Дактиль
Соннет Мондал
Ағылшын тілінен аудармасы Меруерт Таир
Кітап енді қағаз болып аңқымайды
Ал қағазда білім иісі де қалмапты
Солған жапырақтай тентіреген білім
Жалынға жастай төгілген жапырақ
Үстел, орындық пен кітап арасындағы
Іске аспаған бүліктей қиранды
Нобайлы адамзаттың қаңқасындай
Олақ ырғақпен салдырлауда
Сүйегімнің даңғыра ұрғанын әбден сезіп—
Ол дүрсілдің табиғатын танымадым
Удың үгіттейтіндей айтары бар
Құлақты үздіксіз жатыр тыңдатып
Енді жібер мені
Қиранды музей емес, мектеп болып бой көтерсе
Сол жерге қайта шақыр
Әңгіме паналатқан беттер
Енді өздері үй іздеуде
Қайғысында тасталған —
Қабырғадағы суреттер үнсіз
Тыныштық күшіне мінген сәтте
Кітаптың жалаң сүйегі
Бостықтың сөзін сөйлеп
Жаршыларын сомдап, айтпағына қосуда
Тирадалары мен ниетінің
Дабыл жарғағын қопарардай жаңғырығына жол
Жалғыздыққа лайықты
Хаостан кейін ойлатарлық
Ескілік құшағындағы кітаптар әлі орнында
Бисквит фабрикасының
оралмаған металлы
әлі де пісірме жұпарында.
Қалдықтар жер құшағына енсе де
өз демін жұтуға жарымады.
Қабырғадағы бұлыңғыр ұрандар —
жазылуды көксеген ескіден көгерген жердей.
Кірпішке дейін тақырайтпақ—
Түсін оңдыра уақыт жұтқан
Көзіміз тайған уақытта
Жапырағын төкпек болған ағаштай.
Соннет Мондал — ағылшын тілінде жазатын үнді ақыны. Калькуттада тұрады. An Afternoon in My Mind (Copper Coin 2022/Bite-Sized Books, U.K.), Karmic Chanting (Copper Coin 2018) және Ink and Line (Dhauli Books 2018) және тағы бес поэзия кітабының авторы. Македония, Ирландия, Түркия, Никарагуа, Шри-Ланка, Германия, Венгрия, Словакия, Италия, Украина, Мадагаскар, Ирландия және Оңтүстік Африка елдеріндегі поэзия фестивальдеріне қатысқан. Оның мәтіндері Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияда және Австралияда жарияланған. Бірнеше әдеби марапаттардың иегері, соның ішінде Gayatri Gamarsh Memorial Award сыйлығын, 2023 жылы Godyoo Podyo Probondho Award сыйлығын алған, 2020 жылы Тагор әдеби сыйлығының (Tagore Literary Prize) қысқа тізіміне енгізілген. Өлеңдері Harper's Bazaar, Virginia Quarterly Review, Stand Magazine, Words Without Borders, Singing in the Dark (Penguin Random House), Luvina magazine (University of Guadalajara, Mexico), La Otra (University of Mexico), Indian Literature (Sahitya Akademi), Stand magazine, Poetry Salzburg Review (University of Salzburg), and Mascara Literary Review және басқа да журналдарда жарияланған. 2014-2016 жж. Айова университетінің Silk Routes халықаралық жазушылық бағдарламасы жобасы авторларының бірі. Chair Poetry Evenings халықаралық фестивалінің негізін қалаушы және директоры, Lyrikline (Haus für Poesie, Берлин) үнді бөлімінің редакторы және Enchanting Verses Literary Review басылымының редакторы. Ол Poetry at Sangam (Үндістан) және Words Without Borders (Нью-Йорк) газеттерінің шақырылған редакторы болды. Мәтіндері хинди, итальян, қытай, түрік, словак, македон, словен, венгр, араб және орыс тілдерін қоса алғанда, жиырмадан астам тілге аударылған.