Сага Сара

16

Режиссёр

Пьеса «Драмарафонмын» микрофестиваль аясында жазылған

 

 

Кіші залға режиссер кіріп келеді. Үстінде кеңдеу қоңыр костюмі, тізесі жыртық жинсі шалбар киген, қара бұйра ұзын шашына жасырған шляпасы бар, қолында көнелеу қара портфель. Залда актерлер тым тырыссыз күтіп отыр, режиссер асықпай еріне басып отырды да, бір жаққа ұзақ қарап отырды.

 

Режиссёр. Итак, бастайық. Кімде этюд дайын? Қазақтар, я вас спрашиваю? Когда я задаю вопрос, я задаю его вам, не этому залу. Сендер бар ғой, мен шығыңдар демей ақ, мен шығайыншы, менікі дайын деп таласуларың керек қой. Уһ, чё вы так сидите? (Телефонның дызылдаған дыбысы шығады.) Кімдікі? Барс, твой телефон? Я что, ребята, на попугая похож? Смотри на меня, я похож на попугая? Вышел вон отсюда! Гага, ты что, сен неге осыны бақыламайсың? Ты у нас худрук, оян, очнись, я, блядь, очень популярный человек. Меня в Европе ждут, а я бросил всё:свой отдых, свой дом — пришёл к вам поставить спектакль. Издеваетесь? Вы не готовы? Что это такое? (Өзінің сахнада тұрған үстеліне барып отырады да, шапкісін шешеді. Темекісін тұтатады.) Мне нельзя курить, я бросаю курить, но если я заново буду курить, я убью тебя, Гага! Понял ты?

Почему я пришёл сюда, на запад? (Үстелінен тұрып ары бері жүріп сенделеді. Бір бұрышқа барып жүрелеп отыра қалып қалың шашын тарап ойланып  қалады.) Я же могу отказаться, я почему себе позволяю унижаться? Я так себя не унижал. Мені бұлай ешкім таптап кетпеп еді, кешегіде өзімді өзім жағамнан ұстап алып әкелдім осында. Өмірімде бірінші рет менің репетицияма ішіп келген актерді көрдім. Мен мұны кешірмейтін едім, кешірмеймін жалпы. Мен театр деп жүрген адаммын. Театрға бүкіл өмірімді арнап жібергенмін, жоқ театрдың фанаты емеспін, табынбаймын оған. Бірақ репетицияға кешігіп келеді, телефонды құртыңдар дегеніме екінші апта бәрібір телефонмен кіріп келіп отырады, одан қалса ішіп келеді. Перегар ұрып тұр. Как мне пережить это? Я что, похож на долбоёба? Наверное, так и есть? (Орнына отырып, үстелін соғып қалады.)

Сендер... сендер қазір өзіме келейін, мне надо решить — продолжить или нет? Стоит ли? У нас такой материал огромный. С вами получится ли поставить его? Уже мне кажется — нет. Сендер қазір «театр маған не үшін керек? Театр мен үшін не?» деген сұраққа жауап жазасыңдар. Бәрің отырасыңдар да, жазасыңдар. Ручкасы қағазы жоқ, адамдар шығып кете беріңдер. Если вы, ребята, думаете, что мне нечего делать, скажу честно: для меня дело чести важнее, чем спектакль или деньги. И деньги, мне они не нужны, отвечаю. Не нужны. Деньги не нужны, они просто у меня есть. Не нужны. Так что в любой момент я всё брошу и уйду. Сендер қазір түп төркінді жасап алып, мақсатқа баруды — цельге жетуді үйрену керексіңдер. Этюдті неге жасатып жатырмын, сол мақсатқа жетуді білмей тұрсыңдар. Мақсат партнерге жатады ғой. Қазір осы событиеде менің мақсатым сендерде, сендердікі менде жатыр. Исходное событие — бәріміз спектакль қоюға шешім қабылдадық. Мақсатқа бару үшін — менің мақсатыма сендердің мақсаттарың қарсы болып тұр. Тез бара салу мүмкін болмай тұр. Әркім өз мақсатын ойнап жатыр. Сендердің мақсаттарың менде болу керек еді, бірақ басқада болып тұр. Сол үшін маған салса актерлердің бәрін қуып жіберер ем. Я бы всех актёров уволил бы из театра. Всех. На хрена вы театре работаете? Маған қызық емес, кешке тойың бар ма, тағы бір жерде жұмыс істейсің ба? Айлығың аз ба? Айлық аз болса, иди работай в другом месте. Вы меня с ума сведёте! (Тұрып кетіп темекі шегеді.) Огорчаете потому что. Болмаса мынадай уговорға келсек болады, бүйтейік. Бүкіл артық актерлерді, құр күн өткізіп жүргендерді алып тастаңдар. Уволим всех, которым на хрен не нужен театр. Солай келісейік, егер солай жасасаңдар мен осы театрда тегін жұмыс істеймін, бір тиын алмаймын. Тегін істеймін. Бесплатно. Басқа да режиссёрлерді шақырамын да тегін жұмыс істейміз. Мен осындай вариант ұсынып отырмын, кейін айтпаңдар басқа бір вариант ұсынбады деп. Қазақ театрын өзгертудің бұл бір жолы. Актерлерді шығарып жіберсек спектаклді кім ойнайды деп отырсыңдар ма? Иә, одан да спектакль қоймай-ақ қояйық, болмағаны жақсы. Бүкіл театрды жабайық-та тыныш отырайық. Немесе жұмыс істейтін болсақ істейік дұрыстап. Немесе давайте уволимся. Вот, қараңдар да тұрыңдар, я когда-нибудь стану великим, а я стану, тогда вот я поименно назову каждого, кого стоит забыть и проклинать. Вот этого артиста забыть надо — он профессионально не был готов, когда я там работал, его нужно забыть деймін. Кім болса да, қандай адам болса да — тірі болсам осыны святой мақсат ретінде ұстанатын боламын. Өлгенімше қоймаймын. Сол үшін де, жұмыс істеңдер —  істесеңдер.

Я себя чуствую шопан бар ғой, которому не с кем разговаривать, кіммен сөйлесерін білмей қойларға әңгіме айтатын бар ғой. Не доходит, да? Мен болсам баяғыда ей, сен не айтып тұрсың деп намысқа тырысар едім? Мен мына айтып жатқандарым түсініксіз шығар деп мың мәрте айттым жазып алыңдар деп. Сендер самый гений секілді құлақтарың қалқиып тыңдап отыра бересіңдер де, этюд көрсет дегенде есімде жоқ, білмей қалдым дейсіңдер. Мен көмек қолын созып түсіндіріп айтып жатқанда маған қарай жүрудің орнына, жазып алудың орнына отырасыңдар қарап... как мне еще с вами разговаривать? Мынау не, мынау неге деген кө-ө-өп сұрақтар болу керек қой сендерде. Сендер шығып аласыңдар түсіндік деп, түк те түсінбегенсіңдер. Актёр должен быть простым человеком, неумным. Действиемен көрсете алу керек, ақылсынып сөйлем құрап айтудың қажеті жоқ сахнада. Ақындар бар ғой, сағаттап ақыл айтады, өзінен басқаны көрмейді, сендер сөйлемейсіңдер, тек көрсетесіңдер. Мына сахна үшін жанымды берем дейтіндер бар ғой, бере алмайды оттапты. Именно они бере алмайды. Сахнаға адалдық адамның өзіне адалдықтан басталады. Сахнаны сүйетіндер бар ғой былай (еңкейіп қолын жерге қойып сүйеді), ол сахнаны тек иеленіп алғандар, сахнаға өзіңді тек ойнау үшін шығасың, өз ситуацияңмен. Өз өмірлік мақсатыңмен. Ол үшін асқан талант қажет емес, гений болудың қажеті жоқ. 

Мен не істеп жүрмін өзі, обещаю, я брошу театр, я всё брошу, если у меня не получится изменить театр. Бұл кәсіп менікі емес деп тастаймын да кетемін. Өзімді осынша қорлауға неге жол беремін соны түсінбеймін, принциптерім қайда? Мен басында айттым ғой, мен тек профессионалдармен жұмыс істеймін, тек профессионалдармен. Здесь нет таких, не вижу. Вы же все поняли, я не пришёл просто поставить спектакль, я могу поставить спектакль за десять дней. Вам нужен спектакль? Он будет. Но я хочу менять театр,  я хочу, чтобы люди пришли в театр подумать, найти себя, а не только плакать да плясать. Разве плясать да танцевать — театр? Мы что, народ который уже все проблемы решили? Достар, так же нельзя жить! Так же нельзя создавать что-то. Так нельзя существовать, мне очень стыдно за свой народ. Я поставил спектакли об Алашординцах, о великих гениях двадцатого века. Неужели я должен терпеть эту низость? У меня большие планы и цели. С нами должны все считаться, с нами должны все — я повторяю — все народы и страны мира.  Вот о чём я. Теперь я вернусь домой — вы все меня так разозлили, приду домой — все конспекты, все мысли, которые мне навязывали, брошу, напишу систему театра сначала. Создам другой театр, то, что создал до этого, я опирался на Станиславского, теперь его забуду, уберу Станиславского из своей головы, не буду говорит о театралах и всяких прочих умниках. Буду просто делать спектакли и создам людей современных, которые очень нуждаются, бедных людей. Бедных людей. Про бедность. Бедные...  Бедные люди. Байғұс, театр жасаймын деп өліпті дер кейінгілер. Байғұс, маса.

 

Шымылдық.

Сага Сара

Сага Сара — жазушы, драматург.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon