Амангельды Рахметов

314

Уақыт ағашы

Орыс тілінен тәржімалаған Айжарық Сұлтанқожа

 

***

мүмкін сен, мына өмір жайлы, 

расында түк білмейтін де шығарсың.

себебі айдаһарлар әлемде атымен жоқ.

олардың бәрі ендігі

сымға қонғысы келіп

ұшып өткен ұшақтың ізін қармайтын

топас торғайларға айналып кеткен.

 

ал мына ақша бұлттар ше?

оларды біреу кір машинасында жуғаннан

сондай аппақ дейсің бе?

жоқ, бұлттардың тазалығы мен ақтығының сыры

оларды әр түн сайын қолмен сабындап жуады.

әйтпесе айдың таусылып қала беретінін қалай түсіндіресің?

 

иә, өмір өте тылсым да түсініксіз.

 

осы құдайларды алып қарашы.

жел құдайы, мысалы.

сен оны, есі кеткен жел диірменін шыр айналдырып,

тыныш теңіздерде сауда кемелерін төңкеріп, құрғаған алаңдарда

шөл құмын билетіп, судың көзін іздеген алюминий сым ұстаған адамның мазасын алып,

тым болмағанда сурет салады деп ойлайтын шығарсың,

жоқ.

 

ол жәй ғана ағаш сәкінің бірінде

кітап оқып отыр

кітаптың беттерін қолсыз парақтап қана.

 

бар болғаны сол.

 

 

***

ауырған кезде түсіме

адамға айналған қасқырлар кіреді.

бей-берекет шашылған заттардай.

аяғыма оратылып.

жер сілкінгендегі жарықшақтардай жақындай түседі.

сосын мамық бақтардай баяу оянамын.

су ішіп беті-қолымды жуып,

ретке келгім келеді.

бірақ мен әлі де еш қозғалар емеспін.

қасымда біреу ұйықтап жатқандай.

қорқамын.

оятып алсам қайтем...

 

 

***

Аспандағы бірінші күннің екінші күннен айырмашылығы —

мекенінде ғана емес, шынайылығында.

 

екінші күнді көру мүмкін емес.

 

бірінші күннің шуағы кәдімдгі ағаштарға түссе,

екінші күннің шуағы уақыт ағаштарына түседі.

 

сол үшін екінші күнге ешкім сыйынбайды.

 

бірде мен жарықшағы қасында тұрған ағаштың көлеңкесімен

бірігіп кеткен үйді көрдім.

әлгі ағашты уақыт ағашы деуге болатын шығар.

 

бірақ ол кәдімгі тірі ағаш болатын.

уақыт ағашының көлеңкесі,

екінші күннің сәулесінен ғана пайда болмақ.

 

 

***

құстардың қара бұлты

әдеттегідей,

әрбір жалаңаш ағаштың бұтақтарына

себіліп қалды. 

бір қарағанда — шалдыққан кеңістік.

ал расында,

орман сіріңке қорабына айналып кетті.

 

ауасы сығылған уақыттың адам

терезесін ашып, бөлмені желдетеді.

Ішінен:

-егер кешірім сұрау қажет болса,

кімнен сұрамақпын?

 

 

***

Өзен сынды

Кенже көпір астынан ағып өткен,

Аққан сынды болады.

Төмен жаққа, қаланың маңайынан

Мына үй де, алма сынды қарашы,

Елітеді мені де, грузиясын аңсаған

Грузиндей.

Күн шуағы төгіліп бәрі құдды,

таққан сынды болады көзәйнегін.

Мен де қайта өзіңді сүйіп қалдым

Сүйген сынды боламын.

Әдепкі ісімдей боп.

Тұрғандай боп қасыңда,

Тамашалап әлі бата қоймаған

Күн батысты.

Қарайды қос жанарым. Күтіп нені?

Пойыз ба естілетін

Естілгендей болады алыс жақтан

Сүйгендей боп бір ақын дыбыстары.

 

Енді міне қайтара түнге самғап,

Алыс кетіп барамын жұлдыз қарпам.

Дегенменен қалсам да болар еді, 

Дедім тағы,

Дедім мүмкін.

Деген сынды болдым мен.

Амангельды Рахметов

Амангельды Рахметов — родился в 1995 году в г. Уральск. Выпускник республиканской военной школы-интерната «Жас Улан» (Астана). В 2018 году окончил Военно-воздушную академию имени профессора Н.Е. Жуковского и Ю.А. Гагарина в РФ (Воронеж). Живет в Шымкенте. Участник областного совещания молодых литераторов (Воронеж, 2018) и литературного фестиваля фонда СЭИП (Алматы, 2019). Публиковался в литературных журналах «Подъем», «Простор», в сетевых литературных журналах «Молоко», «Камертон», «Перископ», «Формаслов». Автор книги стихов «Почти». Победитель литературной премии Qalamdas, посвященной памяти Ольги Марковой, в номинации «Поэзия» (2022).

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon