Дактиль
Оксана Мухортова
Қазақ тіліне аударған Ботагөз Қуанышова
Жаңадан салынған илеуде Мик пен Кими деген сары құмырсқа тұрыпты. Кими үйдің тазалығына жауап берсе, Мик таңнан қара кешке дейін әлемді құтқарады екен.
Ол адамдар лақтырып кеткен қоқысты теріп, қайыңның қасына жинайды.
Бірде ымырт жабылып, шөпке ағаштар арасынан күн сәулесі түсіп тұрған кезде, Мик жылтыраған бір нәрсені көреді. Ол жақындап келіп, анықтап қараса сынған қоңыр әйнектің бөліктерін жатыр екен.
Әдеттегідей бәрін теріп, қайыңның қасына жинайды. Кейбір әйнектер ауыр болса да, Мик берілмеді. Жұмысын аяқтап қалған болатын. Соңғы әйнекті ала бергені сол еді, сол аяғын бірдеңе тіліп кеткендей болды. Сөйтсе әйнек кесіп кетіп, қанап жатыр екен. Ауырғанына қарамастан жұмысын аяқтап, ақсаңдап үйіне қайтады.
Миктің аяғын таңып отырып:
— Мүмкін басқа жерге көшерміз? — дейді Кими.
— Жоқ! Қашанғы көшіп қонып жүреміз?
— Мүмкін басқа жердің ауласы тазарақ, қауіпсіздеу болатын шығар.
— Адамдар ақылға келмей, қоқысты көрінген жерге лақтыра берсе, кез келген жер қауіпті болады. Бірақ мен бәрібір өз ісімді жалғастырамын. Балаларымыз болған кезде оларға да осыны үйретемін, — дейді Мик.
— Олар оны қаламаса ше? Күштеп үйретейін деп пе едің?
Мик жарақаттанған аяғына қарап, әрі бері қозғалтып еді, ауырмайтын сияқты.
— Егер қаламаса, дұрыс тәрбие бермегенім... — деп ауыр күрсінді Мик. — Балаларымыз кім болса да, немен айналысса да өз еркі. Бірақ табиғатты аялауға міндетті. Қанша дегенмен жер біздің ортақ үйіміз емес пе?!
Кими Миккиді құшақтай алды. Көзінен моншақтап жас төгілді.
— Байғұс-ай! Жалғыз өзің әлемді құтқара алмайсың ғой! — деді Кими.
Мик болса:
— Бастысы өз міндетімді атқарып жатырмын. Шашылып жатқан қоқысты көріп, Жер Анадан ұяламын. Түсінесің бе?! Әйнектер, қағаздар, шынылар, қаңылтыр ыдыстар! Қанша жинасам да бітер емес. Қарашы, қайыңның қасына жиналған қоқыс, біздің илеуімізден де үлкен.
Кими терезеден қараса, расында солай екен. Үйіліп жатқан қоқыс. Мұны Мик бірнеше күнде жинап шыққан.
— Біздің тіпті көршілеріміз де жоқ. Бір кездері жақын маңда үлкен илеу болатын. Оның өзі де шыдамады. Неге екенін білесің бе? — деді Мик.
— Неге?
— Өйткені бәрі тек өз басының қамын ойлайды. Менің қоқыс жинап жүргенімді көріп, жарымес деп ойлайтын.
— Аһ, Мик! — деп аяғандай Кими оны тағы құшағына алды. — Ертең демалыс алшы, өтінемін, жарақатың жазылсын.
— Анашым, қарашы!
Ваня аяқ жағын нұсқады, бірдеңелер жыбырлап жүргендей. Екеуі анықтап қараса, сары құмырсқа көк пластик қақпақты арқасына салып алып, адамдарға мән бермей кетіп бара жатыр екен.
Құмырсқа қайыңға жеткенше көз алмай қарап тұрған олар, таңғалды.
— Мұның бәрін құмырсқа жинаған ба? — деп Ваня, айналасына көз салды.
Өздерінің ауласымен салыстырғанда анасы екеуі саңырауқұлақ теруге келген орманда бірде-бір қағаз, бірде-бір пластмас ыдыстың қалдығы жоқ.
— Меніңше, мұның бәрін құмырcқа жинаған. Олар табиғатынан өте ақылды әрі мықты, — деп анасы таңырқай жауап берді.
— Анашым, біз де көмектесейікші. Мына жердегі қоқысты жинап, көшенің бойындағы жәшікке лақтырайық.
Анасы келісімін бергендей, істі бастап кетті.
Мұны көрген Мик «Әлемде жақсы адамдар әлі де бар екен-ау» деген ойлады.
Оксана Мухортова — родилась в 1988 году, мама двух замечательных девочек, живет в Северске. Пишет сказки и создает игрушки из различных материалов. Окончила факультет психологии. Сотрудник художественного музея г. Томск. Дважды финалист и дипломант международной Корнейчуковской премии 2021 г. Участник семинара для молодых писателей «ТК–2020». Финалист литературного конкурса «Солнечные часы», посвященного 150-летию со дня рождения И.А. Бунина, 2020 г. Публиковалась в детских журналах «Енот», «Простокваша», «Детское чтение для сердца и разума».