Агата Ниязова-Белова

177

Пингвин болған қандай керемет!

Орыс тілінен тәржімалаған – Райкуль Азимахунова.

 

Пончик есімді кішкентай пингвин мен ағасы Хрустик кешке дейін қардан машина жасады. Машинаның артқы бөлігі пирамидаға ұқсас болды. Екі бауыр ақылдасып, төбешік жасады. Күн жылып, қар бетінде көзін қысып, күлімдеп ойнақтаған Күннің Қоян бейнесіндегі суреті жылтырап қалды. Екеуі мәшинені толық қалап біткенде достары Тошка мен Тая келді.

– Қандай әдемі машина жасап шыққансыңдар, – деп Тая екеуін мақтай жөнелді.

– Төбешігі де бар сиқырлы машина екен! – деп тамсанды Тошка.

– Рақмет, – деп, екі бауыр алғыс айтты.

– Менің бояу мен қылқаламым бар, сендерге керек емес пе? – деген ұсыныс айтты Тая.

– Машинаны сәндесем, қалай болар екен, –деп, Пончик ойланып қалды.

– Көлігімізді бояп шықсақ қайтеді? – деді Пончик.

– Боясақ, бояйық, – деп пингвиндерде бірін-бірі қолдай кетті.

Ағасы Хрустик машинаны жасап бітірді, ал Пончик пен оның достары мәшинаның сыртына найзағай, қар, күлкілі бейнелер салып, әріптер жазды.

– Төбешік-машина дайын, енді онымен ойнауға болады, – деді Хрустик.

Пингвиндер төбешіктен сырғанап, жүргізуші болып ойнады. Пончик төбешіктен төмен қарай қатты жылдамдықпен сырғанаймын деп үйіліп тұрған қарға күмп етіп, кіріп кетті. Пингвинді қар басып қалды.

Бағанадан бері пингвиндердің ойынын тамашалап отырған Коно есімді қарға:

– Аққала! – деп, қарқ-қарқ күлді. Оған күлегеш құрбысы Найя қосылды. Екеуі қар-қар болып отырған Пончиктің қасына ұшып келді де, мұрнына сәбіз тығып жіберіп, ұшып кетті.

Хрустик пен Тошка Пончикке көмекке жүгірді. Пончикті қардан аршып алғанда, ол көзі мөлт-мөлт етіп, төмен қарады. Пончик ренжіп тұр еді.

– Жарақаттанып қалған жоқсың ба? – деп сұрады одан Хрустик.

– Жоқ, Коно мен Найя мені тағы да мазақтап кетті, – деген Пончик қарды бір тепті.

– Олардың да бізбен ойнағысы келеді-ау, – деп ойлады Тошка.

– Басыңды көтер! Бізді төбешік-машина күтіп тұр! – деп, бауыры Пончикті құшақтады.

Барлығы төбешікке көтерілді. Пончик төбешікке шыққанда оның басынан жентектелген қар түсіп, төмен қарай заулай жөнелді.

– Мен басқа бір ойын ойлап таптым: қане, бәріміз қардан кішкентай машина жасайық та, оларды төбешіктен сырғанатып ойнайық! – деген Пончик қуанғаннан айқалап жіберді.

– Дәл таптың, жарыс ұйымдастырайық! – деп ағасы да қолдай кетті.

– Мен машинамды сары түске бояймын,деп қуанды Тая.

Пингвиндер қардан машина жасап жүріп, кімнің машинасы мәреге бірінші жететінін талқылай бастады. 

Тошка да өзіне машина қалай бастады, бірақ ол жарысқа қатыспаймын деді.

Неге қатыспайсың?деп Пончик таң қалды. Қызық болады ғой.

– Жеңіліп қалсам, қатты ренжимін. Маған жеңілген ұнамайды, – деп жауап берді Тошка.

– Сен жеңіп шығасың! – деп оны қанаттандырды Пончик.

Білемін, бірақ ойнағым келмейді. Себебі, басқалардың жеңіліп қалып, ренжігенін көргім келмейді.

Сендей досым болғанына қуанамын. Басқа біреуді ойлауөте жақсы қасиет. Мүмкін жарыспай-ақ жай ғана ойнармыз?

– Қуана-қуана келісемін! Мен ойнағанды жақсы көремін!деп күлімдеді Тошка.

Сол уақытта бәрін анасы түскі асқа шақырды. Пончик пен Хрустик балық қосылған бәлішті тез-тез жеп алды да, әрі қарай ойнауға кетті. Анасы оларға «Ізіңді қалдыр» ойынын ойнаңдар деген ұсыныс айтты.

Пингвиндер үлкен қағазға бір-бірінің суретін салды. Пончик Таяны тұрғызып қойып, денесінің сұлбасын сызып жатқанда Тая тырқылдап: «Ой ой, ой, қытығым келді!» – деп күлді. Таяның күлгеніне Пончиктің де күлкісі келіп, екеуі қосылып үйді басына көтеріп күлді.

Екі баласына анасы сүйсіне қарап қалды.

– Таяның суреті дайын! Енді көйлегін әдемі етіп саламын, – деп қуанды Тая. 

– Тағы да қалаған суреттерің болса салып, өздеріңе ұнаған түспен бояңдар, – деп кеңес берді анасы.

– Құстар сияқты ұшу үшін мен өзіме үлкен қанат саламын, – деді Пончик. 

– Саған пингвин болған ұнамай ма? – деп анасы таң қалды.

– Кейде ұнамайды. Бағана Коно қарға мен күлегеш Найя мұрныма сәбіз қадап, ұшып кетті. Егер қанатым болса, олар мені мазақтай алмас еді.

– Бірақ олар жүзе алмайды, сен сияқты қызықты ойындар ойлап таба алмайды, –деді Тая.

– Бәрібір, – деген Пончик әлі де ренжіп отыр еді. Ол үнсіз суретін сала берді.

Келесі күні Пончик пен достары теңіз жағасында ойнады. Коно мен Найя төбеде қалықтап ұшып, олардың ойындарына қызыға қарады.

– Ана екеуі сияқты мен де жерге биіктен көз тіккім келеді, – деп Пончик аспанға қарады.

– Жүр, жүзейік, – деп Тошка досын шақырды.

Олар екеуі суға сүңгіп кетті. Су асты әлемі балық, жануар, өсімдіктерге  толы еді. «Егер мен Коно қарға мен күлегеш Найя секілді болсам, су астындағы сүйікті әлемімді және достарымды көре алмаймын ғой» – деп ойланып қалды.

Пончик жағаға шығып, Коно қарға мен оның күлегеш құрбысы Найяны шақырды. Олар қуана-қуана ұшып келді.

– Сендер биікке ұша аласыңдар, ұшу өте қызық шығар, иә? – деп сұрады.

– Иә, қызығы қызық қой, ал сен біз де ойнағымыз келетін қызықты ойын ойлап таба аласың, – деді екеуі.

– Тағы бір ойын ойлап таптым. Бәріміз бірге көрме ойынын ойнайық. Мен сендерге фотоаппарат беремін. Ал сендер аспанға ұшқан кезде көргендеріңнің бәрін фотоға түсіресіңдер. Кейін ол фотоларды мектепке іліп қоямыз. Достарымыз көреді. Бәрімізге  де қызық болады.

– Қандай керемет! Ал сен машинаңды бізге бере тұрасың ба? –деп Коно мен Найя қуанғаннан секіре жөнелді.

– Әрине, келіңдер, дос болайық! – деп Пончик қуана келісті.

Сол күннен бастап Коно қарға мен күлегеш Найя және Пончиктің достары бірге ойнайтын болды.

Көп ұзамай олар мектепте фотокөрме ұйымдастырды. Коно мен Найя фотоға өте жақсы түсіреді екен. Биіктен түсірген фотолар барлығына қатты ұнады. Мұғалім Фая қарға Коно мен оның күлегеш досы Найяны фотоға күшті түсіргені үшін, ал Пончикті ұшқыр ойы үшін мақтады.

– Біздің төбешік биіктен ерекше көрінеді екен. Коно мен Найя түсірген фотоларға осылай қызыға қараймыз деп ойламаппын, – деді Пончик.

– Әрбір кадр есімде қалды! Білесің бе, кішкентай пингвин, Пончик болған қандай бақыт! – деп Пончик Тошкаға күлімдеп қарады.

 

Пингвиндер туралы деректер

Сіздер, пингвиндерге ақ-қара смокинг не үшін қажет екенін білесіздер ме? Мұхиттағы жыртқыштардан сақтану үшін қажет.

Жон арқасының қара түсті болуы көзге түспеуге көмектеседі. Жоғарыда жүзіп жүргендер пингвиндерді бірден байқамай алмайды. Егер жүзіп жүрген пингвиндерге төменнен қарасаңыз, бауырындағы ақ түсі аспан түстес болып, көзді алдайды.

 

Азимахунова Райкуль Джумагалиевна  педагог-психолог, мектепке дейінгі балаларға білім беру саласында жұмыс істеймін. 20 жыл уақыт ішінде балалармен жұмыс істеп, әртүрлі орыс тіліндегі материалдарды аударып, өз тәжірибемде қолданамын.

Агата Ниязова-Белова

Агата Ниязова-Белова — казахстанская детская писательница, педагог, основатель детского центра и агентства авторских детских мероприятий. За плечами 11 лет работы с детьми. Выпустила 7 книг тиражом более 1000 экземпляров. Организовала выставку-квест детских писателей в Казахстане. Поставила спектакль на свою книгу. Финалист литературной премии Qalamdas, посвященной памяти Ольги Марковой, в номинации «Детская литература». Живет в Алматы.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon