Дактиль
Мұрат Қолғанат
Кейіпкерлер
Іңкәр
Ержан
Айя
Мәриям
Серік
Іңкәр ұялытелефонын алып күйеуіне қайта хабарласады. Телефонын көтермейді, Тағы хабарласады.Өшірулі. Көңіл күйі түсіп орындықта отырады. Күйеу Ержан і пәтер есігін өз кілітімен ашып ішке кіреді.
Ержан. Жарық жақпай қараңғыда не істеп отырсың?
Іңкәр. Телефон соқсақ ол көтермейсің.
Ермек. Сен хабарласқан кезде машина айдап келе жатамын.
Іңкәр. Кім біледі не айдап келе жататыныңды...
Ержан жарықты жағып, жайылып тұрған дастарханды көреді.
Ержан. Қонақ шақырайын деп жатсың ба?
Іңкәр. Бір жігітті қонаққа шақырып қойып едім.
Ержан (мысқылмен). Аа онда кедергі келтірмей тезірек кетіп қалайын. Менің таза киімдерім қайда еді? Қазір жігіттермен моншаға баратын болдық.
Іңкәр. Моншаға а?
Ержан. Тез бармасам болмас, күтіп отыр. Онысыз да кептелісте тұрып кешігіп жатырмын.
Іңкәр. Тоқтай тұр. Бүгін үйде боламыз деп келіскеніміз қайда?
Ержан. Ренжімеші енді, Айяқ асты шақырып қалды. Кешке келгенде отырамыз ғой.
Іңкәр. Ержан, күні бойы әуреленіп дастарханды кім үшін жасадым?
Ержан. Жаным, түсінші енді, бармай қойсам ертең сөзге қаламын.
Іңкәр. Әйеліңнен достарың артық болып тұр ма?
Ержан. Сен түсінесің олар түсінбейді.
Іңкәр. Жо, жоқ. Әйеліне уәде беріп оны орындамаған күйеуді мен де түсінбейді екенмін.
Ержан. Менің қалың күртемді көрдің бе? Орамалды қайда қойдың?
Іңкәр. Керек пе, өзің тауып ал.
Ержан. Киізден жасалған тақия қайда?
Іңкәр. Өзің тауып ал дедім ғой!
Іңкәр орнынан атып тұрып шкафты ақтарып ең әдемі көйлектерін шығарады.
Ержан. Саған не болды? Тыныштық па?
Іңкәр. Үстімізге халаттан басқа киетін дым киім жоқ. Киім алып беруді де білмейсің. Әйеліңе жаның ашымайды ғой, жаның ашымайды...
Ержан. Алмайсың ба, біреу алғызбай отырма?
Іңкәр. Ипотека төлейтін ақша жетпейді, үнемдеп жұмса деп күнде қақсайтын кім?
Ержан. Күнен- күнге қымбатшылықтың жағадан алып жатқаны мынау, ақшаның жетпейтіні рас қой.
Іңкәр. Жеткіз. Ана көрші Серік жұмыс істемесе де ақшаны күреп табады. Үйренбейсің бе?
Ержан. Айтпашы соны! Сумаң — сумаң етіп жүрмейтін жері жоқ.
Іңкәр. Жақсы өмір сүру керектігін үйренгеніңде бАйяғыда ипотекаңды жауып тастар едім.
Ержан. Сол келіп ақыл айтпай — ақ қойсыншы. Онсызда ипотеканы жабуға аз қалды. Құдай бұйырса он жылдан кейін құтыламын.
Іңкәр. Он жыл деген бір иттің ғұмыры.
Ержан. Мысқылдап тұрсың ба?
Іңкәр көйлегін киіп дайын шығады.
Іңкәр. Мен дайынмын.
Ержан. Барыңды киіп қайда барғалы жатырсың?
Іңкәр. Күйеуіммен бірге моншаға барамын.
Ержан. Моншаға а?
Іңкәр. Не болды, көзің шараңнан шығып?
Ержан. Ол жерде кілең жігіттер. Жігіттер.
Іңкәр (Айнаның алдынан шықпай). Бола берсін.
Ержан. Бармайсың.
Іңкәр. Барамын. Бірге қыдырмағалы көп болды.
Ержан. Мына көйлегіңмен моншаға бармайтын шығарсың?
Іңкәр. Барса несі бар, барамын. Көрсін оларда, әйеліңнің қандайекенін!
Ержан. Айнаға қарасаңшы, бие болдың ғой.
Іңкәр. Бие болсақ та әлі қарайтындаймыз. Не істеп тұрсың, кеттік.
Ержан. Ешқайда бармайсың.
Іңкәр. Не болды, қызғанып кеттің бе?
Ержан. Жоқ...
Іңкәр. Енді?
Ержан. Моншаға бармайтын шығарсың...
Іңкәр. Айтшы, соңғы рет екеуміз қашан ерлі-зайыпты болып бірге қыдырдық?
Ержан. Алдындадостарымыз келгенде бардық. Еденді тескенше секіріп биледің.
Іңкәр. Сосын?
Ержан. Ауылдан әке-шешең келгенде мейрамханаға барып отырдық.
Іңкәр. Қалай отырғызғаныңды көрдік. Қаладағы дизайны тартымды ресторанға шақырама десем, ақшаңды қимай қайдағы бір арзан кафеге шақырдың.
Ержан. Ау, ол арзан кафе емес.
Іңкәр. Арзан болатын.
Ержан. Арзан емес. Оның үстіне қаладағы адам ең көп баратын кәуапхана болатын.
Іңкәр. Әйелдерді алдай алмайсың. Маған ол жер ұнамады.
Ержан. Ұнамады? Не деген керемет жер, тағы келейікші дегенің қайда?
Іңкәр. Көңілің үшін айта салғам. Маған көңіл де бөлмейсің. Күнде қыздармен, әйелдермен мейрамханаға барып, кино көріп, таза ауада демалып жүргеніңді білмейді дейсің бе?
Ержан. Күн сайын қыдырып жүрмін?
Іңкәр. Иә!
Ержан. Айтшы ал, қашан қай жерде көрдің?
Іңкәр. Жұмыстан кейін адам тасып жүрмін деп алдап жүргеніңді де білемін.
Ержан. Саған дауа жоқ. Таң қалдырудан жалықтырмайсыңдар. Браво! Браво!
Іңкәр. Сенің арқаңда бәрін есте сақтайтын болдық. Не істеп тұрсың кеттік енді.
Ержан. Қайда?
Іңкәр. Моншаға.
Ержан. Ешқайда бармаймыз.
Іңкәр. Не болды, қыздарыңды көріп қалады деп қорқасың ба?
Ержан. Мәселе онда емес. Екеуміз сөйлесуіміз керек.
Іңкәр. Екеуміз сөйлесетін уақыттан өтіп кеттік.
Ержан. Түсіне алмаймын. Қазір мүлдем басқа адамсың.
Іңкәр. Осы жағдайға алып келген өзің. Не сеземін? Не ойлаймын? Қандай өмір сүріп жүрмін? Осы туралы бір сәтке ойладың ба? Бәрің бірдей өзімшілсіңдер. Өзіңді ғана ойлайсың. Маған да сезім, қамқорлық керек. Менің де еркелегім келеді. Жалғыз сен ғана дүниенің қызығын көруің керек пе?
Ержан. Жетеді! Доғар енді!
Іңкәр. Өзіңен «Маған машина әпер, күнде қыдырт, құшақ-құшақ гүл, алтын сыйла» — деп мүмкіндігің жетпейтін нәрселерді сұрап жатқан жоқпын. Cұрайтыным жалғыз ғана көңіл бөлуің. Жұмыста жүргенде телефоныңды алып: «Қалың қалай? Тамақ іштің бе? Көңіл күйің қалай?» — деп жазуға болады ғой. Зарығып сенен осындай жылы сөздер қашан шығады деп күтумен отырамын. Күніне уатсаппен бәлен адамға жазғанда маған осы екі-ауыз сөзіңді қимайсың ба? Үйге келсең де бөтен адамдар сияқтымыз. Байланыстыратын ортақ сезім де жоқ.
Ержан. Тағы не айтасың?
Іңкәр. Біз, әйелдер, Айяғымызды шалыс бассақ болды әйел шайтан, азғырушы, азғындаушы. Жұмақта рахаттанып өмір сүріп жүріп едік, осы қатындардың кесірінен қуылдық деп жазғырасыңдар. Біз шайтан болсақ, несіне шайтанмен бірге тұрып ұрпақ өсіріп жүрсіңдер?
Ержан. Болдың ба?
Іңкәр. Болған жоқпын. Құдайға күнәһар болмайық. Мына жүрісің болмайды. Отбасыңның шырқын бұзба.
Ержан. Екеумізге де жақсылық алып бермейтінқысыр әңгімеңдітағы бастамашы.
Іңкәр. Бақытты қыламын деп алдың ба, енді бақытты қылып ұста!
Ержан. Менен не қалайсың, айтшы?
Іңкәр. Байяғыда айтқанмын. ЖағдІңкәрды жасап, үлде мен бүлдеге орамай-ақ қой. Біз әйелдер қандай қиындық болсада отбасымыз үшін шыдаймыз. Тек көлденең жүріс жасап қадіріңді кетірмеші.
Ержан. Қайдағы көлденең жүріс? Жала жауып тұрғаныңды білесің бе?
Іңкәр. Жала?! Ешкімге жайдан жай жала жаппаймын. Негізі сен бақытты жансың. Аңқау, сенгіш, адал әйелің бар. Басқа әйелің болса сенімен бір күн де тұрмаушы еді.
Ержан. Менің бақытым да, шаттығымда сенсің. Сен болмасаң осындай дәрежеге жетпес те едім.
Іңкәр. Менде шын айтып отырмын.
Ержан. Менің де шыным осы.
Іңкәр. Егер осындай жүрісіңді қоймасаң, біреуді тауып аламын. (Ержан үндемейді.) Бізге де қарайтын біреулер бар шығар. Жалғыз қалсам болды, біреумен құшақтасып жатқаның елестейді.
Ержан. Саған дауа жоқ. Кеттім.
Іңкәр. Бар. Бар. Қыздарың күтіп қалған шығар..
Ержан есікті тарс жауып шығып кетеді. Іңкәр өзімен өзі ашуланып қала береді.
Іңкәр. Жек көрем сені. Жек көрем. Қасымда қанша жігіт жүрсе де сені сүйдім. Не үшін?! Шешемнің өзі «Әй, қызым, әлі жассың. Күйеуге тиіп қарық болмайсың, оқуыңды оқы» — дегенде тыңдамай, осыдан басқа жігіт болмайтындай жабысып тиіп алдым. Ақымақсың, Іңкәр, ақымақысың!
Іңкәр. Менен құтылған күні той жасайтын шығарсың.
Ержан. Ол аз. Аспанға батпырауық ұшырамын, достарымды шақырып салют атамын.
Іңкәр. Шыныңды айтшы, осы сен мені жақсы көресің бе, әлде әшейін үйлене салдың ба?
Ержан. Сүймесе адам үйлене ме?
Іңкәр. Онда неге...
Ержан. Неге, неге? Сол, табан астынан ши шығаратының шаршатпаса, сезімім сөнген жоқ әрине..
Іңкәр. Ал, мен сенімен алысудан шаршадым.
Ержан. Қызықсың, шаршайтындай саған жүк артып жүрген жоқпын ғой.
Іңкәр. Бір әйеліңнің көңілін таппайсың, сүйіктілеріңе қалай жағасың.
Ержан. О, Алла! Қашан осы үйде бір тыныштық болады а?!
Іңкәр. Менен құтылған күні.
Ержан. Бірдеңеге көз жеткізбей көлгірси берсең мені бездіріп тынасың. Әлде соны қалайсың ба? Сен неге осы маған тиіскеніңді қоймайсың а? Неге отырсам опақ, тұрсам сопақ қыласың? Не жетпейді осы саған?
Іңкәр. Осы үйде командир сенсің. Не керек екенін сен білу керексің.
Ержан (айқайлап). Байяғыдан осындай қырсықсың. Осы уақытқа дейін сенің көңіліңе қарап келдім. Енді жетер! Не жұрт ұқсап балалыда болмадық. Бедеу қатынмен тұрғаным үшін ешкім маңдІңкәрнан сипаған емес. Естігің келгені осыма?
Іңкәр. Бәріне өзің кінәлісің.
Ержан. Басыңда бір бітпейтін қатындарың бар. Осы екеуміздің бақытты, тату сәттерімізді қалай сызып тастай аласың? Ойлайтыныңда, көретініңде сайтанның ісі. (Құмыраларды дүниелерді көрсетіп.) Мынаның бәрін маңдІңкәрнан тер ағызып біреуді алдап, біреуді арбап жүріп жүріп сен үшінжинағанда айтқан рақметің осы ма?
Іңкәр. Мен саған осыларды алып бер деп едім?
Ержан. Аа солай ма? Өзім жинаған екенмін ғой?! Өзім жинадым, өзім құртамын.
Ержан орындықты жерге лақтырып, Айяғымен құмыраларды сындыра бастайды.
Ержан. Мә, ендеше.
Іңкәр. Бәрін сындыр. Түк қалдырма. Менің еш еңбегім сіңген жоқ дүниелер. Сындыр, талқанда бәрін.
Ержан. Сындырам, сындырғанда қалай сындырам. Осыған жеткізген өзің, енді разы бол!
Іңкәр (Күйеуіне айқайлап). Маған осының бәрі керек пе? А, керек пе?! Менде шаршадым. Менде әйелмін. Меніңде тыныш ұйықтағым келеді. Маған да дүниенің бес тиынға қажеті жоқ. Кет, кет!
Іңкәр мен күйеуі бір-біріне ашуланып үйдің тас-талқанын шығарады. Әбден шаршағаннан кейін екеуі жерге отыра кетеді.
Ержан. Екеуміз бірге тұра алмайды екенбіз.
Іңкәр. Кет. Күтіп отырған әйеліңе бар.
Ержан. Сендей мисыз әйелге қарағанда, бақытты солардан табармын.
Іңкәр. Бар, бар. Өміріңе жұмақ орнатады солар.
Ержан есікті тарс жауып шығып кетеді. Іңкәр жылап отырып қалады.Есіктің қоңырауы тағы соғылады. Іңкәр тағы есікті ашады. Екі әйел Іңкәрді итере ішке кіреді.
Іңкәр. Тоқтаңыздар! Сіздер кімсіздер?
Айя. Марко. Марко.
Мәриям. Эрик. Эрик, жаным қайдасың?
Айя (қирап жатқан құмыраларды көріп). Cоғыс болған ба?
Іңкәр. Не шаруаңыз бар?
Айя. Марко қайда?
Іңкәр. Марко? Бұл жерде ешқандай Марко тұрмайды.
Мәриям. Марко емес, Эрик оның аты. Эрик.
Айя. Қайдағы Эрик? Ол Марко.
Мәриям. Эрик.
Іңкәр. Қайдағы Эрик, қайдағы Марко?
Айя. Күйеуіңді қайда жасырып қойдың тап бол!
Іңкәр. Сіздер қателесіп тұрсыздар, бұл үйде Эрикте, Маркода жоқ.
Қыздар үйді тексеріп, тінтіп кетеді.
Іңкәр. Тоқтаңыз, баса-көктеп кіріп, бөтен біреудің үйін тінтіп жүргеніңіз неткен жабайлық?!
Іңкәрдің күйеуіне арнайы дайындаған махаббат үстелін көріп.
Айя. О, о свидание жасап отыр екенсіңдер ғой? Шампан, күрке тауық пісіріп. Май шамдарды жағып қоймадың ба? (Оттықпен шай шамдарды жағып.)
Іңкәр. Онда сіздің шаруаңыз қанша?
Айя. Сіңлім, қарашы, өмір неткен әділетсіз. Біреулер жылап жүр, ал біреулер болса махаббат тойлайды?!
Іңкәр. Қазір кетпесеңіздер бар ғой, полиция шақырамын!
Айя. Шақыр. Полицияға біздіңде айтарымыз бар.
Іңкәр 102 қоңырау шалады.
Дауыс. Жүз екі қызметіне қош келдіңіз! Қазақ тілін таңдау үшін бірді басыңыз. Орыс тілін таңдау үшін екіні басыңыз. Егер де сіздің басыңызға қандай да бір ауыр сөз айтса бірді басыңыз. Өміріңізге қауіп төніп тұрса екіні басыңыз. Қандай да бір көмек керек болатын болса үшті басыңыз. Кешіріңіз, қазір барлық абаненттер бос емес. Күту уақыты бес минут. Желіде қалыңыз, сізбен міндетті түрде хабарласамыз.
Іңкәр. Сайтан алсын бәрін. Мен бәрібір полиция шақырамын.
Айя. Шақыр, шақыр күтейік.
Іңкәр. Сіздерге менен не керек өзі?
Айя. Айт, күйеуіңді қайда жасырып қойдың?
Іңкәр. Жұмысқа кеткендеп айтып тұрған жоқпын ба?
Айя. Бір жерге жасырып қойдың. Әдейі айтқың келмей тұр. Марко! Марко! Шық деймін.
Мәриям. Эрик жаным қайдасың? Эрик мен келіп тұрмын. Сенің ерке елігің келіп тұр.
Іңкәр мен Айя таң қалып, Мәриямға қарап қалады.
Айя. Жаман иттің атын Бөрібасар қояды деп, мынаның арманын қара.
Мәриям. Мені Эрик солай еркелетеді, если что!
Іңкәр. Тоқтаңдар. Қайдағы бөрібасар, қайдағы елік? Не істеп жүрген адамсыңдар? Менің үйімде нелерің бар? Қайталап айтам, егер қазір кетпейтін болсаңыздар, полиция шақырамын.
Айя. Сен Маркоға кім боласың?
Іңкәр. Маркоңды танымаймын. Осы үйдің әйелі екенім рас.
Айя. Бейшара қыз, сенде қармаққа түсіпсің-ау.
Іңкәр. Қайдағы қармақ? Не айтып тұрсыңдар?
Мәриям. Менің Эригімнің әйелі болуыңыз мүмкін емес. Не может быть! Ол бойдақ, ол мені ғана сүйеді.
Айя. Сары тышқан-ау, ол мені сүйеді.
Мәриям. Сіз бар ғой,острожно сөйлеңіз. Аузым менікі екен деп оттай бергенді қойыңыз. Сары тышқан дейтіндей, сіз мені қойманың ішінен тауып алған жоқсыз.
Айя. Ал, сары тышқансың. Не істей аласың ал? Сарыы тышқан!
Мәриям. Сізді бар ғой мен... Мен сізді... За оскорбления полицияға тапсырамын.
Айя. Жаз ал. Көрейік.
Іңкәр. Тоқтаңдар! Төбелескілерің келсе далаға шығыңдар. Біреудің шаңырағына келіп алып ойнақтауларыңа жол бермеймін.
Айя. Ешқайда да бармаймыз. Күйеуіңмен сөйлесуіміз керек.
Іңкәр. Ол түнгі сменде, таң ата бірақ келеді.
Мәриям. Мейлі, ол келгенше ешқайда бармаймыз.
Айя. Жатқан шығар бір қарауылды күзетіп.
Іңкәр. Сіз өйтіп отқа май құймаңыз. Ол жұмысына адал.
Айя. Көрдік қандай адал екенін.
Іңкәр. Қазір кетпесеңдер бар ғой, полиция шақырамын.
Іңкәр 102 қоңырау шалады.
Дауыс. Жүз екі қызметіне қош келдіңіз! Қазақ тілін таңдау үшін бірді басыңыз. Орыс тілін таңдау үшін екіні басыңыз. Егерде сіздің басыңызға қандайда бір ауыр сөз айтылса бірді басыңыз. Өміріңізге қауіп төніп тұрса екіні басыңыз. Қандайда бір көмек керек болатын болса үшті басыңыз. Кешіріңіз, қазір барлық абоненттер бос емес. Күту уақыты бес минут. Желіде қалыңыз, сізбен міндетті түрде хабарласамыз.
Айя. Сені шақырып қойған шығарсың десем әлі жүрсің бе?
Іңкәр соткасына жармасып номерді теріп жатып күйеуіне деген қызғаныштан, ызадан жарылып кете жаздап қыздарға жақындайды.
Іңкәр. Тоқтаңдар. Шуламаңыздар. Демек, менің күйеуім сіздермен (саусағымен екеуін нұсқап) ашына болған ба?
Айя. Марко бойдақпын деп айтқан.
Мәриям. Эрик те солай деген.
Іңкәр. Онда не тұрыс, жұмыстан келгенін күтейік. Жас өмірлеріңізді қор қылыпты ғой, жауап берсін. Мерекеге арнайы келген екенсіздер «Құдайы қонақ» келсе кеудесінен итермейтін халықпыз. Дастарханға келіңіздер.
Айя. Қарсылығым жоқ. Ана оңбағанды іздеймін деп күні бойы нәр татқан жоқпын.
Қыздар үстелге отырады.
Іңкәр. Айта беріңіздер. Қалай таныстыңыздар? Қалай жолықтыңыздар?
Айя. Қалай жаттыңдар деп қоймайсың ба?
Мәриям. Ужас.
Іңкәр. Таныса отырсақ. Іңкәр!
Мәриям. Мәриям.
Айя. Атымыз енді қазақи ат. Былай жаман ат емес.
Іңкәр. Айтсаңшы енді.
Айя. Қысқаша Айя десең болады.
Іңкәр. Қалай?
Айя. Айя.
Іңкәр. Қош келдіңіз, Айя, Мәриям. Кімсіздер? Қайда жұмыс істейсіздер? Қысылмай айта отырыңыздар.
Мәриям. Я вообще-то екі бірей вузды красныймен бітіргенмін. Университетте сабақ беремін. Доцентпін. Әлі тұрмысқа шықпаған жас қызбын.
Айя. Бізде сол кітап кемірмесекте Құдайға шүкір, кәсіппен айналысамыз.
Іңкәр. Сізде...
Айя. Біз де тұрмыста емеспіз. Тұрмысқа шығамыз ба деп жүр едік, қашып кетті сұмырай.
Іңкәр. Қашқаны қалай?
Айя. Таңертең тұрсам, қоянның ізін салып жоқ болыпты. Үйіңнің дизайны күшті екен.
Іңкәр. Сізге ұнайма?
Айя. Ерекше. Креативный.
Мәриям. Вазаларды жақсы көреді екенсіз.
Іңкәр. Қымбат тұрады. Бала кезімнен құмартамын. Құмыраларды жақсы көретінімді біліп, күйеуімнің сыйлағандары.
Айя. Күйеуің ақшаны қайдан алады?
Мәриям. Жұмыс істеп тапқан шығар!
Іңкәр. Күйеуімнің қандай адам екенін білгім келеді. Сіздерді қалай алдаса, мені де солай алдап келді. Қалай таныстыңыздар?
Айя. Қалай таныстық. Клубта таныстық. Құрбыларыммен туған күнімді атап өтуге барған болатынмын. Керемет отырыс болды. Көңіл-күй аспанда, билеп шулап отырмыз. Бізге көрші отырған жігіттердің арасынан менен көзін тайдырмай қарап отырған сымбатты Ержанды көрдім. Ұялып қалдым. Таң қалатыным, мендегі сезімдер әлі өлмепті. Осы сәтте романтикалық мелодия қосылды. Әлгі Ержан орнынан тұрды да маған жақындап келді. Өзімді қоярға жер таппай, іштей дірілдеп отырмын. Екі вокал виносы бар, қасыма келді.
Ержан қасына келеді. Іңкәр мен Мария оларды бақылап отырады.
Ержан. Гректердің арнайы сіз үшін өсірген жүзімінен ашытылған қызыл шарапты өзіңізге сыйлағым келеді.
Айя. Негізі мен виноны ұнатпаушы едім. Біздікі өзіміздің бидайдан ашытылған арақ қой.
Ержан. Өзіміз екенсіз. Мархабат!
Ержан қызды биге шақырады.
Айя. Биден кейін біз ұзақ әңгімелестік. Қозғамаған тақырыбымыз жоқ. Біздің талғамымыз бір жерден шықты. Көретін киноларымыз, тыңдайтын музыкаларымыз, демалатын жерлермізге дейін ұқсайды.Кеш өте тез өтті. Менің үйіме бардық. Керемет бас айналдыратын бақытқа толы түн болды.
Іңкәр қызғаныштан жарылардай қып-қызыл болып отыр.
Мәриям. Надо же! Қандай керемет махаббат. Кинодағыдай прям.
Іңкәр. Ах, оңбаған. Пәлесін қарашы өзінің, бізге келгенде күші бітіп шаршап қалады. Басқалар үшін таңға дейін өнер көрсетеді.
Айя. Енді оның құштарлығы ашылған шығар. Мендей көрікті аруға қалай махаббаты оянбасын!
Мәриям. Ну Инкар енді кінәлай бермесеңші. Солай болыпты, енді! Что теперь поделаешь!
Іңкәр. Кейін не болды?
Айя. Мен бай әйел емеспін, алайда әулетімізге жеткілікті кәсібім бар. Табысымда жаман емес. Біз күнара кездесіп жүрдік.Келген сайын ойлап таппайтыны жоқ. Адамның ақылына сыймайтын сыйлықтар жасайды. Төсекте есіңнен тандырып тұрып құмарыңды қандырады. Кейін басынан қиыншылақтар өте бастады.Менен келіп ақша сұрай бастады. Машинасын соғып алғанын, жұмыстан қуылғанын т.б. пәле-жаланы үйіп төкті. Мен ақымақ сөзіне имандай сеніп, жинап жүрген ақшаларымның бәрін қолына ұстатыппын.
Мәриям. Ужас! То же самое! Какой кашмар!
Іңкәр. Қанша ақша берген едіңіз?
Айя. Жиырма-отыз мыңдай евромды бердім.
Мәриям. Ужас! Менен де сонша ақша алған, аферист!
Іңкәр. Қолхат алып қалмадыңыз ба?
Айя. Сенген адамыңның ту сыртыңнан пышақ салатынын білмеймің ғой! Қарап отырсам, құмыраларыңа біраз ақшаларымыз кеткен сияқты...
Іңкәр. Бұлардың бәрі қытайлық көшірмелер.
Айя. Мүмкін. Мүмкін. Қытайлардың шығармайтыны жоқ.
Мәриям. А, да мен оригинал деп отырсам.
Іңкәр. Сіздің туған күніңіз ақпанда ма?
Айя. Оны қайдан білдің? Атым Айя, туған күнім ақпанда. Әлде күйеуің айттыма?
Іңкәр. Бұл айда қырсық, әрі мінезі ауыр әйелдер дүниеге келеді. Өте ашушаң болғанымен, өзіне тән төзімділігі де бар. Олар қиындықтан қорықпай, тез шешім қабылдайды. Алайда, бұл шешімі әр кезде дұрыс бола бермейді. Тез ренжіседі және кек сақтағыш. Еркектерге жиі алданып қалады. Кішкентай сәбилерді жақсы көреді.
Айя. Дәл менің мінезім екен.
Мәриям. Астрологиямен айналысасыз ба?
Іңкәр. Тек әуесқойлық деңгейде ғана.
Мәриям. Менікін айтасыз ба? Август айында дүниеге келгенмін.
Айя. Тышқандарға не керек соны біліп.
Мәриям. Ужас! Вам надо лечиться!
Айя. Қойдым, қойдым. Аузыңды ашсаңда пәлеге қаласың.
Іңкәр. Шілде айында өте ұяң және ұялшақ әйелдер өмірге келеді. Олар үнемі барлығын уІңкәрдап жүреді. Өмірінің барлық кезін көңіл-күйімен шешеді. Романтикаға берік. Бір нәрсені терең сезеді және жан-тәнімен уІңкәрдайды, бірақ сырттай көрсетпейді. Үйі және отбасы — олар үшін бірінші орында.
Мәриям. Слышали да? Инкар айтқандай, өте мәдениетті адаммын.
Айя. Әй, мәдениетті сары тышқан, ана Эригіңмен қалай таныстың?
Мәриям. Эрикпен танысудың өзі бір сказка болды ғой!Айтуға сөздің өзі аздық етеді. Оны прям сезіну керексің.
Айя. Басталды енді.
Мәриям. Не басталды? Рас айтам, біздің Эрикпен танысумыздың өзі целоефранцузское романтическое кино.
Айя. Көрейік онда, сары тышқаның киносын.
Мәриям. Сізге ашуланбаймын. Сіз мені қызғанып отырсыз, Вам просто завидно!
Айя. Мен бе, көре алмай отырған?
Мәриям. Өзіңіз дәу болғаныңызбен, жүрегіңіз прямо кішкентай, сондықтан сіз ештеңені көре алмайсыз.
Айя. Енді жетпегені тышқанның махаббатын қызғану еді.
Іңкәр. Бөле бермесеңізші, айтсын.
Мәриям. Біз жаздың керемет мезгілінде көлдің жағасындағы дискотекада таныстық. Помню, был красивый закат! Қыз жігіттердің бәрі купальникте текила ішіп,зажигали. Тек латиноамерикалық музыкаға билеп жатырмыз. Бала кезімнен Самба, Ча-ча-ча, Румба, Пасодобль, Джайв билерін үйренген адаммын ғой. Всегда была в центре внимания. Тіпті Латиноамерикалықтардың өздері маған жете алмайды. Музыка қойылды. Ортаға енді шыққанедім, сондай сымбатты, харизматичный, аккуратно одетый ол ортаға шықты.
Ержан тағы шығып Мәримды ишарамен биге шақырады. Іңкәр мен Айя бақылап тұр. Олар ұзақ билейді.
Айя. Ах, оңбаған беишара. Сол кезде путевканы қарызданып жүріп, мен алып беріп едім оған. Ол болса, тышқанмен көңіл көтеріп, төсегімді былғапты.
Мәриям. Ну откуда я занала? Менің кінәм жоқ қой. Екі адамға жолдама алып келді. Бардым.
Айя. Жазда оңбаған күйеуің қайда болды?
Іңкәр. Достарымен Алакөлге демалуға кеткен болатын.
Айя. Екеумізді алдағанына мәз болып жүргенде, күйеуіңнің істеген ісін қара. Сары тышқанмен махаббатқа батыпты.
Мәриям. Күйеулеріңе ие болмадыңдарма енді.
Айя. Ол сорлысенің қай жеріңе қызықты екен. Түрің болса мынау, мықының болса анау.
Мәриям. Сіз өйтіп мені қорламаңыз. Не имеете право. Если что, менің фигурам сенің май басқан бөксеңе қарағанда, еркек қарайтындай! Вот так!
Айя. Қазір саған май басқан бөксені көрсетейін.
Айя күрке тауықтың сирағын ұстап алған күйі Мәриямды қуа жөнеледі.
Мәриям. Ойбай өлтірді. Помогите. Помогите. Помогите. Мені анаконда жұтқалы жатыр.
Мәриям Іңкәрдің артына тығылады.
Айя. Шық деймін бері қарай. Анаконданың қалай жұтатынын көр.
Мәриям. Шықпаймын.
Айя. Шық дедім.
Мәриям. Шықпаймын.
Айя. Іңкәр, ана тышқанды үйіңнен қуып шық.
Іңкәр. Қалай қуамын.
Мәриям. Ну қыздар мен Айяқтай салайыншы енді.
Айя. Өліп бара жатырсың ғой. Айяқта ал, Айяқта.
Мәриям. Үстелдің ана жағына подальше отырыңыз.
Айя. Осы жерде-ақ отыра берейінші.
Мәриям. Алыс отырғаныңыз жақсы. Так безопаснее..
Айя Мәриямнан алыс отырады.
Мәриям. Ол демалысымыз Айяқталғанша көңіл бөлді. Жаз бойы прямо на руках носил. Бір сказаканың ішіне кіріп кеткендей болдым. Прямо почуствовала себя королевой! Бір күні ол қонақ үйіме дейін шығарып салып тұрып, ернімнен ұзақ сүйді. Есіме түссе әлі күнге дейін дрожь по телу. Келесі күні оянғанымда поняла что влюбилась. Ол мені қанша алдап, жиған дүниемнен, жақындарымнан айырса да,не могла его забыть. Түсінесіздер ме, сүйемін оны. Онсыз өмір сүре алмайтын сияқтымын. Сіздерден жасыратын ештеңем қалған жоқ, Эриктен бала күтіп жүрмін.
Пауза. Екі әйел бір-біріне таңырқап қарап қалады.
Мәриям. Ренжімеңдерші,так получилось. Өз-өзімізді ұстай алмай қалдым. Мына жасымда не думала, что забеременею.
Айя. Мәссаған! Келгелі айта алмай отыр едім. Менде одан бала күтіп жүрмін.
Іңкәр. Қыздар...
Айя. Сенің де Айяғың ауыр ма?
Іңкәр басын изейді.
Айя. Мәссаған!
Мәриям. Вот это паворот!
Пауза. Қыздар үнсіз қалады. Бір кезде Мәриям айқайлап терезеге жүгіреді.
Мәриям. А-а-а.
Айя. Ұста ана сары тышқанды секіріп кетпесін.
Іңкәр жүгіріп барып Мәриямды тоқтатады.
Айя. Қыздар без паники! Без паники! Бәрін шешеміз. Біз ересек адамдармыз. Болған іс болды. Бәрін ақылмен шешу керек.
Мәриям. Қандай ақылды айтасыз? Қайдағы ақыл!? Понимаете, біз бір еркектен жүктіміз.
Іңкәр. Оңбаған! Жүргіш! Басқа-басқа, одан мұндайды күтпеп едім.
Айя. Қыздар без паники! Без паники! Ақылға салайық. Енді үшеумізді байланыстыратын ортақ дүние бар.
Іңкәр киімдерін сөмкелеріне салып жинала бастайды.
Іңкәр. Дәл мұндай ортақ дүниелерің керек емес. Бар өмірімді құртты.Ажырасам. Кетем бұл үйден. Оған сеніп өмір сүрдім. Жетеді. Бұл үйде бір сәтке де қала алмаймын. Тойдым!
Айя. Сіңлім, енді ашуыңды маған қи.
Іңкәр. Қайсысымен тұрам десе, сонымен тұрсын. Келгенде айтыңдар, менен аулақ кетсін. Хабарласпасын!
Мәриям. Инкар, жаным, алтыным отыршы.
Іңкәр. Инкар емес, Іңкәрмін. Аттыда қорламай дұрыс айту керек қой.
Мәриям. Жарайды, Инкар.
Іңкәр. Іңкәр.
Мәриям. Перестань, пожалуйста! Тынышталшы, су ішесің бе?
Қыздар Іңкәрді тыныштандырып, орындыққа отырғызып жатып, дастарханда тұрған шампанды су екен деп ішкізіп жібереді.
Мәриям. Попей.
Іңкәр шампанды аузынан шашып жібереді.
Айя. Шампан бергенің не?
Мәриям. Я думала, су.
Айя. Өй сенің көзіңнен болайын. Сіңлім сабыр сақта. Негізі ажырасқаның біз үшін жақсы болар еді.
Мәриям. Ужас, қалай-қалай сөйлейсіз?
Айя. Қалжыңдауға да болмайды. Сіңлім өзің көрікті екенсің, оның үстіне әлі жассың. Ертең басқа бір күйеу тауып аласың.
Мәриям. Ужас!
Айя. Бізге қарашы. Бет-жүзіміздің бәрі әжім. Бояумен ғана тұрмыз. Бізді кім алады?
Мәриям. Не так уж и кәріміз.
Іңкәр. Енді маған не істе дейсіздер?
Айя. Сабыр сақтап, ана оңбағанды күтейік. Сөлесейік.
Іңкәр. Баламыздың болғанын он жылдан бері күтіп едім. Ұзақ күткен қуанышымның түбі осы болды..
Мәриям. Значит, Эрик те бала болғанын қатты қалаған...
Айя. Біреу болмаса біреуі көтерер деп, тұқымын сеуіп жүрген шығар. Біздің өмірімізді құртқан сенсің.
Іңкәр. Қалай мен? Кірін жуып, тамағын істеп отырғаннан басқа қандай кінәм бар?
Айя. Бала таппаған соң, күйеуің үйден безген. Бақытын даладан іздеген. Енді еркекке ұрпақсыз өтуден қиын азап жоқ қой! Біз, жарайды шежіреге де кірмейміз, ал еркекке ұрпақ керек.
Іңкәр атып тұрып есік жаққа барады.
Іңкәр. Осы қорлағандарыңыз жетер. Сонда бәрін құртқанмен екенмін ғой! Шығыңыздар үйімнен. Кетіңіздер! Кетпесеңіздер, полиция шақырамын.
Іңкәр 102 қоңырау шалады.
Дауыс. Жүз екі қызметіне қош келдіңіз! Қазақ тілін таңдау үшін бірді басыңыз. Орыс тілін таңдау үшін екіні басыңыз. Егерде сіздің басыңызға қандайда бір ауыр сөз айтылса бірді басыңыз. Өміріңізге қауып төніп тұрса екіні басыңыз. Қандайда бір көмек керек болатын болса үшті басыңыз. Кешіріңіз, қазір барлық абоненттер бос емес. Күту уақыты бес минут. Желіде қалыңыз, сізбен міндетті түрде хабарласамыз.
Мәриямды жұлқылап есіктің алдына алып келеді. Мәриям есікті керіп ұстап алған.
Мәриям. Ешқайда бармаймын. Ешқайда бармаймын.
Іңкәр. Шығыңыз дедім ғой. Шығыңыз. Шықпасаңыз бар ғой, шашыңызды жұламын.
Мәриям. Айя, мынаған бірдеңе істесеңші, шашсыз қалатын болдық.
Айя Іңкәрді белінен ұстап, иығына салып алыпдиванға алып келеді. Іңкәр тыпырлап жатыр.
Іңкәр. Мынауыңыз қай басынғандық. Жіберіңіз дедім. Күш көрсетіп, зорлық жасады деп полицияға айтамын.
Айя құшақтап ұстап отырады.
Айя. Болдың ба?
Іңкәр. Болдым.
Айя. Қайталап айтамын, ешкім ешқайда кетпейді. Күйеуің келсін, сөйлесеміз.
Пауза. Айя үстелдің үстіндегі күрке тауықтың сирағын алып, мүжиді.
Мәриям. Жаным, не обижайся, пожалуйста! Қылығыма ұялып тұрғанымды қарашы. Сіңлім түсінесің ғой,это жизнь!
Іңкәр. Иә, бұл өмір. Мұндай оқиғалардың болып тұрғаны да дұрыс.
Мәриям. Сен сондай жақсы әйелсің. Осыдан былай как подруги общаться етіп тұрайықшы. Менің үйіме қонаққа кел.
Іңкәр. Бізге ажырасу қайда. Бір-бірімізді әлі роддомнан шығарып аламыз.
Айя. Тауықтарды айтамын да, бір әтешке де разы. Айдары желп-желп еткен қораздың айтқанына көніп, айдауына жүреді. Ал бізге әйелдердің әрқайсысына бір-бір әтеш керек. Сол Құдай беріп тұрған әтештерінің өзіне разы емес қой.
Мәриям. Интересно, жүрейік онда бір әтешке он тауық болып.
Айя. Онсыз да бір әтешке үш тауық болып тұрмыз. Әлі қанша тауығы бар екені белгісіз.
Мәриям (сенімсіздеу). Ну прям! Бізден басқакурицасы енді жоқ шығар?
Айя. Өзімнің қара басымның тұрғысынан айтар болсам, тоқалдыққа қарсы емеспін.
Мәриям. Ужас, қалай-қалай сөйлейсіз, ұялмайсыз ба?
Айя. Ей, сары тышқан, несіне ұялуым керек?
Мәриям. Қыздар,у меня вопрос, сонда біз друг другу абысынки боламыз ба?
Айя. Іңкәр заңды бәйбішесі, сен тоқалы, мен ең сүйікті нақсүйері болам.
Мәриям. Не поняла! Наксүйер?
Айя. Мына екеуіңе қарағанда Марко нақты мені сүйеді деген мағынада.
Мәриям. Ну ладно. Екінші сұрақ. Сонда біз бәріміз бір үйде тұрамыз ба?
Айя. Неге бір үйде тұрумыз керек? Марко аптаның екі күні Іңкәрдің қасында болады, бес күн менің үйімде жатады. Ал, саған анда-санда түскі асқа жіберіп тұрамыз.
Мәриям. Не үшін маған обедте келуі керек. Менде жұмыстан келем, олда жұмыстан келеді, так не пойдёт!
Айя. Ол өздеріңнің мәселелерің.
Мәриям. Неет, не пойдёт так! В конце концов, маған комплексімен, полный махаббат керек.
Айя. Сіңілім-ау, тышқандарға полный махаббатттың не керегі бар? Мынаған бірдеңе десеңші.
Іңкәр. Не деймін мен?..
Айя. Сөйлеуге құқығың бар заңды әйелісің, оның үстіне бәйбішесің.
Мәриям. Всё, хватит тоқал, нақсүйер дегендеріңе. Тойдым бәріне. Басын ашып алайық. Айтып қояйын. Так жить я немогу. Менің собственный күйеуім болуы керек. Обедте емес, ночьқа қалатын күйеу керек. Даже Инкар да мен секілді ойлайды. Оғанда қасында болатын күйеу керек. Солай ғой, иә?
Іңкәр. Мен не деймін енді?
Айя. Сонда не, әкесіз өсіресің бе балаңды?
Мәриям. Қалай әкесіз өсірем? Әкесі болады ғой енді.
Айя. Кім енді әкесі оның?
Мәриям. Қызықсыз, Эрик, конечно.
Айя. Сіңлім-ау, жекеменшік күйеу маған да керек. Қайсымызға жетеді? Ол жалғыз, ал біз үшеуміз.
Мәриям. Пускай, келсін де шешсін өзі кіммен қалатынын. (Мәриям еңкілдеп жылайды.) Мен қазір жылаймын. Жылаймын.
Айя. Жыласаңшы енді...
Мәриям. Жылаймын.
Айя. Жыла.
Іңкәр. Менде қазір жылап жіберем.
Айя. Қыздар жамандық шақырып жылағандарың не? Болды қойыңдар.
Мәриям. Іңкәр, қандай бақытты әйелсің. Қасыңда жулик болсада күйеуің бар. Одиночествоны сезбейсің. Мені айтыңдаршы. Менің өмірім өмір ме?! Не қыз, не кәрі қыз, не жесір, не біреудің любовницасыда емеспін. Ең болмағанда бақытты да емеспін. Всю жизнь мұғалім болып жұмыс жасап келемін. Содан көрген рақатым бар ма? Қыздар, біреудің бақытын қызғанудан, біреудің еркегін құшудан шаршадым. Құдай сол бақытын неге толық бермеді.
Іңкәр. Мәриям түңілмеші енді. Құдайдың өзі азап пен бақытын қатар беріп адам қылып жаратқанның өзіне шүкіршілік айтайық.
Айя. Қыздар болды. Дүниеде еркекке бола жыламаңдар. Еркекке бола жыламаңдар. Отырып алып көз жасымызды езіп отырғанды қояйық. Біз емес, ол жылау керек, біз емес,ол азапты тартуы керек. Өмірімізді құртқан екен, қатын қылып алып, бізді бақсын.
Мәриям. Какой там! Оның ақшасы жетпейді ғой бізді бағуға.
Айя. Ойбуй, мынаның Айяп тұрғанын қарашы. Баға алмайды дейді. Бағады, баққандай қалай бағады. Үшеуміз үш жақтан тартып, өмірін тозаққа айналдырамыз.
Мәриям. Я не согласна! Олай адамның тағдырын бұзуға болмайды.
Айя. Біздің тағдырымызды бұзған екен мойнымен көтерсін. Жер жұтып кеттіме, хабарласшы ана күйеуіңе. Келеді дегелі бес сағат болды.
Іңкәр телефонын алып күйеуіне хабарласады. Телефоны өшіп жатады.
Іңкәр. Өшіп жатыр.
Айя. Оңбаған неме, әдейі өшіріп қойған да.
Мәриям. Ну ладно, ладно. Нұр-Сұлтан слезам не верит. Тут не плакать, а действовать надо.
Есіктің қоңырауы соғылады. Қыздарда паника.
Айя. Ойбай, келді.
Мәриям. Не істейміз енді?
Айя. Сен үйдің әйелісің, есікті аш ішке кіргіз, біз тығылып тұрайық.
Іңкәр жүгірі келіп есікті ашады.
Серік. Қоңырау басып тұрғанымызға екі сағат болды, үтікті алып келіп едім...
Айя Серіктің басынан табамен бір ұрып құлатып түсіреді. Серік етбетінен жерде жатады.
Мәриям. Ужас! Надо же было потише! Өліп қалған жоқ па?
Айя. Өлмек түгелі өрем қатсын.
Іңкәр. Сіздер не істедіңіздер?
Айя. Не істедік біз?
Іңкәр. Сіздер не істедіңіздер?
Айя. Не болып қалды?
Іңкәр. Бұл күйеуім емес.
Айя мен Мәриям. Күйеуім емес?
Іңкәр. Бұл Серік қой. Көрші жігіт. Жаңа менен үтік алып кетіп еді, соны әкелген.
Айя мен Мәриям. Көршіі?
Қыздар Серікті бетін бері қарататып жатқызады.
Айя. Сіңлім, бұл менің ғашығым Марком ғой!
Мәриям. Да нет, бұл менің Эригім.
Айя. Оңбаған, үтігіңді алып кел, қыздырып тұрып бір жеріңді басайын!
Мәриям. Ой, осторожно! Утюгом убить можно!
Айя. Өлмесе өрем қалсын!
Серік. Іңкәр құтқар мені.
Серік Іңкәрдің артына тығылады. Осы кезде бір шоқ гүлі бар Ержан кіреді. Серік пен Іңкәрді көріп.
Ержан. Бір-біріңе жабысып не істеп тұрсыңдар?
Серік. Біз, ой мен...
Іңкәр. Үтік қайтаруға келіпті.
Ержан (Мәриям мен Аяға). Сіздер кімсіздер?
Іңкәр. Білмеймін. Біздің үйге адасып кіріп кетіпті.
Айя. Біз мына көршіңнің жұбайларымыз.
Серік. Жұбайларым емес, былай таныстырым.
Айя. Көрсетем саған таныстықты.
Серік. Қыздар,қыздар сендерге бәрін түсіндіремін.
Ержан. Менің үйімде не істеп жүрсіңдер?
Ая, Мәриям, Іңкәр. Біздің аяғымыз ауыр!
Ержан мен Серік. Не-е-е-е-е? Үшеуіңнің де ма?
Ая, Мәриям, Іңкәр. Біздің аяғымыз ауыр!
Бәрі состиып тұрып қалады. Іңкәр стөл үстінде тұрған кішкентай қобдишадан баланың шұлығын шығарады. Ержан Іңкәрді көтеріп алып айналдырады. Сахна жабылады.
Соңы
Драматург Қолғанат Мұрат 2009-2011-жж. Ақан сері ат. Жоғары мәдениет колледжін аяқтаған 2011-2015 жж. Т.Жүргенов ат. Қазақ ҰлттықӨнер академиясында «Кинотеледраматургия» мамандығы бойынша білім алған, 2015-2017-жж.сол академияның «Өнертану» факультетінің магистрі атанды. «Шырмаудағы ғұмыр» (2013), «Қуыршақ» (2013), «Шырғалаң» (2014), «Алдамшы үміт» (2015), «Түнек» (2015), «Пони» (2016), «Саусақ» (2016), «Бақыт кілті» (2016), «Егіздер» (2018), «Обычай» (2019), «Мөде қаған» (2019), «Тас — адам» (2018), «Көбелек ғұмыр» (2020), «Ғұрып» (2020), «Қылмыс» (2020), «Үш әйел, бір еркек» (2020), «Мұғалім» (2021), т.б. пьесалардың авторы. Үздік шығармалары Қазақстан ғана емес, басқа елдерде де түрлі байқауларда, фестивальдерде жүлде иеленген. Пьесалары ағылшын, орыс, әзірбайжан тілдеріне аударылған. Қолғанат, сондай-ақ, киносценарийлер авторы, «Қазақфильм» киностудиясы түсірген қысқаметражді «Аялдама» фильмі (2015), 8 бөлімді «Орбұлақ» тарихи телесериал (2019) сценарийлерін жазған. Қазір М.Әуезов ат. Қазақ Ұлттық драма театрында драматург, Т. Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Өнер академиясында оқытушы қызметтерін атқарады. Ұсынылып отырған «Махаббат бар ма?» комедиясы Қолғанат Мұраттың сиясы кеппеген туындыларының бірі.