Дактиль
Ольга Козлова
Кейіпкерлер:
Әсем — биші, өнер көрсеткенді жақсы көреді, көп балалы ана. Орынсыз сөздерден бөлек, ол сөзді бөліп, көп күлгенді, әзілдегенді ұнатады. Ақылсынып, білгіштенеді, сақауланады.
Амина — момын, өзіне сенімсіз және басқаларға өз сөзін бөлуге ерік береді. Ол —тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны, қашып, арнайы орталықта тұрған, енді еркектермен танысуға қорқады. Нәзік, биязы, үрейшіл.
Света — әлемге ашық, ешбір тақырыптан қорықпайды, оны ренжіту, шаншу қиын. Күйеуі де, көңілдесі де бар. Ол көпшіліктің ұстанымымен келіспейді, өз ойын айқын жеткізе алады.
Таня — қарапайым, дөрекілеу, мұндай адамдар туралы әдетте «халықтан» дейді. Ол полицейлердің әрекетінен зардап шеккен, қазір озбырлыққа шыдай алмайды. Ол күйеуін өлтіргені үшін түрмеге жабылған. Не себепті өлтіргені белгісіз.
Радослава — іскер адам. Күйгелек, бірбеткей, білімді, сөзі жүрекке тиеді, бірнеше ұлдың анасы. Көрсеқызарлығы да бар.
Әйелдер хоры — шынайы, әдемі ән айтатын хор. Шындықты кесіп айтады. Кейде тым постмодернді, сондықтан бәрін пост-иронияға айналдыруы мүмкін.
Атасы, әкесі, ағасы, күйеуі, жігіті — бас кейіпкерлердің өмірін бұзатын кіші кейіпкерлер. Олар қатыспайды.
Батыр әйелдердің балалары — әйелдердің өміріне жақсы да, жаман да жағынан әсер етті. Сөзсіз. Пьесаға қатыспайды.
Қыздар үстел басында отыр. Олар қара шай ішуде. Біреуі басқаларының кесесіне сүт құюда. Үш кесені табақшамен залға беріп жатыр. Олар көрермендерден шай ішуді сұрауда, өйткені көрермендер міндетті түрде бас тартады немесе басқаларға алып береді. Біреуі тұрып кесені артқы қатардың біріне берді. Бірінші көрініс —өте керемет сүйкімді көрініс. Жайлы, жылы құрбылар отырысы. 20 жылдан кейін енді қауышып, көріскен сыныптастарға ұқсап, бар жиналған әңгімені өсектеп шүйіркелесулері керек сияқты. Шай үстінде жайбарақат әңгімелесуден артық не бар?
Кейде сыбырлап, кейде қатты дауыспен бәрі бір ауыздан сөз алмасуда: арнайы контингент. Басқа әңгіме болмады.
Амина (кесені ұстап тұрып). «Арнайы контингент» деген сөзге ренжімеңіз.
Барлығы тынышталып қалды.
Таня. Біз ренжімейміз, біз расымен сондаймыз. Бірақ-та олардың жазасыз қалуы толық хаосқа әкеледі.
Радослава. Кімнің?
Таня. Органдар мен полицияның.
Әсем (қатты дауыспен сөзін бөліп). О-о-о-о, мен сотталғандардың құқығын қорғадым. Нашақорлықтан қайтыс болған ағамды жерлеп, сосын сотталғандарды қорғай бастадым! Мен Мария Рудинамен түрмелерге қатынадым, ұлдары түрмеде отырған аналармен сөйлестім.
Таня (орнынан тұрып, пионер тілінде жариялайды). Үйленген жоқпын, балаларым жоқ, өмір бойы мүгедектігі бар анаммен бірге тұрдым, екі дипломым бар — медициналық колледж бен университеттікі. Фельдшер-анықтамашымын. Қосымша жұмыс істеймін. Бес жыл бұрын босатылғаныма қарамастан, менде реабилитация алу мүмкіндігі жоқ. (Осы сөздерге қыздар бұрылады, Радослава оны орындыққа тартты, бәрі орындықтарын оған қаратып, аузы ашылып тыңдауда.) Сотталғандықтан ресми жұмыс жоқ, жұмыс беруші де алмайды. Өмір сүруге анамның зейнетақысын қоса санағанның өзінде қаражат жетпейді. Әрине мен адамдардың ауырғанын қаламаймын, бірақ мен осы үшін ақы аламын. Сондықтан... Дәріханада еден жуамын! Жоғары білімім бола тұра! Құқық қорғау органдары мен полицияға қатысты мәселелер көп.
Әсем. Елге медицина керек!
Таня. Мен олардың қандай озбырлық жасап жатқаны туралы хат жаздым, бірақ өздерің де білесіңдер... Полицейлер аяғымды сындырды. (Барлығы орындықтарын әрі-бері жылжытып, шу шығарды, жүздерінде үрей мен қорқыныш бар. 30 секунд.)
Тағы 30 секунд үзіліс жасалады.
Әсем. Шылым шегесің бе?
Таня. Қазір жоқ. 2015-те қойғам.
Әсем (сөзін бөліп). Соколов қоңырау шалған. «Сәлем, Соколов», — дедім. Ол: «Мен Воробьёвпін», — дейді. «Не үшін хабарластың, Воробьёв?» — «Олар мүгедектік бермеді». (Мақтанышпен.) Өз балама сұрағандай сұрадым.
Света. Құр шашылудасың. Мен үйдің кенжесімін, жасым 37-де. (Аңғалдығын түсініп, кешірім сұраған түрде күлімсіреп.) Мен аға-әпкелерімнен еркелетуді, қадірлеуді, сыйлық беруді талап етемін, бірақ олар мені елемейді. Олардың бәрі мені тыңдауы керек. (Күлді. Дем шығарып) Қазір өз балам бар. Негізі маған ешкім ештеңе міндетті емес. Бұл әдет боп кеткен.
Радослава. Бұл әдет емес, сізге солай өмір сүрген ыңғайлы.
5 секундқа үзіліс жасалады.
Радослава (тез сөйлеп). Мен түнде ұйықтар алдын Құдайдан баламды ұрып-соғып, айқайламауымды сұраймын.
Амина. Мұны Құдай емес, өзіңіз істеудесіз. Сіздің ұлыңыз сізді естиді.
Радослава (қарсылығын білдіріп). Ол мен «өтінем» деген кезде ғана, ал былай жоқ. Көшеде аузына құм салғанды ұнатады, құм жоқ кезде тастарды теріп ойнайды. Ол менің қолымды жібермейді, мен оған: «бара тұршы, өтінемін, мен темекі шегіп келейін» десем, ол менің қолымды жібермей тұрып алады.
Әсем (мақтанышпен, күлімсіреп, барлығын алаңдатып). Менің ұлтым — грек! (Орнынан тұрып, жымиып, кенет отырады.)
Барлығы жаратпай қарайды.
Света (ойнақтап). Мені Олимпия атағысы келген. Мен грек әйеліне ұқсаймын.
Света мен Әсем бір-біріне қарап күлімсірейді.
Грек музыкасы қосылып, қыздар бір минут Сиртаки билейді. Барлығы бақытты.
Амина (өзіне-өзі сыпайылықпен, мантра оқығандай). Қызғылт киімді қыз қабағын түйіп отыр. ВИЧ (АИТВ) оң нәтижелі қыз күліп отыр. Қоңыр көзді қыз ернін әрі-бері қозғап, күрсініп, басын қимылдатты. (Орнынан тұрып, залды, орындықтарды аралап жүре бастайды.) Би билеп жатқан қыз жүзін қолымен ұстады. Қызғылт киінген қыз қызарып, қоңырқайланып, басын сәл бұрып, мұрнын тыржыйтты. Ағашаяқпен жүретін қыз ұйып қалған мойнын қозғалтып, басын жоғары-төмен айналдырды. Қара шашты қыз басын солға еңкейтті, қолдары түсірулі. ВИЧ (АИТВ) оң нәтижелі қыз басын артқа беріп, орындыққа тастады. Алты баласы бар қыз көзін ашып, мұрнын тартты, жасы ағып, қабағын, мұрнын жиырды. Бұрын сотталған қыз көзін уқалап, аңырап тұрған жүзін сол қолымен жауып тұр. Сары шашты қыз наразы түрмен отыр. (Орынына қайтып, отырады, барлығы оның иығынан сипайды.)
Радослава. Менің өкіріп жылағым келіп тұр, бірақ өзімді ұстаймын.
Таня (үзілістен кейін). Мен мұны толықтай жібердім, толығымен. Сабырлымын. (Дем алу-дем шығару.) Толығымен. Ешкімге ренішім жоқ. Бәрімен қош айтысуым керек болды. Интернаттан бастап, басқа жабық мекемелерге дейін, маған ауыр жарақаттар тигізілген. Түрмеде Карнеги мен Құранды оқып бастадым. «Ауырлықты жіберсең, жеңілдейсің», — дегенді естідім. Жібердім. Мен өзіме күнде «Өмір сүріп жүргеніме рахмет» деймін. (Күліп, бәрі ширығып отыр.) Он жыл азаптан кейін өмір сүруге деген құштарлық пайда болды. Енді мен өмір сүруді үйреніп жатырмын. Менің әпкем тоғыз жыл бұрын есірткіден қайтыс болды, мен онсыз өмір сүруді тоғыз жыл бойы үйренудемін. Анама келіп тұрамын, оны сүйіп, құшақтаймын, ол (күліп): «Саған психиатрға қаралу керек» дейді.
Радослава. Мейірімділікті қабылдамай ма? Мен көшеден қаңғыбас итті әкеп, оны еркелете аламын. Ал мұнда болса адам.
Таня. 15 күн ес-түссіз өмір сүріп, тірі қалдым... Жиенімнің ойлары мені қайта өмірге алып келді. Барлығы жақсы жаққа қарай жылжуда. (Дем шығарады.)
Амина (күліп, сыпайы, көзін жұмып, басын жоғары көтеріп). Көз алдыма кемпірқосақ елестейді, қасымда атам тұр. (Мұрнын тартып, жылайды.) Ол туралы айтып, жылағым келеді. Қиын кезде балалық шағым есіме түседі. Қандай жақсы еді! Көктем, шелпек иісі, жидиг-галнаша есіме түскенде біп қуанып қаламын... Атам тірегім болды. Менің жеті ағам мен екі кішкентай інім болды, мен көшеге шыққанда — бәрі қорқатын. Менен қорқады деп ойлайтынмын, бірақ шын мәнінде менің ағаларымнан. (Көзін жымыйтып.) Балалық шағымды ұмытқым келмейді. Мен 16 жасқа толғанда әжем қайтыс болды, сол кезде өзімді сезбей қалдым. Содан есейіп, тұрмыс құрдым, өмірімде ұлым пайда болды... Күңгірт өмір... Бірақ қартайған шағымда өзімді жарықта көремін, немерелерімнің ортасында. (Көздері жабық.)
Әсем. Немерелеріңді санап отырсың ба? (Күледі.) Мен әкемнің қызы болғам, ауқатты отбасынан шыққанмын. Әкем мен үшін бәрін сатып алатын. Кетерінде менде әр түсті қаламдар болды, мен онымен дәптерге жазып, әпкемді, құрбыларымды, достарымды, анамды айтып шағымданатынмын. Менен басқаның бәрі әкемнен қорқатын. Бір күні әпкем мені ұстап алып, дәптерімді оқыды. Ол мені тоқылдақ деп атай бастады. Мен қатты жыладым... Кейінірек дәптерімді өртеп тастадым. Әкем барлық мәселені шешетін. Әкем қайтыс болғанда мен 25 жаста едім. Мен ол кезде басқа қалада тұрдым. Мен оның өлімін қабылдай алмадым, жұмысымды тастап кеттім. Содан кейін анам қайтыс болды. Мен өзімді анам мен әкем бірге кетті деп жұбататынмын. Сосын қызым туылды, одан кейін ұл тудым. Олардың әкесін жерледім. Мен апатқа ұшырадым, балам алты айлық кезде босандым, ол да аман қалмады. Мені дін құтқарды, мен нағыз мұсылманмын.
Таня. Қандай апат?
Әсем. 30 жасымда апатқа ұшырадым, үш күн ес-түссіз жаттым, ұйықтап жатқанда әжемді көрдім. Көліктегі адамның бәрі қайтыс болып, бірақ мен тірі қалдым. Бір жылдың ішінде бес рет ота жасатып, мүгедектер арбасынан аяққа өзім тұрдым.
Пауза.
Әсем. Менің балалық шағым бақытты өтті. Мектепте қызыл аттестат, лицейде қызыл аттестат, беделді Заң академиясына түстім. Мені әкем мақтан тұту үшін бәрін жасадым, бірақ мен заңгер болғым келмеді. Мен актриса, суретші, дизайнер болғым келді. (Күлді.) Менің алғашқы махаббатым — атақты әнші, кім екенін айтпай-ақ қояйын. Мен француз тілін білемін, оны актриса болу үшін үйрендім. Бірақ сөйлеу кемістігімен мені ешқашан театрға қабылдамайтын еді. Операциядан кейін мен 15 келіге толып, дене-бітімімнен ұяла бастадым. (Мақтанышпен, айқайлап.) Мен арықтаймын! Спортзалға барамын. Теледидарға шығып, жеке бағдарламамды, шоуымды жүргізгім келеді. Әркім біздің өмірімізді бақылайтындай күйеуім және ұлыммен отбасылық жоба жасаймыз. «Keeping Up with the Kardashians» реалити-шоуындағыдай. Бәріңді шоуды көруге шақырамын! (Күлді.) Менің әкем домбыра тарттатын, композитор болды, балам қазір ән айтады – бұл оған атасынан берілген. Ал мен араб тілін үйреніп жүрмін. Мен түрік және француз тілін білемін, араб тілін үйренгім келеді, содан кейін (шабытпен) шетелде жұмыс істеуді армандаймын.
Света. Мен не қалайтынын білетін адамдарға қызығамын. Менде мақсаттар қоюда қиындықтар бар: мен не қалайтынымды білмеймін. Мен жалпы азап шегуді ұнатамын, менің таңдауым сол.
Амина (орнынан тұрып, күлкілі түрде түсіндіреді). Кешке қарай көп нәрсе қалаймын. Мақсат қоямын. Ал таңертең ештеңе қаламай тұрамын. Қалайша? (Отырады.)
Радослава (ойланып тұрып). Мақсатты түнде емес таңертең қойыңыз.
Әсем (жағдайды сейілтемін деп мақтанып). Үш жасымда менің нағыз тоным болды! (Бәрі күледі, ол бұрылып, ұялып, күлімсірей бастайды.)
Әйелдер хоры (күледі. Және кезек-кезек қайталай бастайды. Бірі айтады, басқалары жаңғырық сияқты қайталап, бір-бірінің сөзін сәл бөледі). Ал жалпы мен ханшайыммын! Мен ханшайыммын! Мен билейтін ханшайыммын! Мен бәрін өзімнен өткіземін! Бәрін өзімнен! Менің қызымда астма бар. Менің қызым қант диабетімен ауырады. Менің балам аутизммен ауырады. Бірақ мен бақыттымын. Мен бақыттымын. Қолдағы тыртықтар. Тыртық. Мен сахнаға шығамын! Мен күліп тұрмын! Мен сахнаның артына барамын — мен жылап аламын. Мен ең бақыттымын.
Радослава (дөрекі). Жүкті кезімде ауырып жатырсың деді, қорқыныштан өле жаздадым!
Әйелдер хоры (кезектесіп жалғастыру, жаңғырықпен қайталау, келесісі үзеді). Ашу, қорқыныш. Дүрбелең, ашу. Қайда кетті? Жоқ! Барлығы ішінде. Айқай. Өкіріп жылау. Көмектеседі.
Пауза
Барлығы тыныс алады, дем алады және шығарады. Қолдар жоғары, қолдар төмен. Олар иіліп, дем алады. Кішкене йога жасауда. Барлығы отырады.
Света (ойнап). Менің арманым әлемді аралап, кино түсіріп, басты рөлдерде ойнау... Бірақ бұрын басқа нәрсені армандадым. Маған проституткалармен және нашақорлармен жұмыс істеу ұнады. Мен тіпті бордель үйінде жұмыс істедім... әкімші болып жұмыс істедім. Проституткаларда апталық лездеме өтетін. Мен проститутка болғым келді, бірақ атам білсе өлтіреді деп ойладым. Проституткалардың күлгенін, қалай шампанское сұрағанын естідім... Жасым 22-23 болды, неге проститутка болғым келмейтінін түсіне алмадым? Мүмкін ақша үшін төсек тартып қалуым мүмкін еді! Мен проституткалармен балалар ойынын ойнағым келді. Мен әлемді қара мен аққа бөлмеймін. Мен семізбін бе деп қатты уайымдаймын. Мен бұны жеңіп едім, бірақ ол қайтадан пайда болды! Менің билік пен ақшаға деген құштарлығым бар, бірақ мен өзіме көп нәрсеге рұқсат бермеймін...
Таня. Неге ақша үшін өз денеңді сатқың келеді?
Света. Әлемде жақсы және жаман адамдар бар дейтіндерден тітіркенем. Бірде күйеуім екеуміз проститукалар тұрған үйде пәтер жалдап тұрдық. Бір күні үйді аралап жүрсем, еріндері қып-қызыл, биік өкшелі туфлимен жүрген қызды көрдім. Біз онымен лифтке кірдік, лифтіде бізбен бірге басқа 1 қыз кірді. Қарасам, мынау екіншісі үлкен еріндіге күле бастады. Біріншісі шыққанда, ол маған: «Ол, әрине, жәлеп (сайқал)», — дейді. (Басқалары осы уақытта: «Шш!» деп айқайлайды.) «Сенің не шатағың бар?» — деп ойладым. (Басқалары осы кезде: «Шш!» деп айқайлайды.)
Радослава. Мен бала кезімде барлық нәрсемен айналыстым. Ал қазір ата-анам бала кезде қабылдамаған істермен айналысамын. Бұл менің қарсы жауабым шығар.
Света (аяғын қасып). Менде грыжа болды, ота жасадым. Қазір аяғым қышиды. Мен оны қаси беремін, ал қасығанымды сезбеймін. Егер демалу үшін ауруханаға бара беретін болсам, онда өзімді енді тұрмайтындай деңгейге жетемін. Ауру метафора ретінде.
Әйелдер хоры (кезегімен сөйлеп, жаңғырықпен қайталайды). Ауыр азап! Ауырсыну көп! Ауырады! Ауырады! Мен жұмыс істеп, құлап қаламын! Мен жұмыс істеп, құлап қаламын!
Света. Мен бірдеңе істегім келмесе, ауырып қаламын деп үміттенемін. Мен әдейі өкшемнің бөліктерін жұламын. Бірде мен кірпіктерімді жұлып алдым... Қоя алмаған кезде менде осындай шабуылдар басталады.
Радослава (шашын түзеп). Енді қалай бас тарту керектігін білемін. Анам: «Сен ең жақсысың!» деп айтатын. Ал мен сондай болуым керек еді. Мен жанталас пен қарбалас ырғағында өмір сүрдім. Күйеуім қазір: «демалып ал» дейді. Бірақ мен демала алмаймын. Бүгін тіпті сіздерді көруге асықтым. (Аудиторияның көзіне қарап, ұзақ пауза алады.) Мен барлық жерде уақытында болғым келеді, сонда... (Өз сөзін бөліп.) Балама қысым жасаймын: (дөрекі) «Ең үздік бол! Бәрін үлгер!» (Әйелдер хоры қайталап, аяқтарын бірте-бірте таптай бастайды.) (Айғайлайды) Ол анасын қалай ренжітпейін деп ойлап жүрген шығар! Мен анама өте ризамын: менің анам мінсіз, бірақ мен эмоционалды түрде жетілмеген адаммын. (Жылайды.)
Амина (қызығып). Неге жылап жатырсың?
Радослава. Мен өзімді ренжіткенім үшін. Менің өмірімде бәрі тамаша, бірақ мен жақын адамдарымды ренжітемін. (Бәріне қорқып қарайды.) Мен мұны өзімнен күткен жоқпын, мен әдетте жабық адаммын.
Пауза. Барлығы үнсіз.
Радослава. Анам мені басқалармен және әкеммен салыстырған. Әкем баяу болды. Бұл анамды ашуландыратын. Ал мен анамды қуантуға тырыстым.
Таня. Кейде сіз жай ғана адам болуыңыз керек.
Әйелдер хоры. Керек, керек. Тек бол. Болу. Би арқылы.. Тыныс алу арқылы. Тек бол. Бол.
Радослава (орнынан тұрып, қуанышпен). Мен оянғанымда мен үшін «Таң сиқыры» басталады! Алғыс хат жазамын, жүгіремін, кесте бойынша өмір сүремін. Алғыс хат жазбасам күнім болмайды.
Барлығы күледі. Радослава ұялып, орнына отырады.
Амина (тез, екіленіп, айтады). Маған анам қоңырау шалды, ал біз екі ай сөйлеспедік. Біреу өлген шығар деп ойладым. Мен қатыгез шығармын, сондықтан мен өшіріп тастадым. Анам украин, әкем шешен. Екеуі бірге тұрмады, бірақ анам әкеме мені «шешендер дәстүрімен тәрбие беремін» деп уәде берді. Оның басқа амалы болмағанын енді білемін. Біреудің үйінде шашлык жасауға жиналғанда бәрі шошқа етін жейді, ал маған болмайды. Мен анам мені қорлағаны үшін мені жек көреді деп ойладым. Бірақ әкем жоқ еді, ол ақшамен де, байланыспен де көмектеспеді. Бұл менің көмек сұрай алмайтын жабық болып өсуіме себепкер болды. Мен Астанада қыста үш ай тұрдым, терезе сынғанда, жақын жерде тұратын досымнан терезені жөндеуге көмектесуін сұрай алмадым. Қыста суықтан өліп қала жаздадым, бірақ қадам басып, досымнан көмек сұрадым. Менің анам алты ай бұрын менің досым болғысы келді, бірақ бұл біртүрлі. Мен досыммен серуендеп жүріп, серуендегі стористі жарияладым, сол жерде досым мені белгілеп қойды, ал анам менің Астанада болып, оған қонаққа келмегенімді көріп, ренжіп қалды... Өзіңіз түсінген боларсыз, жасөспірім кезімде ұлдармен араласуға рұқсат етілмеді, өйткені мен 18 жасымда шешенге тұрмысқа шығып, онымен Шешенстанға тұруға жіберуілім керек еді. Ал қазір мен досыммен серуендеп жүрмін, анам мен келгенде оны емес, досымды таңдағаныма ренжіді. (Тыныш) Мен оған іштей «құрып кетші» дедім.
Әйелдер хоры (сөзін бөледі! әдеттегідей бірі сөйлейді, басқалары жаңғырық). Мен оған «құрып кетші» деуге рұқсат бердім. Мен шалбарымды киюге рұқсат бердім. Мен өзіме тұрмысқа шықпауға рұқсат бердім. Мен өзіме балалы болмауға рұқсат бердім. Мен өзім қалаған адамды сүюге рұқсат бердім.
Света. Бәрің де: «Бол! Өзіңізге рұқсат ет!» Бірақ менде қандай да бір қарсылық бар!
Әйелдер хоры. Болма! Сен істей алмайсың!
Света. Бұл жақсы! Сонда мен қалаймын! Мен қарсылықты жақсы көремін. Өмір бойы олар маған: «Тырыс!» Ал мен тырысудың нені білдіретінін білмеймін. Міне, қарындаш ал... (Қарындашты көршісіне береді.) Енді тырыс!
Пауза.
Света. Менің анам мінсіз. Ол өте әдемі. Ол бәрін өзі үшін сатып алды, бәрін өзі жасады. Оның қаншалықты мінсіз екенін елестете алмайсыз. Ол ерекше. Ол тіпті маған ашулана алмайды. Мен оны бір рет айқайлау үшін арнайы бірдеңе жасадым, бірақ ол айқайламайды, міне, солай. Бір жас жігіттің әжесі маған баяғыда: «Анаң өте әдемі! Сен, әрине, ондай емессің». Мен не киетініме қарамаймын. Киімімді кірлетіп алып осылай жүре беремін. Мен айна алдында өз-өзіме айтамын: «Сен ақымақсың».
Амина (таңданып, үнсіз). Өзіңе сенімдісің ғой... Сенде сондай образ бар...
Света (дөрекі жауап береді). Мен бұл образды арнайы әзірледім.
Әсем (сөзін бөліп). Мен ішімде ештеңе сақтамаймын. Бәрін шығарып тастаймын.
Света. Мен сұлу болуға және жыныстық қатынасқа түсуге жол бермеймін. Өйткені мен семізбін, үйленгенмін. Маған болмайды. Мен өзіме ақша табуға мүмкіндік бермеймін. Мен өзіме ашулануға және жаман болуға рұқсат бермеймін.
Әйелдер хоры. Жаман бол, жаман бол! Ашулы және жаман бол! Мен рұқсат бермеймін. Мен рұқсат бермеймін.
Света. Күйеуім менің құмарлығымнан қорқады. Ол мені қаламайды.
Әйелдер хоры (жоқтаушылар болыңдар). О-о-о! О-о-о! (Олар бастарын бұрады.)
Света (жылауын үзіп). Мас болғанда... Ол: «Ох!» болады... Бірақ ішпейді!
Әйелдер хоры (жылауын күшейтіп). О-о-о! Қалай солай! Уау!
Света (қатты, секіреді). Өйткені ол маскүнем!!!
Әйелдер хоры (жылап). А-а-а!
Света (жылайды, хорды жарып жібереді). Егер мен проститутка болсам... (Көзінде жас.) Махаббат пен көңіл бөлер едім! (Көрсететін, ирониялық.)
Әйелдердің хоры үзіледі. Үнсіз.
Радослава. Менің бұрынғы жігітім мені қандай да бір жолмен басқаруға шешім қабылдады. Егер мен оған ұнамайтын нәрсе жасасам, ол маған жыныстық қатынастан бас тартады. Ол маған: «Мен саған бір ай бермеймін, сен қабырғаға көтерілесің» деді. Бір айдан кейін не болғанын білесіз бе?
Әйелдер хоры (әртүрлі дауыста, төмен және жоғары, ән айту). Не? Неге? Қалай? Қалай?
Радослава (әсерлі). Мен оны тастап кеттім! (Тікелей қарап, көрермендердің көзіне қарап, қара көзілдірік киеді.)
Әйелдер хоры (мақтаныш, шаттық). Уа-а-а-а-а-а!
Олар күледі. Олар үнсіз қалады.
Әсем (әсерлі). Сіз әрқашан солға кете аласыз! Света, оны бекер тапқан жоқсың..
Света (сөзін бөліп, мысқылдап). Әрине, ол мені тамақтандырады! (Үзіліс, сосын сабырлы.) Басында бәрі жақсы болды... Мен оны ешқашан сүймедім, білесіз бе, дәлірек айтсам, ғашық болған емеспін. Ал мен ғашық болған кезде, кейде мен алға жылжып, флирт жасай бастаймын, ол: «Саған не болды? Бұл біртүрлі!». Кідірту. (Таң қалды, ирония.) Жалпы, ол мен жоғары тұрғанда қорқады! Ол қандай да бір себептермен қорқады! (Күліп, әңгімелесіп.) Ол да маған тұрмысқа шыға ма, жоқ па деп кеңес сұрап Ленин кесенесіне барды.
Әсем. Ленин не деді?
Света. Тұрмысқа шық!
Барлығы күледі. Пауза. Олар жылайды.
Мюзикл! (Ынтамен хабарлау.)
Біреуі айтады. Басқалары саусақтарын қағып, аяқтарын қағып, барабандарды соғады. Біреу джаз дыбыстарын айтады, вокализация пайда болады. Jam! Музыка! Қандай жақсы, қандай көңілді! Қыздар өз рөлін әртүрлі пернелерде, әртүрлі стильде орындайды, әртүрлі тәсілдермен сүйемелдейді. Әрқайсысы ертегі айтудың өз жолын таңдады. Біреуі орнынан тұрып, енді біреулері оның ән айтуынан немесе айтқанынан ләззат алып, қызыға қарап, алдарынан опера әншісі тұрғандай партияны тыныстап талқылайды.
Таня (қуанышты, сюрреальді, джаз ызылдаған, африкалық христиандық қызметтегідей, тұрып, билейді). Менің досым, еденде жатқан 13 жасар көршім менімен ойнаған кезде мен бес жаста едім. Ол менің кішкентай екенімді және ештеңе түсінбейтінімді пайдалануды шешті. Бірақ ол бұл ойынның не екенін білді. Кішкентай сары көйлегімді көтеріп, анасы үйге келгенше бірдеңе жасады. Ол бізге келіп тоқтады да, маған қарап айқайлай бастады: «Шұбар! Кет бұл жерден!-деді ол маған тәпішкені қолыма алғанымда. (Ол қайтып оралады, басқалардың дауысы мен шертуіне билейді.)
Әйелдер хоры (қуанып ән айтады). Шұңқыр! Кет бұл жерден! Жарайсың! Ура!
Таня (жынды дауыс). Бес жас! Көйлек!
Амина (қуанып, сюрреальді, джаз ызылдап, секіріп, билейді). Киініңіз! Сары! Менің қызым сияқты! Енемнің қуанғаны сонша, бізді ажыратты! Оны жеңілдету үшін ол менің алдымда жиі қайталайды: «Ой, қандай өкінішті! О, қандай өкінішті!» (Бұл күлкілі, ол тіпті күледі.) Бірақ мен оның өкінбейтінін түсінемін!
Әйелдер хоры. Ой, қандай өкінішті! Өкінішті! Қымбаттым, қандай өкінішті!
Амина (ән айту, мәнерлеп оқу, қуаныш). 18 жасымда тұңғыш қызымды, қызымды күйеуімнің ата-анасына тәрбиелеуге бердім! Мен енемді қуантқым келді. Олар оны алып кетті. Өкінішті! (Ол билеуге қайтады.)
Әсем (жынды дауыс, ән айту). Мен 11 жыл жұмыс істемедім. Мен үйде отырамын, жинаймын, жуамын, тамақ жасаймын, үй қызметкері сияқты және тамақ жасаймын. Күйеуім жұмыс істеуге тыйым салды, мен бекер оқығаным жоқ, түнде отырып сабақ оқымағаным, университетте емтихандарды бекер үрлеп жүргенім жоқ деп ойлайтынмын. Мен қатты жұмыс істегім келді! (Ол билеуге қайтады.)
Әйелдер хоры (бақыттымын, барабан соғып, саусақтарын қағып жүре бер). Мен қалағаным осы еді! Мен осылай жұмыс істегім келді! Бекер! О, бекер!
Әсем (әнді ыңғайсыздандырады). Жұмыс туралы айтсам, күйеуім екі қолын көтереді.
Пауза. Әсемнің жаңғырығы әйелдер хоры. Олар үстелді жылжытып, арқасымен тұрады.
Қыздар «Маша мен аюлар» тобының «Любочка» әнін айта бастайды. Бұл кезде олар шеңберге бірігеді, шеңбер бойымен билейді, аздап билейді, ортаға қосылады, артқа жылжиды, қолдарын алға қарай ортаға апарады, артқа, орталықтан шығады.
Хор женщин.
Синенькая юбочка, ленточка в косе.
Кто не знает Любочку? Любу знают все.
Девочки на празднике соберутся в круг.
А как танцует Любочка…
Разворачиваются, начинают танцевать хоровод.
Liebe, liebe, amore, amore.
Либо, либо, любовь.
Кружится и юбочка, и ленточка в косе.
Все глядят на Любочку, радуются все.
Но если к этой Любочке вы придёте в дом.
Там, где эта девочка…
Начинается бесиловка.
Liebe, liebe, amore, amore,
Либо, либо, любовь, о-о-о,
Liebe, liebe, потаску-у-у-уха!
Аmore, amore.
Либо, либо. Ой зря, ой зря!
Орут, рвут на себе одежду.
Liebe, liebe, amore, amore.
Либо, либо, как жаль, как жаль!
Liebe, liebe, потаску-у-уха,
Либо, либо, проваливай! Проваливай!
Liebe, liebe, amore, amore.
Либо, либо. Ой зря!
Поют усердно, совершенно счастливо, как колдовской заговор.
Бір-бірін шеңберден итеріп шығарады. Олар киімдерін жырта бастайды. Би. Бұл ковен. Бұл есінен адасқан, жынды, есуас әйелдердің бірлігі. Қыздар шаршап, құлағын қолдарымен жауып, еңкейіп, жерге құлап, айқайлайды.
Жарық сөнеді.
Әйелдер хоры (тихонько, лирично, красиво поют). Синенькая юбочка-а-а-а-а, ленточка в косе-е-е-е-е. Кто не знает Любочку-у-у-у? Любу знают все.
Ольга Козлова — художественная исследовательница, документальная режиссёрка родом из Воронежа. Авторка публицистических и художественных текстов, видеоартов, экспозиций с фото, текстами, видео, перформансами. Занимается феминистским, экологическим и правозащитным активизмом. В Воронеже организовала фестиваль «Я не хочу ненавидеть», на котором психологи, правозащитники, музыканты поддержали идею ненасилия и пацифизма. Работает в проекте «Последнее слово», в котором собирает последние слова политзаключённых в судах и пишет о них тексты. В Алматы вместе с коллежанками провела исследование о гендерной чувствительности алматинских женщин — итогом стала экспозиция с выставкой, видеоартами, эскизом пьесы «Спецконтингент». Пьесу помогли перевести на казахский — «Арнайы контингент» прочитали на фестивале «Драма.KZ».