Владимир Коркунов

204

Үш қала

Тәржімалаған – Айнагүл Садықова

*

№ 1 қала

 

бұлтты лифтпен қала үстіне жаңбыр түсед

есік екіге жарылғанын күтед

бірақ, механизм істен шығып

зілмауыр аспан адамдарды иықтан баса беріп

бірнеше адам қызыл асықтан жерге кіріп те кетті

деп жазасың сен

 

№ 2 қала

 

жаңбыр дәні өсіп-өніп шалшыққа айналып

қала өз өрісінен қалқып шықты

енді бірер аптада — елді тастап кетеді

бір-екі қаланы қашып бара жатқан жерінен атып тастаған көрінеді

бірақ одан келіп-кетер ештеңе жоқ

деп жазамын мен

 

№ 3 қала

 

егер біздің қалаларымыз бір-біріне құйылса

біз бір-бірімізге құйыламыз

әм ешқашан қолшатыр алмаймыз

 

бізден көкке қарай набоков[1] айтқан бақыт сатырлайды

балаларымыз да бір-біріне жабысады

 

су дәндерін сіңіріп

түнекте тұншыққан тағы бір қалаға

түнделетіп елеусіз еніп кетуге

 

 

*

сөздер балығы ауызда шырмалады –

ебедейсіз жанасу торында

тістер мессенджеріне қанаттарын сындырып

 

біреудің көңілінен шала туған шабақ

тіл бұтағынан үзіліп түсіп

кеудеге ұялатар аналық жасушаны іздейді

 

бірақ ағынды көлдің жат есімді балдырларына бадалып қалып

 

тәніңнен маған орын алып қойшы –

дейсің ақыры сен маған

 

бірақ мен балықтарға үңілген күйі

ауыз аквариумындағы суды ауыстырып отырып

тамағымды шаямын

 

 

*

                                   А.

айлақтағы жапырақтар

шаршаған жел аңқиды –

ағаштардан үзілген әлпеттер

су бетінде шыр айналады

әлем тұман қарашығында қарс айырылып

құстар мен балықтарға нан боп шашылады

ақ ағаш қаңқалар қол бұлғайды

селдіреген кемелердің артынан

 

 

*

Екі адам айна алдында –

жіңішке сәкі бұтақта отыр

оны терезе алдына ек

бүршіктерінен пыр етіп

құстардың кескіні ұшып шығады

 

екі қарға[2]

талаураған көздердің ернеуіндегі

тік шалшықтардың

қасаң қабығын шоқиды

оларға үңілсең-ақ ағаштың сұлбасы

айқындалып шыға келеді

 

сол айнадан сабақ көктеп шыққанда

шарананың іңгәсі қарғаларды жұбатады

 

көрдің бе тамыры омыртқаны шырмап алды

ал қалғаны өмір

 

шатастырып алма

 

 

[1] Набоковтың «...он взял из ее рук зонтик и она еще теснее прижалась к нему, и сверху барабанило счастье» деген сөзінен

[2] Пушкиннің «Русалка» драмасындағы қарға бейнесіне сілтеме

 

Владимир Коркунов

Владимир Коркунов — поэт, критик, редактор. Родился в 1984 году в городе Кимры Тверской области (Россия). Окончил Московский государственный университет приборостроения и информатики и Литературный институт им. А. М.Горького. Кандидат филологических наук. Стихи, переводы, интервью, рецензии и статьи публиковались в журналах «Новое литературное обозрение», «Цирк “Олимп”+TV», «Воздух», TextOnly, «Волга», «Двоеточие», «Дискурс», «Знамя», «Новый мир», «Лиterraтура», «ГРЁЗА», «Ф-письмо», альманахе «Артикуляция», арт-дайджесте «Солонеба», на порталах Colta, «Носорог» и др. Автор книги стихов «Последний концерт оркестра-призрака» (2021), книги интервью «Побуждение к речи: 15 интервью с современными поэт(к)ами о жизни и литературе» (2020) и др.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon