Сағадат Ордашева

36

Ақтөбе – Алматы

Пьеса «Күзгі Драмарафон» микрофестиваль аясында жазылған

 

Сахнада «Ақтөбе — Алматы» жазулы поезді тұр, екі есіктен қоңыз бен көбелек кіреді де қатар отырады. Ортада бір дорба аузы ашық алтын. Қоңыз дорбаға тарпа бас салады да, артынан ұялып орнына отырады. Вагонды тінтіп шығады.  

 

Қоңыз. Сізге хат жіберіп пе еді? Алматыға дейін бе? Негізі Мені шақырған. Мені. Бұл сапар мен жайлы, менің қандай керемет екенім жайлы, сен аяққа оралма, ок?

Көбелек. В письме так указано. Мы с тобой друзья, попутчики теперь.

Қоңыз. Менің жолым бұл, жеке сапарым. Мына алтынның бәрі менікі, ұқтың ба?  Менікі вагон, мына орындар. Көбелек үрки ұшып жүреді.

 

Поез Шалкар станциясына тоқтайды, қоңыз сыртқа шығып, бір уыс алтынға айфон, макбук, диплом, марапат медальдар алып кіреді.

 

Қоңыз. Көрдің бе, мені! Көбелек сырттан көк жапырақ алып кіреді. Өй, боқмұрын, жапырақты қайтесің? Сосын сен әрі жүр, мына жер менің жеке шекарам! Аттама! 

 

Қоңыздың алдында тамақ толы. Тоқтамай асап жатыр. Жеген сайын қоңыз толысып барады. Мойнына медальдарын, дипломын байлап алған.

 

Көбелек. Ласки матери, улыбки отца, вкус каши, вкус весны... все что я собой увезу со станций Шалкар... Юность это — познать, учиться, влюбиться, мечтать, желание жить...

Қоңыз. Фу, айфон да, басқасы да қызық емес, жалықтым. Қыздар болса ғой, қыз-қырқын. Қашанғы жүрем, үйлену керек. 

 

Терезеден отқа оранған дала көрінеді.

 

Көбелек. Это Кызылорда, вся горит. Горю и я. Пылаю. Бросаться ли в огонь любви?

Қоңыз. Мені сосын кім үйлендіреді? Басты қатырма. Қаланың қақ төрінен үй алам. Дүркіретіп той жасаймын. Бала шағам болады. 

 

Шиеліде қоңыз үлкен қап арқалап кіреді. Ішін ашса сұлу әйел, бала шағасы, үйі, көлігі, атақтары шашылып шығады. Өзі семіріп кеткен.

 

Қоңыз. Фу, Шиелінің шешендерін-ай. Алтындарымнан айырылдым. Әй, шофер неге осынша ұзақ аялдадың?

 

Көбелек сырттан құс қауырсынын, раушан гүлін алып кіреді.

 

Көбелек. Станция Шиели так много времени заняла у нас. Уже забыл, куда путь держим? Куда мы направляемся? И зачем? Посмотри: закат прекрасный. Лето пролетает.

 

Екеуі күнбатар қызылшапаққа таңдана қарайды. Поез тоқтамай зырылдап жүріп барады. 

 

Қоңыз. Уф, қыз-қырқын да, бала шаға да жалықтырды. Менің өз әлемім болу керек. Сен осы өз қалауыңды неге айтпайсың а? Саған ештеңе керек емес пе? 

Көбелек. Что я могу хотеть? Я не знаю, куда еду и кто нас везёт. Потерялся я... мы...

Қоңыз. Әй, Ілмиген, соны біліп қайтесің? Мен ұлттың қаймағы, елдің аяулысымын...

Көбелек. Станция Туркестан. Полдороги прошли, подумать нам бы о жизни. Может, хватит тратить золото? Оно не для траты, ожеть быть?

 

Түркістаннан қоңыз үлкен қапшық арқалап кіреді, жайнамаз, таспих, құран кітабы, тақиясы, сәлдесі бар. Тағы екі әйел алған. Көбелекте тек сарғайған бір құшақ сары жапырақтар  ғана.  

 

Қоңыз. Ой, астапралла, тозақ мына жақта, жаннат мына жақта екен ғой. Бәсе...

Көбелек. Золотая осень как шелковистие жёлтые волосы твои, мудрость твоя. Я обрёл покой. Будь что будет теперь. Крылья мои выросли. Летать теперь могу к тебе, родная.

Қоңыз. Астапралла, күпірлік етпе. Күнәһар! Ақ сақалы мен қарнын сипап қояды. 

Көбелек. Летим к тебе, Алматы, Алатау гор покоя. Снегами покрыт, весь город спит. Вот пришли мы, вставай.

 

Қоңыз орнынан тұра алмайды, шыққысы келмейді. Көбелек жеңіл қанат сермеп ұшып шығып ғайып болады. Станцияда екі әскер келіп қоңызды мәжбүрлеп шығаруға тырысады. Қоңыз орындықтарға жабысып жанталасады. 

 

Қос әскер. Хатта сізге ескертілген. Поез Алматыға дейін жүреді. Сіз келдіңіз мырза!

Қоңыз. Түспеймін. Вагон менікі. Түспеймін. Кері Ақтөбеге қайтамын! Бұл сапар менікі, менің сапарым, өзім білемін, шығамын ба, жоқ па? Қойыңдар деймін!

Қос әскер. Өкінішке орай, сіз енді Жаратушыңызға қайтасыз! Сапарыңыз аяқталды!  

Сағадат Ордашева

Сағадат Ордашева — жазушы, аудармашы, «Кек жуған» прозалық шығармалар жинағының авторы. Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы баспасөз хатшысы. «Әдебиет. Рух. Қоғам - 2023» республиалық әдебиет байқауының жүлдегері.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon