Серік Хасенов

357

Мадмуазель

Мына ессіз дүниенің бұралаң жолында өзімді таппай медетті тек шараптан іздеген күндерім көп болды. Масайғанда бозарып тұрған дүниені түсінугеде тырыспайсың. Мүмкін ол өзіңнен қашуға тырысу шығар... Сол шөлмектің уыты денемді ауырлатып, өзіңе өзің шамаң келмей кейде көшедегі алейкада ұйықтап кетесің. Сондай сәтте түнді, қаланың тыныштығымен сенің ұйқыңды бойжеткеннің өкшесінің тықылы бұзғаннан артық ләззат барма... қараң қалып жатқан дүниені жарықтандырған, бір үміттің дыбысы іспетті... бір кезде сол үміттің дыбысы алыстай береді, алыстай береді... ол мен үшін үміт дыбысы болса, оның мұңы мендегі үмітсіздіктенде ауыр еді... жасына шылана аққан бояулары бетіне тағдырдың небір тәлкегін жазып тастағандай... мен артынан жүгірмедім, мен ештеңе сұрамадым. Ұйпа-тұйпасы шыққан жүзім мен сұлбамды бір суретші көріп қалса, оңай болсын деп шылымымды тұтатып будақтата жөнелдім... ылғал тартқан суықтан оянған қанша адам қазір маған қызғана қарайтын сияқты... аракідік тағдырынан баз кешіп жатқан қаланың тыныштығын көліктің ағылған дыбысы бұзады. Ғимараттарға соғылып, зорығып жүрген желдің дыбысыда кейде әлсін естілетіндей... Мен енді ояу екенімді түсіне бастағандаймын. Телефоным бұл уақытта шырылдап мазамды алмайды. Іздейтінде ешкім жоқ... ауылдағыдай түнді күзеткен айдың жарығында іздемейсің. Қаланың жасанды жарығы оны саған ұмыттырып тастағалы қашан...

Тағы бір өкшенің тықылы. Миымды түртпектей олда өте шықты. Жерден ауаның иісі аңқып үйіме қайтуды ойлай бастадым... көп қан жоғалтқан жаралы солдаттай шайқалып, сүйреліп үйге қарай аяндап келемін. Небір ойлардың жетегіне еріп кетесің... кейде өзің секілді масайғандардың айғайыда бұрыш-бұрыштан әлсін естіліп тұрады... оларда үмітсіздіктен гөрі өмірге деген өкініш көп сияқты...

Жарылыстың нүктесі сенің санаңда... көзіңнің қарашығының ішіндегі иненің ұшынандай ғана тесікке түндегі аспан мен сансыз жұлдыздар қалай сыйды? Мұңның түсін санаң сұрғылт көретіні тағы бар... ішіңде ешбір жарық толтыра алмайтын қарақұрдым нүктесі орналасқандай кейде ішің өзінен өзі қарып, шексіз бір кеңістікке құлап кеткендей болады... кейде денең тоңазып қалғанда, түршіге бойыңа бір жылу дариды... үміт деген сол шығар бәлкім... үміттің мекенін білмесеңде үзілмейді әйтеуір... ол үзілсе сенде жоқсың... осы көзге көрінбейтін сезімдердің жиынтығы бізді адам қылып тұрғандай кейде...

Түнде зорығып, сүйретіліп келген дене таңертең миды іске қосады. Мида өзінше өмірден бір пәлсапа іздеп бірдеңелерді қыртып оқитыны бар... сол күні көзім көрген әріптер мен ойлар мені ғаламның сыртына алып шықты. Иә, мен оны көрмей тұрып, оқыдым... және жазбасынан өзіме бір байланыс таптым... жәй байланыс емес, мен оны бұрыннан білетін секілдімін. Секілді емес, білемін. Бұрынғы өмірде бірге болған сияқтымыз... Осы бір араны байлаған не құдырет?! Құдіретке сенбейтін миым мен бойымдағы сезімнің күресі аяқ асты өршіді... Бұндай сезімді кешпегеліде ұзақ... тіпті мүлдем болмаған... іздеп тұратынды шығардым... кездескен күні өзімді жайсыз ұстаппын... мүмкін бақытты сәттерді адам басынан өткергенде өзін солай ұстайтын шығар... қазір тек хат алмасып тұрамыз... кездесуге олда менде асығыс емеспіз... өзімнің барлық сезімімді тұншықтырамын. Себебі оның дайын болуы маңызды. Оның өмірі мен шешімі маңызды...

Бір түсініксіз хәлдемін. Интуициям осынша бір адамға ынтызар болған емес... іздеген емес...

Серік Хасенов

Серік Хасенов — журналист. Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ түлегі. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты кентінің Ағыбай батыр атындағы орта мектебін тәмәмдаған.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon