Дана Жантемирова

349

Парафраз

 

Орыс тілінен аударма. Түпнұсқа мәтіннің авторы — қазақ ақыны және жазушысы Виктор Осипов.

 

(Төмендегі дүние В.А.Воронцов мырзаның [Россиядағы жазушылар Одағының хатшысы] әдебиет курстарында жүргенде М.Ю.Лермонтовтың «Штосс» атты аяқталмаған повесінің жалғасы болатындай үй тапсырмасы ретінде жазылған. Сондықтан оқырман аталған шығарманы толығымен ұғыну үшін классиктің повесін есіне түсіріп тағы бір шолып өтсе абзал, ол өз алдына сюжетті толығымен түйісініп түсінуге көмектесіп, түпнұсқасымен салыстыруға да септігін тигізеді). 

… Ол бел буды…

***

Келесі күні Лугин камердинерді Н. ханымның дүкеніне жіберді, ол өзгеден бөлек ойын қарттарын да сататын. Лугин тапсырғанындай, камердинер қарттың екі колодасын алып, сәуегей қарт әйелге апарды, ол көріпкел кемпір Ат қоралы  айналымда тұратын және аты қарттарды жеңіске байлап сиқырлайтын ерекшелігімен шыққан еді. Ойынқұмарлардың біреулері бұнысына сенсе, өзгелері сене қоймайтын, дегенмен ол жайында сөз тарап кеткен-ді, оның үстіне сиқырланған қарттардың шынында да жеңіс әкелгенін білген адамдар да бар еді. Сәуегей кемпір қомақты қолақысын алып, камердинер әкелген қарттарға әлдебір нәрселерді сыбырлап, сиқырын жасап алып, қайтарда айтқан еді: «Қарт сенікі емес, сенікі емес. Бұлармен ойнайтын адамға айта бар, бұл қарттармен ойнауын тоқтата алмай, ойынағанынан жалығар». 

Сиқырланған қарттар қолына түсе сала, Лугин тынышталып батар түнді күтті. Ішкі дауысы мына хикаяттың қорытындысы бүгін болатынын жасырына айтқандай еді. Бірақ көріпкел кемпірдің әлгі сөзі нені білдіргенін түсіне алмады. Былай қараса, ол ойынқұмар емес, қартқа тіпті қызықпайтын бұрын, қазір де аса қызығушылықсыз ойнайды және, ойынға өзіне де беймәлім жағдайға байланысты ғана байланғаны.

    Түн де түсті... Бәрі де бұрынғыдай. Еден үстімен кебістің  тарсылы, сықыр мен әлдебір сыбдырлар, есік дыбыссыз ашылып, шал көрінді, сол бұрынғы қалпы: жиеркінішті де бүкір.

Ал... ойнаймыз ба? деп сұрады ол сықырлаған ұнамсыз дауысымен, үстел үстіне қарттың екі колодасын тастап.

— Ойнайық, жауап берді Лугин, банкіге кезекті жартылай-империалды лақтырып және сол епті қимылымен еш айырмашылығы жоқ бір колодасын өзінікіне ауыстырып. Шал ол қимылын байқады ма, белгісіз, алайда айнала біртүрлі өзгергені анық, сыртқа көрінетін нәрсе емес, атмосфераның өзі, Лугиннің жан-дүниесі, осыдан бұрын сенімсіздік пен үрей құшағында болған болмысында үміт не тыныштықтың сәулесін жылт ете түсті.

Қызық екен, деп сыбырлады Лугин. Қарсыласына көз тастап еді, кенеттен артында бейтаныс әйелдің бейнесін байқады, ол бейнесі шалдың артында ауада қалықтаған бойы, пішіні мөлдір болғанымен көруге әбден анық еді.

— Ол... Лугин бұрын таныс болған бір сезімге тағы да тап болды. Көзге көрінер-көрінбес бейнені байқағанында ол қуаныш пен сыздауды сезетін. Күтпеген жерден бала кезінде үрейлі түс көрген шағы есіне түсті: қап-қара қорқынышты алып біреу соңынан қуып келе жатты, ал ол болса қашуға мұршасы болмай, жылап бажылдайды. Сосын сәл ғана иығынан ұстаған үлкен қолдың жылылығын сезді. Сол түсінде-ақ ол анасы екенін ұғатын, ол дегеніміз нендей жамандық пен қаралық болсын, ол оған ештеңе істей алмайды. Жылылық пен тыныштық және әлдебір жақсылықтың боларын сезінуі бойын алып, ол оянып кететін. Бұның бәрі, сөзбен жеткізуге келмес сыздаған сезім осы сәттің қиындығына қарамастан қайталанғаны осы еді.

Өз жүрісін жасап, Лугин шалға қарап, жауабын күтіп отырды.

Шал қолын созып, қартын ашты. Ендігі сәтте болған жайт Лугинді қатты таң қалдырды. Шалдың банкке салған түсініксіз де пішінсіз нәрсесі үстел үстінен көтеріліп, шалға қарай жақындады да, оны айнала қоршап алып, шалдың кейіпіне айналғандай, өзімен біртұтас бола қалды. Көзінің түсі де өзгерді бұлыңғыр нұры жоқтан ашық сұрға, бет-пішіні де құбыла бастады: жылпостың көзтастауы бар қатыгездіктен ойға шомылған қалжыраған да ауыртпалықты сезінсе де қанағаттанған. Дәл сондай бет көрініс соңғы демі кезінде ауыр науқас  адамда болады, ауыртпалықты ұғынумен қатар бұл жағдайынан арылуды сезінгеннің тыныштанған кейіпі.   

Аңтаң болған Лугин қарттарына қарап, оның қарты шалдікін жеңгенін байқады. Штосс. Ол жеңді. Көп күнге созылған қарсыластықтың алғашқы жеңісі еді. Жарты минуттық үнсіздіктен соң, шалдың дауысы естілді:

— Алғысым шекіз, деді ол, көп жыл бойы күтіп едім осыны, енді мен боспын.  Лугиннің және бір байқағаны, шалдың дауысы жасарғандай, адамға тән бояуға да иемденді.

Шал жымиып қарады, таныс болғалы бұл жымиғаны алғаш рет еді, және онысы жай ғана ауызын қисайтқаны емес еді. Жымиғаны қатты қалжыраған адамдікі еді.

— Бір минуттай уақытым бар, сондықтан, мырзам, енді сіздікіне айналған менің хикаямды тыңдаңыз. Кезінде дәл өзіңізге ұқсаған едім: әйел махаббатына да, шынайы достыққа да сенбейтінмін, жалпы сенімсіз болдым. Белгісіз бір тылсым күш мені мына үйге арбап әкелді де, түн бойына ғайыптан пайда болатын бейтаныс шалмен қарт ойнайтын болдым. Кетуіме болар едім, бірақ кетпедім. Мен де бейтаныс сұлуды көретінмін. Өзіңдей қулыққа барып, күндердің күнінде ол шалдан ұтып алдым. Дәл мендей, ол да маған мына үйдің құпиясын ашқан еді...

— Мен жоқпын және жоқ болғаныма біраз болды. Мына жерде мен емес, жай ғана алдамшы бейнем қалды. Және қазір мен ғайып боламын, көп уақыт тыныштық таба алмаған жаным еркіндікке шығады, ол бостандығымның құны сіздің жеңісіңіз...

Шал үндемей қалғанда, Лугин оған сұрақ қойғысы келді, тіпті бір емес, бірнеше сұрағы бар еді, әсіресе бейтаныс әйелдің бейнесі туралы сұрайын дегенде, шал ыммен тоқтатты:

— Ең маңыздысын ғана айтайын. Қазір жаныңыз өзіңіздікі, әлі де боссыз, сондықтан мына жайтты нашар түстей ұмытып кетуіңіз өз еркіңізде. Ал қалсаңыз, біліп қойыңыз: бүгінгі мен сіздің болашақ тағдырыңыз, және бұл жай ғана бос сөз емес, кәдімгі шындық... Енді бәрін білдіңіз! Есіңізден шығармаңыз: қалу не кету өз еркіңізде. Тек қана өзіңіздікі...

Шал бейнесінің пішіні сол арада өзгере бастады да, бұлыңғыр, көзге көрінбейтіндей болып, ақыры ізсіз кеңістікте ерігендей жоқ болды...

Лугин естігені мен көргеніне аң-таң болып отыра берді. Ойы шатасып, бәрін ұғыну қиын болып еді. Шалдың айтқандары жауаптан бұрын одан да көп сұрақ туғызды. Шалдың портреті ілулі тұрған қабырғаға қарап қалды. Сурет өзгергені анық еді, негізі өзгермесе де, суреттегі бейне Лугиннің өзіне ұқсай бастады. Бұл жағдай оны таң қалдырды, бірақ қорқытпады. Суретші болғасын, суреттердің өзгере алатынын, әсіресе ол суретті қараушының суреттегі мәнді қалай қабылдайтынына байланысты екенін білетін.

Құлағы жеңіл ғана жүрістің дыбысын шалып қалды. Өте жеңіл екен... Ондай қадам басу балаға тән еді...не әйел затына... Кенеттен сап ете түскен ой арқасын салып жіберген қамшының өткірлігіндей еді... Әйел! Ұмытқаны қалай екен? Шалдың артында тұрып ғайып болған әйел бейнесі көз алдына елестете қалды. Оның өзі... 

Есік ашылып, бөлмеге әйел кіріп келді. Кәдімгідей шынайы, жұқа матадан тігілген көйлегі сымбатты да сөзбен жеткізуге келмейтін айырықша көркем бойын одан сайын көркейткен  еді. Онымен бірге жұпар иіс бөлме ішін алып кетті. Дәл осылай аңқыған жұпар Лугинді, Италияда болған кезінде, ерекше сезімге бөлеп еді: ұшар алдында болатын күту сезімі, жардың шетінде тұрып ауаның толқынына қанатын жайып құздың үстімен еркін ғана ұшу сәтін күту сезімі. Бұл жиде гүлінің  иісі еді, бұл арада және осы бір мезетте күтпеген жайт еді, содан болар кездесуге айырықша, киелі мән келтіретін.

Ол үстелге жақындап, бір минут бұрын шал отырған орындыққа жайғасты.

— Алдыңызға шығатын кез келді-ау, деп үн қатты ол таза да сабырлы дауысымен. — Бұрын шыға алмадым, Штосс болғасын...

Лугин таңданған күйі әйелге қарап отырды. Хас сұлудың өзі! бұл ой емес, тұла бойын толығымен бойлаған тамаша сезім еді онысы. Нендей сұлу десеңші! Суретшіге тән сезімтал көзқарасы әйелге тән бір сарынды және керемет пропорциясы бар сымбатты бойының көркемдігін бірден байқап, көркем жүзі мен үлкен қара көзіне үңілді. Кемелділіктің өзі...

Лугинге қарап тұрған көзінде махаббат, мейірімділік пен ниеттестік ұялап тұрды, өзінің бұл сұлуды сүйтінін және ол әйелдің де оған ғашық екенін сезген еді. Өзінің ұсқынсыздығы мен мінезінің ауырлығы туралы салқын ғана ой-пікірі бір сәтте мағынасыз да теріс болып шықты. Ынтық сезіміне бөлейтін адамның бет-пішіні қандай екені шынайы махаббат үшін мәнсіз екені анық бола қалды, және махаббаттың өзі терең, адам болмысына табиғатынан дарыған дүние екені, және саналы логикамен түсіндіруге келмейтін әлемнің ақиқатты заңынан туындағаны ойын нұрландыра түскендей. Бұл қарапайым ғана ой бұрын келмегені қалай екен? Оны ойланатын уақыты болмады бірақ...

Бір минуттай Лугин бейтаныс сұлуға қарап отырды (бірақ, мүмкін, бір минуттан артық та уақыт өткен шығар, себебі уақыт өзіндік кәдімгі сипатынан айырылып, көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға болмайтын дәл осы мезеттің жағдайына айналды), ал сұлудың өзі жігітке махаббатқа толы мейірімді көзімен қарап, сәл ғана жымиып тұрды.

— Сіздің портретіңізді саламын, деді Лугин, ол сөздері қалай шыққаныны байқамады да.

— Білемін,  деп жауап берді сұлу, сізді бұрынан бері танып, содан бері ғашық екенімді тіпті белмейсіз-ау.

Бейтаныс сұлудың бұл сөздері Лугинге ерсі болып көрінбеді және. Әлбетте, ол да сұлуды бұрыннан танып, көптен сүйетіні даусыз. Портретпен жұмыс істегенінде бар болмысына ие болған сол бір ерекше сезімі өзіне түсінікті болатын. Портретін саламын деген әйелді сүйетінін енді анық ұғынды. Суретін аяқталмай алғанының себебі де сонысында - сүйетінін анық ұғынбағаны, және бір рет болсын анық көрмеген сүйіктісінің бейнесін қайтіп салатынын білмеуі. Сезімді кескіндемеге түсіру аса дарынды шебердің қолынан ғана келер, оның үстіне кемеңгер суретті алдыңда бейнің өзін көріп қана салу мүмкін шығар...

— Портретті аяқтағым келеді,  ақырын ғана деді ол. Бұл ойы дәл қазір лайық болып көрінді. Енді ол ісін іске асыра алатыны анық. Орнынан тез ғана тұрып еді, әйелдің бұнысын күткенін аңғарды. Осы жерде болған бояу мен палитраны ала сала, мольбертке таяп, суретін бастап кетті. Жұмысын ештеңеге назар аудармай жалғастырды: қолындағы бар бояулары қалағанындай үйлесіп, әр  сызбасы қалағанындай сызылып жатты, және әр бояу түсіруімен суреттегі бейне тіріле бастады. Сәлден соң Лугин портреттің аяқталғанын түсініп, жұмысына енді қайтіп қылқаламын жолатпады. Суреті жетік еді.

Суретшінің жұмысын бақылап отырған әйел орнынан тұрып, қасына келіп қолынан алды.

— Қымбаттым, деп тіл қатты ол (бұл үйреншікті сөзді әйел заты қалайша ғана айта алатынын-ай! деп ойлады Лугин), қамбаттым, маған нендей ғана қызмет еткеніңді өзің де білмейсің-ау (бірін-бірі бұрыннан білетін достардай «сен» дегенге ауысуы да орынды болып көрінді). Бұл суретіңде мен көп жыл бойы өмір сүре беремін. Жан-дүниесіне үңілген ерекше көзқарасымен қарады.        

— Өзім жайлы айтып бергенім дұрыс болар... Менің шығу тегім шалғай жер, өзге әлемдікі. Біздер тіпті басқа заңдарға бағынып өмір сүреміз, менің осында болуым - сол заңның біреуіне бағынуымның шарты. Сендердің әлемдеріңде маған Махаббат деген есім берілді. Ал біздікінде «Өмір беретін ұшқын». Жаратушының әмірімен мен, мені сүйгенде ғана, көрінемін. Махаббат өтсе — мен ғайып боламын. Қалуымның жалғыз жолы салынған суретім. Италияда көрген, **** галереясындағы әйелдің портреті есіңде ме, сезімге толы көзқарасын дәл сала алған суретшінің шеберлігімен өзіңді таң қалдырған сурет. Ол менің портретім еді, ол баста маған ғашық болып едің. Ал мен сені одан да ерте сүйіп қалып едім, өз баласын аялайтын әр әйелдің затында бармын ғой...

Бұл сөздерім шындаққа аз ұқсайды. Тек шындықтың не екенін кім біледі екен? Сен мені сүйесің, мен сені, Жер бетіндегі барлық ғашықтардай шындықтың ар жақ шегіндеміз.   

Ендігі таңдауың өзіңде: портретті құртып, мені ұмытып, өзіңе үйреншікті өміріңді жалғастыруың өз екіңде, болмаса...не болмаса менімен қалуың да еркіңде. Жаның енді өзіңе бағына алмайды, менікі де сондай жағдайда. Екі жанымыз жаратушы иенің еркінде, ал бұның өзі — махаббат күші. Біз мына жерде де, барлық жерде де өмір сүреміз, өткен күнде де, келер күннің өзінде де, Жерде де, ғарышта да. Біздің болмысымыз – барлығы, барлығы махаббаттың өзі. Бұған қосарым, сенің мына денең де өзіңдікі болмайды, өмір көрінісінің түрлі-түрлі кереметінде еріп бітеді, арнайы трансформациядан өтеді, сендердің әлемдеріңде бұны өлім деп атайды...

Лугин ойланып қалды. Неше түрлі ойы шатаспай, қайта қалпына келіп, саралана түсті де айқын бола қалды. Бұл әйелді білмейтінін және сөздерін тексере алмайтынын ойлап отырды. Егер бұл әйелдің алдында пайда болған жағдайын ескерсе, оның қара күштен жаралғаны шындыққа көбірек жанасар. Алайда ол ойы оны еш алаңдатпады, тіпті ол сенімсіздігін саналы ойы жоққа шығарғысы келді. Тереңде жатқан дүниесінен туындаған, ішкі тылсымымен сезінген ақиқаты еді: Махаббатттың бар айтқаны шындық, тіпті жер жүзіндегі жалғыз шындық болар, шын мәнінде барлық адамға белгілі, жай ғана ұмытылған шындық. Қай әлемде болтының, мына денеңе ие болар-болмайтының маңызды емес... Ең бастысы қасыңда болсын. Ең бастысы сүйіспеншілік. Бір сәт не мәңгіге сүйіспеншілікте. Бұдан өзге еш нәрсенің қажеті жоқ...

— Өмірімде осә күнге дейін сіздің жетпегеніңізді қалай ғана жеткізсем екен, ақырын ғана деді ол, жаным бұрыннан бері сіздікі, бұл сөздері кәдімгідей дұрыс та орынды болып көрінді.

Әйелдің екі қолын өз алақандарына алды. Қолдары сондай нәзік те көрікті еді... екі жанарына үңіліп еді, бар болмысын ала кеткен ғажап сезімнен рахатқа бөленді. Басынан кешкен қиындықтары мен ауыртпалықтары дәл осы бір сәт үшін болғандай, және осы мезетте ол барын құрбан етуге дайын тұрды...

— Бәрі де өтті, қымбаттым, деді Махаббат.  Бірақ тағы бір маңызды нәрсені білгенің жөн. Өкінішке орай, бұл әлемде ештеңе де мәңгі емес, махаббат та өткінші. Ескерткенім жөн: күндердің күнінде екеуіміз айырылысамыз. Мен болсам мәңгіге сендікпін, бірақ сен бір күні мені сүймей қаласың да, тастап кетуге дайын боласың... Жаның тыныштықты аңсайды. Менің жалғыз ғана бере алмайтыным - сол тыныштық...

— Жаныңа бостандық берер жалғыз амал қарт ойынынан ұтылуың. Мені сүймей қалғаныңда, өзіңе қарсылас болатын адамды тауып аламын. Тек сенің ұтылуың қарсыласыңның мені сүйгенде ғана мүмкін бола алады, ол махаббаты үшін ол қарттағы мүмкін деген кез келген айла-шараға барады...

Әйел үндемей қалды, Лугиннің жауабын күткен болар. Екі жанары болса оның кез келген жауабын қабылдауға дяр екенін анық айтып тұрды. Бұнысы және сүйіспеншілікке бөленген барлық жандарға тән ғой...

— Бұның бәрі тіпті маңызды емес қой, деп ойлап отырды Лугин, Махаббатты тыңдағанында, кейін де не болатыны маңызды емес, сүймей қаламын ба, қалмаймын ба бәрі бос. Оның осы сәтте қасымда екені, мен оны, ал ол мені сүйетіні маңызды. Бақыттымын, аз уақыт жалғасса да бұл, бақыттымын...

Дауысынан бұрын, көзі ақырын ғана «Келісемін» деп жауап берді... Сол сөзі аяқталмай-ақ, айналаның бәрі сол мезетте-ақ өзгере бастады: бояулары өзгерді реңкі анықрақ та ерекше болып көрінді, ауаның өзі де өзгерді тазарып, тұнарғандай, денесіндегі түйсігі де өзгеріске ұшырады салмағы сезінбей, ішінен жылуы білінді.

Махаббат екеуі көздерімен бір-біріне үңіліп, әбден берілді. Сиқырлы бидің өзі екеуін жеңіл ғана көтеріп айналдыра бастады: бөлмедегі төбе астына көтеріліп, содан жоғары қарай ұша бастады, үй үстімен, қала үстімен. Екеуі ұшып бара жатып, кеуделерін еркіндік пен қуаныш сезімі кернеді. Лугиннің сондағы ойы (әлде екеуіне ортақ ой ма): «Мына ғашықтықпен үйлескен қалықтау сезімі нендей керемет десеңші, және бұлар бірінен-бірі жаралғандай»...

Бірімен бірі толып, көкжиекке қарай, одан да шалғай жерге ұмтылды, алып мейірімді жердің шексіз жазық үстімен ашық аспанға қарай....

 

***

    Таңертең камердинер, Лугиннен хабар алмай, өзін де кездестірмей, бөлмесіне кіріп еді, үстел үстінде басталмаған қарт колодасын ұстаған бойы өлі күйінде тауып алды. Үстелде жарты-империал құнымен тиындардан қомақты ақша сомасы да жатты. Камердинер шақырған полиция оқиға орнын зерттей бастады. Лугиннің өлтірілгенін ештеңе меңземеді. Төбелестің нышандары, жарақат іздері болмады. Дәрігердің өзі де диагноз қоярында біраз қиналып қалды да, әйтеуір жүрек жетімсіздігін көрсетіп жазды. Марқұмның барлық нәрсесі өз орындарында еді. Тек Лугин жатқан бөлмеде ілулі тұрған портертке ешкім назар аудармады. Портреттегі бейне Лугинге ұқсас еді. Полиция бастығы ғана, оқиға орнымен танысқанда, әлгі суретке жақындап, мұқият қарады. Әлдебір ұнамсыз езгі сезімге беріліп, ол «Ұқсастығын-ай!» деді де тез ғана ол суреттен теріс бұрылды. 

Марқұм жатқан бөлмеге қарама-қарсы орналасқан мольбертте кенепке салынған портрет болатын. Суретте көркемдігі асқан әйелдің портреті салыныпты, және былай қараса, бұл бейне шынайы әйелден салынбай, суретшінің қиялынан туындаса болар. Суретті көргендер бұдан бұрын ондай әйелді көрмегендерін растады (кейін де полиция суреттегі кейіпкерге ұқсас әйелді қанша ісдесе де, таба алмады). Портреттегі бейненің көзі ерекше жанды болып көрінді, көзқарасында (әйел көзіне ғана тән болатын) жасырын болса да айқын сезім байқалып тұрды.

Әлдебіреудің болғанын дәлелдейтін іздер табылмағасын, камердинер не  қорашы ешнәрсеге куә де болмағасын, полиция істі жапқан еді. Кейін бұл жағдай тіпті ұмытылып та кеткен еді, әдетте күйгелек тірлішік пен петербургтік соқпақтардың иірілімдері арасында ондай жайттар тез арада ұмытылатыны бар... Княгиня Минская болса, ғашық болса да, жауапты сезім оты жанып үлгермеген адамы туралы біраз қамығып, бірнеше жылдасын тұрмысқа шығып, бақытын тапты.

Әйел бейнесі салынған портрет полицияға қажетті сараптау жұмастарынан соң марқұмның туыстарына қайтарылып, содан бері оның ізі жоқ болды... Алайда Петербургте жекеменшік коллекция қатарында әлдебір ерекше картинаның пайда болғаны туралы сөз тарап кетті. Әйел портретінің керемет болғаны соншама, иесі сол бейнеге ғашық болып, тіпті есінен адасып, қасынан кетпей, ол суретті ешкімге көрсетікісі келмейді екен. Картинаны салған суретшінің кемеңгер шебер екені айтпаса да түсінікті...

 

***

Бірнеше жыл өтті...

Оралымдарға ұзақ, күңгірт, боранды да қысқа тән суық мұңға толы кеш түскен еді. Оралымдардың арасында орналысқан, қисайған да аса көріне қоймайтын үй алдында орта жастағы азамат тұрды. Киімі айтарлықтай ұқыпты, ашық жүзіндегі жұмбақ ойлы түрі мен сәл ғана жымиюына қарағанда, берік мінезді болып көрінді. Дегенмен мұқият үңіліп қараса, бет-жүзін ерте солғындатып өзгертетін  мұң мен аурушаңдықтың көлеңкесі  шалған.

Көрші ауланың түкпірінен ескі шарманканың әуені естіліп жатты: ескі неміс вальсін ойнап тұрды, ал бұл сүйектен өтетін ауа-райымен қосылып, ұланғайыр, айырылмастай жабысып, өткен жайында ауыр ойға батыратын мұң сезіміне бөлеп тұрды...    

Әй, қызметші, деді әлгі адам үйдің қасында жұмысымен әуреленген қорашыны шақырып (дауысына тән өктемдігіне қарамастан, өзі сәл алаңдаған болып көрінді). Мына тұрған үй Лугиндікі емес пе екен?

Түсі кеткен етегі ұзын кафтан киген, бас киімсіз, кір алжапқышты байланып алған қорашы біртүрлі кейпімен бұрылып, сенімзідікпен қарады да, немкұрайды жауап қайтарды: «Иә, кімдікі болушы еді, кезінде Штостікі болған, енді Лугиндікі болғаны»...

Дана Жантемирова

Дана Жантемірова — жазушы, аудармашы. Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік әдеби шығарма конкурсының жеңімпазы (2021 жыл). О.Генридің новеллаларын, Александр Гриннің әңгімелерін, Анастасия Цветаеваның «Старость и молодость» повесін қазақшаға аударған және Мәди Айымбетовтың шығармаларын орыс тіліне тәржімалаған. Көкшетау қалалық «Қала тарихы» музейінің жанын ашылған «BookPArnas» ашық әдеби клубының мүшесі. Ольга Маркованы еске алуға арналған Qalamdas әдеби сыйлығының финалисті «Көркем аударма» аталымында.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon