Гулнар Жандыбаева

158

Әңгімелер

Қазақ тіліне аударған Айнұр Джаулбаева

 

Куки-Пачи күнге жетер жолда

 

Оятқыш таңғы жетіде шыр етті. Төсекте керіліп-cозылып алып, Куки-пачи есінеп жүріп, жуынатын бөлмеге қарай беттеді.

Жуынып, тісін тазалады. Айнадан құлазыған сұп-сұр келбетін көрді. Содан кейін орнын әйеліне босатты. Ерлі-зайыптылардың күнделікті күйбең тіршілігі өзгеріссіз қайталанып жатыр: бірге таңғы ас ішу, жұмыста қажет болуы мүмкін құрал-жабдықтарды жинау және тексеру. Әйелі, бетінен сүйіп, түскі ас салынған пакетін қолына ұстатады. Куки сыртқа шығып құлаққабын тағады, жақсы көретін әуенін қосып жұмыс істеуге кетеді.

Айда әдеттегідей салқын және ылғалды, бірақ оны әрқашан анасы тоқып берген қызғылт-сары мойын орағышы құтқаратын. 

Куки-Пачиді ешкім елемейтін, оған қоса ол айда жұмыс істейтін басқа да көмекшілерге ұқсайтын: сопақ денесімен ұштасып жатқан  ұзынша басы, үлкен көздері және қолы мен аяғында үш саусақтан бар. Айда көп жыл өмір сүргендіктен, терісі сұрланып, мұрны салбырап, аузының шеттері төмен түсіп кеткен және ылғи бірдеңеге мұңайып жүргендей әсер қалдырады. Оның мұңаюының да себебі бар еді, өйткені ол он бес жыл бойы тынымсыз «беделді» қызметте жұмыс істеді, ол бір күні зейнетке шығып, жасанды күн емес, жылы Күн сәулесінің астында демалуды армандайтын. Ол бұл жұмысқа мүмкіндігінше көп балл жинап, қартайғанда отбасына лайықты өмір қамтамасыз ету үшін тұрған еді.

Оның ата-анасы  да кішкентай «Аты жоқ планетада» тынымсыз жұмыс істеп, ерсілі-қарсылы тынымсыз қозғалып жүрген астероидтар арасында «тәртіпті» қалпына келтіретін. Ұлының қызмет жағдайы ата-анасына үлкен қуаныш сыйлады, өйткені бұл оларды Жерге жақындата түсетін. Өздері тұрып жатқан жердің кемшілігі — мәңгі тоң мен сұр түнек еді, соның кесірінен тұрғындардың бәрі дерлік көңілсіз әрі уайымшыл болатын. Бірақ Куки жастайынан еңбек қана бір күні арманындағы уайымсыз кәрілікке жетелейтінін түсінді. 

Кеңсеге жеткен соң, аяғын әрең басып, кешкі асқа үйіне асыққан әріптесін бірден ауыстырды. Куки-Пачи жол бойы әндер жинағын тыңдап келді, бұл жинақ оны жұмыс орнында да құтқаратын. Кукидің жұмыстағы міндеті педалды айналдыру.  Жылуды армандайтын өзі сияқты ғарыш тұрғыны келгенше педалды тоқтамай айналдыру. Куки-Пачи ғаламдық белесебетке отырды да, жұмысына кірісті. Белесебет Айдың қозғалыс механизмін іске қосатын. Ай — Жер үшін маңызды: ол түнде елдер мен континенттерге жарық беретін, ғарыш қоқысына қалқан болып, судың көтерілуі мен қайтуына жауапты еді. Жер серігі күн сәулесін жұтып, жарқырайды, бірақ өзі жылынбайды.

Куки көкжиектен көзге көп шалынбайтын алтындай жарқыраған шұғыланы тамашалағанды ​​ұнататын: педальді айналдыра отырып ол үнемі Күнді қуып жүретін. Көпшіліктің ерте ме, кеш пе барғысы келетін жері — қуаныштан бал-бұл жанған ғалам көмекшілері ішінен жарқыраған жаратылысқа айналатын керемет Жер. Бұл орын бәрін қамтитын Ғаламдағы жұмақ сияқты еді, онда сіз өзіңіз қалағандықтан ғана дөңгелекті айналдырасыз және айналаңыз керемет Күн астында бақытқа лайық қуанышты көмекшілерге толы болады.

Екі сағаттық қажырлы еңбектен кейін оның орнына әріптесі келді, ал ол үйіне қайтты. Куки-Пачи жұбайымен Жердегі жоспарланған өмірін қызу талқылады, Күн бәріне бірдей жарқырайтын жерде жаман болуы мүмкін емес!

              

 

Сиқырлы тастар

 

— Қарашы, әже, бұл зымыранға ұқсайды ғой! — бес жасар Куки сопақша келген қиыршық тасты көрсетті

— Дұрыс, Куки, Күнге ұшып бара жатқандай, — деп әжесі немересін жігерлендірді.

— Ол жерде жанып кетпей ме? — деп уайымдады бала қабағын түйіп.

— Жоқ, қарашы, — әжесі тастың ойығын тауып көрсетті: — Қызып кетуден қорғайтын қорғанышы бар сияқты.

— О, керемет! Ғрың-ғырың-ң-ң-ң… — деді де, Куки шаңды көтеріп, үйге барар жолмен жүгіре жөнелді. 

«Аты жоқ ғаламшар» құм мен шаңның күңгірт реңкіне боялғандай. Дегенмен көп жыл бойы отбасы үй ішіне ашық түстер енгізіп, жайлы етіп, өмірін жарқын етуге тырысты. Үйдің іші көгілдір, ал оның айналасындағы қоршау кемпірқосақ түсті тастармен қапталған. Сәби ойнаған аулада ғаламшардың түкпір-түкпірінен әкелінген ерекше гүлдер мен сирек өсімдіктер егіліп, олар осында тамыр жайды.

— Куки-Пачи, қарашы бұл тас Марсқа ұқсайды! Дәл сондай қызыл. Қара, әне көріп тұрсың ба? — деп әжесі алыстағы төбені нұсқады.

— Демек сол жерден қызыл тастарды табуға болады. Жүр, сонда барайық.

— Рахмет, әже! Сіз түзу әрі әдемі тас тауып бердіңіз. Оны маған беріңізші! Мен оны анама көрсетемін, — деп қуаныштан секріп, шыдамай қиыршық тасты сұрай бастады. 

— Оны шелегіңе сал. 

— Шелегім толып қалды, келесі демалыста екі шелек алып, ұзағырақ қыдырайық?! Иә, мә? — деп Куки әжесін көндірді. 

— Балам, оның сұлулығы да осы ғой – өзіңмен бір ғана шелек аласың, сосын біз тек ең ерекше тастарды жинаймыз! – деп әжесі сүйсіне күлді. 

— Ал мен сізге уәде беремін, сіз екеуміз демалыс күндері әлі көп серуендейміз! Уайымдамаңыз

— Мүмкін ертең тағы келерсіз? Жұмысқа бармашы, өтінемін…

— Сабырлы бол, қымбаттым... Жұмысқа бармасам, бір жерде жаман нәрсе болып, менің аймағымдағы метеориттер бүкіл планетаны жоюы мүмкін! Мен ғарыш қоқыстарының бәрін Венерадан алыстатамын, Венера планетасы есіңде ме? — деп сұрады әжесі

— Иә, әже... Ол жерде өте ыстық, о-о, біз қызарып, әдемі болып бара жатырмыз... — ол тіпті қызып кеткендей кейіп танытты.

— Ал, атамыз өз кезегінде метеориттерді ұстап алып, қара тесікке жібереді. Осылай біз өте маңызды жұмыс істеп жатырмыз! — деп әжесі немересінің басынан сипады. 

— Бірақ бүкіл Әлемде, мен үшін ең бастысы, демалыс күндері саған қонаққа ұшып келіп, ең әдемі және ерекше тастарды жинау!

— Ал мен үшін бұл өте маңызды! Компьютер ойындарын ойнаудан да маңыздырақ! Қиыршық тастарыммен ант етемін, әжетай!

— Маған келші, құшақтайын сені, кішкентайым, сен тым тез өсіп бара жатырсың ... — ол сүйікті немересін қатты құшақтады.

— Әже, мен өскенде, атам мен сіз сияқты ғарыш кемесінде ұшамын ба?

— Әрине, қаласаң ғана! Бірақ сен бұдан да жайлы жағдайда жұмыс істейсің деп үміттенемін. Мүмкін сен үлкен бастық боларсың! — Ол саусағын көтеріп, әзілдеп қасын түйіп, маңғаз түр жасады.

— Мен бастық болғым келмейді! — Куки мұндай болашаққа қарсы болды.

— Шынымды айтсам, бастық болудың қандай екенін нақты білмеймін, бірақ менің ойымша, олар тәуекел ете алмайды! Олардың жұмысы да жеңіл... — деп әжесі жан-жағына қарады.

— Ал мен де сен сияқты ғарыш кемесінде ұшқым келеді. Қарашы, мына қиыршық тас сенің кемең сияқты, ал мынау атамдікіндей! – Немересі шелегін ақтарып, екі тасты көрсетті.

— Менің «Жебемнің» көшірмесі. Оларды кемеміздің түсіне боясақ қалай қарайсың?

— Жарайды! Содан кейін оларды Жерге ұшырамыз ба? — деп бала қуанып кетті.

—  О-о-о... Бұл өте керемет екен!

—  Әже, сіз ол жақта болдыңыз ба?

— Жоқ... Бірақ олар бұл жер әлемдегі ең жақсы жер дейді, — деді әжесі ойлана.

— Ол жаққа ата-анаммен бірге барайық, қалай өмір сүріп жатқандарын сұраймыз? Өз көзімізбен де көреміз.

— Куки жаным, ол жаққа жету оңай емес! Жерде өмір сүруге лайық болуың керек, рухани дайын болуың керек...

— О-о-хо-о, мұның бәрі сондай күрделі және ересектерше, — деп бала күңкілдеген бейнені көрсетуге тырысты.

—Хмм, мұның бәрі оңай емес, әрине. Бірақ ең жақсы өміріңді сол жақта, жомарт Күннің шуағында өткізетініңді анық білемін...  Ал, кеттік, анаң тәтті бәліш пісіріп қойған шығар, маған қолыңды бер.

Гулнар Жандыбаева

Гулнар Жандыбаева — казахстанская писательница, автор более двадцати писательских проектов, переведенных на казахский и английский языки. Пишет для детей, подростков и взрослых; пишет рассказы, повести, сказки, фэнтези, стихи. Автор сборника рассказов «Безмолвно бушующая фауна» (2016), сказок «Чудесная фауна» (2017), «Чердачные монстрики» (2018), стихотворений для детей «Колыбельные» (2017), романов «Между нами пропасть размером с Алматы» (2018), «Потому что я громко храпел» (2020), создатель авторского тренинга «Личные границы ребёнка», создатель и идейный вдохновитель сообщества «Творческая Богема Азии».

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon