Аманжол Қазыбек

52

Александра

Құрметті оқырман (актерлер), бұл пьесаны оқымас бұрын «Ютубтан» Kyle Ruh — KUZGI BAQ әнін қосып барып оқуды бастасаңыз, өтініш! Сеніңіз әсері басқаша болады...

 

Күз, көпірдің үстінде қол ұстасып тұрған екеу...

 

Жігіт. Александра?!

Қыз. Сен мені сүйесің бе?

Жігіт. Александра!

Қыз. Жоқ, сен мені жек көресің!

Жігіт. Александра?!

Қыз. Онда неге маған ғашықтарша өлең арнамайсың?

Жігіт. Александра...

Александра! Александра! Александра!

Александра, Алек-сандра, Алекс-андра?

Александра, АЛЕКСАНДРА, Александра.

Александра, александра, Александра....

Қыз. Ақымақ! Тістеп алайын ба?

Жігіт. Александра??

Қыз. Тістейм!

Жігіт. А-А-АлександрА-А!!!

Қыз. Сен өте біртүрлісің...

Жігіт. Александра?

Қыз. Болды атама?! Ары қарай естігім келіп тұрған жоқ. Секірейік.

Жігіт. Александра.

Қыз. Қорқасың ба?

Жігіт. Александра...

Қыз. Менде... Үшке дейін сана.

Жігіт. Александра, Александра, Александра.

Қыз. МЕН СЕНІ...

Жігіт. АЛЕКСАНДРА...

 

Соңы

 

Ал енді құрметті оқырман (актёрлер), жоғарыдағы диологты қайтадан көзіңізге басқа ситуацияны елестетіп оқып көрейік. Мысалы.

Бірінші: «Ютуб» желісінен «Фоновая гнетущая (хоррор) музыка для мрачной атмосферы» мелодиясын қосып, елестетеміз. Күз, жаңбыр жауып тұр, түн ортасы өліп қалған қыздың елесі жігітінің бөлмесіне келіп тұр. Жігіт шошып оянады.

Ұсыныс: қыздың текстін асықпай сыбырмен оқыңыз...

Екінші: тағы да ютуб желісінен Sexual Mix Volume IV әуенін таңдап, елестетеміз№ Күз, кеш, қонақ үй, айнала қараңғы, май шамдар, көңілдесімен төсекте жатқан жігіт.

Ұсыныс: екі кейіпкердіде қырылдап оқысаңыз... Өзіңізді арсытанмын деп ойласаңызда болады.

Аманжол Қазыбек

Аманжол Қазыбек — Ақтөбе облысының Мартук ауданы Аққайың аулында дүниеге келді. Астана қаласы мемлекеттік Әзірбайжан Мамбетов атындағы драма және комедия театрының актеры болып жұмыс істейді. Драма.KZ фестивальдің шорт-параққа енген пьесалары: «Тук-Мар қонақ үйі», «018-автобус», «Алло». «Ұрылар» пьесасы Павлодар қаласында Аймауытов театрында жүріп жатыр.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon