Балғын Апбасхан

236

Тіл қатты тыныштық

*

 

Аңғалдықтың...

Артына жасырынып,

Тағдыр тартып алған соң ойыншығын,

Жылап бара жатыр ма жасық үміт.

Сіздегі қорқақтық сияқты.

Біз түннің күнәсін көтердік,

Тіл қатты тыныштық...

«Ол оны тағы да жылатты» дегізбей.

Күн күлсе жараса қалатын,

Көлеңкелеріміздей...

Бақытты болуға тырыстық.

Неліктен жүректер өлгенде,

Көңіл айтпаймыз,

Табытын көтермейді ешкім.

Санамайды жұрт парызын.

Бір сәттік кесел түсіндіреді,

Жалған екенін бес күн...

Қауырт екенін қарызың.

Айыппұл төлеуге міндетті адамдар,

Жер көмген уәделерменен,

Желге ұшқан үміттер үшін...

Үкіметке емес...

 

 

*

 

Үлгереміз бе, құшаққа қысып?

Үлгереміз бе, сүюге?

Мәзірін жердің құлтымдап ішіп,

Құлаш қыр жатыр иіле.

Жүзі алқызыл, жүрегі дақты.

Бақыты бәлкім жасырын.

Қылығы тәтті қыз-қызғалдақты,

Жел еркелетер ақырын.

Көз жасы сынды күлтеге тамшы,

Жайғасар жауса нұр көктен.

Қызғалдақ қызыл шоқ болып жатты,

Қоштасып жатты бір көктем.

Көне табиғат кестелеп өрген,

Қызыл жіппенен қыратты,

Ұзату көштің соңынан ерген,

Ұяң бойжеткен сияқты.

Қауырсын пілте Қағбаны айналып,

Жасап жатқандай мінәжат.

Қауызында оның жатыр ойланып,

Бір сүйкімділік, бір азап.

Уысы алтын, уыты шырын.

Запыран жұтып, шер ішкен.

Ғұмырың неткен келте еді сенің,

Күнәсіз күлгін періштем.

 

 

*

 

Жанымды мұздатып алдым,

Жауынды сүйгенім үшін...

Күркіреп барады аспаным.

Келгенін сездіріп күздің.

Иә сіз...

Құшағын құп көріп өзгенің.

Мен сол...

Қоштасқан қызбын.

Қара көк қосылып жылайтын,

Қара дақ бұлт жиып...

Тамшысы темірдей,

Жендетім аяусыз.

Жоғалып кетсемші жанымды кемірмей!

Күнде осы тірліктің құлымын.

Күндесі секілді бай қыздың.

Қалатын мүрдесі көмілмей.

Сезімім садаға,

Ішімді өртейді бір үміт.

Кенеттен керіге бұрылып.

«Кешірші» — демей ме?!

Ал менің сонда, тәкаппарлығым тіріліп.

Құлып салса ше көмейге?

Өксітіп өкініш.

Сезсем ші бұл жауын өтпелі екенін.

Сенбес ем,сүйер ем бірақ.

Бәрінің шегі бар...

Тұру жоқ тақты да босатпай.

Азғындық жасағандарға да,

Адал ғой ұлылар!

Жауыннан кейінгі кемпірқосақтай...

 

 

*

 

Шырағыңды сөндіріп алмайын деп, шынарымды балталап тастаппын мен...

Талғажау етем енді ай жарығын.

Қара түннің қарашы қайғы алуын...

Тұнығымды тұманға айналдырып,

Дей көрме қайда күнің?

Бір білерім,

Сүюге жарамсызбын,

Сенуге пайдалымын...

Сен кеткелі!..

Қараңғы көңіл іші,

Жарыды жалған күліп,

Жағылды шам,

Үзілген жалғанды үміт,

Баладай басқа ойыншық

...құшақтаған

Өзімді ұнатқанмен алдандырып.

Өтірік жылап қалам өмір үшін...

Сезбейді жұрт!

Айтпақшы,

Сүйінші!..

Сіз жыртып тастаған жүрекке,

Жазылды жаңа бет.

Құмарлығыңды өшіріп қағаздан,

Шыдамдылығын қаламға,

Құйдыра ала кеп.

Ғазалын төгеді ол,

Мендегі қағазға,

Сендегі мұң азба?-дейді де,

Сонан соң оқиды,

«Дейін мен кейінде ісім жоқ,

Бүгінім өзіңмен ғана!» — деп...

 

Қорықпа, алдаймын...

​ ​ ​ Алайда,

...жолықса, бәрібір...

Сүйетініне сендіре алмаймын,

​ ​ ​ ​ ...сезімді!

 

 

*

 

Бұл біздің көше,

Таныдың ба оны.

Көршім едің ғой сен менің.

Тарықты әкең,

Талықты шеше.

Тарауыхына да келмедің...

Иті өлді үйдің,

Өртенді отыны.

Шағылды терезе тас атпай.

Атыңды сенің атап​ оқыдым,

Досыңа таба жасатпай.

Қара көрем деп, қараймын ауық.

Салынған құлып боз үйге

Елеңдеп бағып есігін,

Алысқа әкеткен адам тағдырын,

Айыптап алам о кейде.

Сұрапыл дауыл еңкейткен емен

Сұрап тұрғандай кешірім.

Бала шақтағы кегің бе әлде,

Жетімек жеңге тығулы,

Күлшеңнің көздеп түйірін.

Жақсы көруші ет жұрттың ұлдары,

Жолыңды бөгеп тұруды.

Солардың бәлкім,

Қолында кетті ау көңіліңдегі мейірім.

Жігітке тәлім береді деуші ед,

Жиыла жүріп жүріп жеті ауыл.

Шайнады шалдар бармағын.

Адамның бірақ таңы рауан да,

Түсі өткінші, кеші ауыр.

Өмірден емес, өкінішім сол.

Өзіңнен қорғай алмадым...

 

 

 *

 

Көбелегінің қанаты сынған,

Сезімі сөнген ләйлі­мін.

Құшағы суып қабырға­лардың,

Ұсағы қалды қайғыны­ң...

Теріп жеп оны,

теңбіл доп өмір өтіп барады доңғалап.

Қарсыласым кім,

Қақпасын ардың,

Соққыдан қалай қорғ­амақ?

Бұрыннан аяз жүрек бөлмесі,

Жүдеп барады тым әр­і,

Түнек түрмеге,

кірер келесі,

Сүйгені үшін кінәлі!

Жазасы ауыр, күрмеуге келмес.

Жасауға болмас келі­сім.

Мекен жайына​ маха­ббатымның,

Хат жазып тұршы мен үшін...

Хат жазып тұршы,

Сағынғанымда.

Сұрақсыз! Үтір, нүкте­сіз...

Жанарымызда жалын барында,

Бәрін баянда бүкпес­із.

Алайда менің қимайты­нымды,

Қинайтынымды білмес­ін,

Ол емес сенің ұнайт­ыныңды,

Ұғынып қойып жүрмес­ін....

 

 

*

 

Ғашығың барма? — дейді жұрт

Естіледі ол!

Жендетің қайда? —

деп маған.

Білсемші алда дар барын.

Уа, сезім!

Арқан үзіліп кешірім етші

Тістесін ол да барм­ағын.

Үкімім ауыр

Сүйдім де,

сүйікті бола алмадым!

Тарылып жатыр дем не­ге...

Бұлдырап кетті, бұл­ғап жатырма қолын ел?

Сол жақ тұсымның бе­йбағы-ау,

Дүрсілдей көрме, үндеме!

Қиналып жатыр демейді,

Қимағаның боп көрін­ер...

Шайырым!

Шылымыңыздың шырпыс­ы,

Шырағымызды жаққан жоқ!

Шалғынымызды өртеді

Бір әттең!

Барлығыныкі сияқты

Бақытты ғұмыр кешті деп

Бітпейді біздің ерт­егі...

 

 

***

 

Менің гүл сатқым келеді,

Жұмсартқым келеді жүректерді.

Босатқым келеді бейнеттен

Білектерді.

Кейін ішіндегі сырларды сезінгім келеді

Сыйлаушылардың.

Езілгім келеді қиянаттарға қиылып жатқан

Қия жолдарға құйылып жатқан көңіл үшін

Қуанғым келеді солғанға дейін созылған өмір үшін..

Мен осы ...құмармын.

Мүмкін одан рақат табатын да шығармын.

Табыттарға қойылытан шегіргүлдерді

Мойынға іліп

Сүйіктілеріне арналған шоғырға шоқ қосып байлағым келеді,

Сүйгендеріне сыйланбайтынын біліп

Сергелдең етіп ойнағым келеді

Түймедақтардың пілтесін үзе

«Сүйеді» — «сүймейді»...

Қызық,махаббаттарын мамырдың мамагүлінен сұрайтындар,

Менмендікте мейірім жоғын біледі,мойындауды білмейді

«Жаным, дәл сендей әдемі», — гүлдермен барамын,

(Үйдегім іздемес)

«Жолықтырғанын қарашы бізді кеш»

— дегендерді де көп естіп,

Қараяр құлпытас құлағым.

...

Сосын, мені бір қорқыныш билейді.

Күнәға қамалып тұрамын...

Қолымды қарғаймын,желкеңде бір қыздың  көз жасы жүр деп.

Мен де..

Мен де мүмкін бір күн оны жалықтырамын.

 

Кешке сөреде тұрады гүлдер...

Балғын Апбасхан

Балғын Апбасхан — жас ақын. Түркістан облысы Жетісай қаласында 2000 желтоқсанның 25 дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институтының түлегі. Бірақатар халықаралық және республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Qalamdas әдеби сыйлығының лауреаты «Поэзия» аталымында (2024).

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon