбен. Біздің сондай жақсы отбасымыз бар. Әжесі, анасы, әкесң, қызы. (Әже күледі.) Ха-ха. Сен бала туа алмайсың, бірақ отбасың бар. Бедеу, құрғақ жатыр Зояның күйеуі мен қызы бар болды. Сен сондай ақылдысың, қызым. Зоя, қалай жақсы ойлап таптың. Бәрін ойастырып қойдың!

Зоя (кетіп бара жатқан әженің артына). Мен ине салғым келмеді, анашым! Мен баланы да қаламадым. Бірақ ол Төлегеннің оған қайтып келеді деп айтты. Оларда қайтадан отбасы болса, ал мен жалғыз қалатын едім. Барлық әйелдер бала туып жатыр, ал мен туа алмаймын. Бұл әділетсіз.

 

Әже есікке қарай жүреді, Төлегеннің денесін аттап өтеді де, артынан есікті жабады. Зоя диванға отырады, қолында күректі құшақтайды. 

 

Зоя. Ол өте әдемі еді. Оларда бәрі бар, ал менде – ештеңе жоқ. Оған қоса әлгі Айсулу қарынымен! (Пауза.) Енді менің отбасым бар. Анасы. Әкесі. Қызы. Менің ұлым да болды, Дидар. Әлде мен бәрін ойдан шығарып алдым ба? Жоқ, ойдан шығарған жоқпын. Менің ұлым болды. Тек ол ұйықтап қалды. Ол ұйықтап қалды, мен де ұйықтаймын. Біз бәріміз ұйықтаймыз.

 

Зоя бүктеліп, диванға жатады. 

Қараңғы.

Маншук Кали

Маншук Кали — выпускница ОЛША (семинар прозы), ученица московского драматурга Олжаса Жанайдарова. Финалист фестиваля «Драма.КЗ 2019». Публиковалась в альманахе «Литературная Алма-Ата», в литературном журнале «Тамыр».

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon