Алишер Рахат

440

«Күлпет» романына пікір

Тақырыбы. Күлпет деген – жан азабы дегенді білдіреді. Шығармада автор осы сөзге кейіпкері Абу Райстың диологы арқылы анықтама береді. Сонымен қатар «Күлмет» деген сөздің де мағынасына тоқталады. Күлмет – адамның білмей, абайсызда жіберген қате-күнәсі дей келе, «күлметтің салдарынан күлпетке ұшырайды» деген тоқтамға келеді. Оқиға Кеңес одағы кезінде халық жауы атанған Райыс есімді кісінің немересі Әбу жайлы болады. Әкесі – Ерден малшы болған. Әбу дәрігерлікте оқып, хирург болады да, аяқ-асты Ауғанстандағы соғысқа аттанады. Сол жақта Ирина деген қызбен танысып, екеуі Америкаға қашып кетеді. Отыз жеті жылдан кейін еліне оралады. Туған жеріне деген сағынышы оны алып келеді. Сол сағынышы жан азабына ұласып кеткен дегенді айтқысы келген.

Шығарманың жанры биографиялық романға қатты ұқсайды. Өйткені көп кейіпкерлер өмірдің бір кезеңінде қылаң береді де, қайтып шығармаға оралмайды. Кейіпкердің мақсат мұраты – бұлыңғыр.

Көтерген тақырыбы. Кеңес Одағының адам құқығын шектеуі, шынайы фактілерді бүркемелеуі және халықты бодандықта ұстауын баяндайды.

Идеясы: адамның туған жеріне деген сағынышы құсалыққа апарады дегенге саяды.

Композициясы. Оқиға Абу Райстың АҚШ-тан ұшаққа отырып, Ләззат есімді пассажир қызға қарап отырып ойға шомғанынан басталады да, екеуінің әңгімелерімен жалғасып, өткен шаққа кері шегініс жасай отырып, оның бала күнгі естеліктеріне ұласып, Әсел есімді қызға ғашық болып, онымен қосыла алмай, кенет соғысқа аттанып, сол жақтан Америкаға барғанына дейін баяндалады. Оқиғаның көп бөлігі диологпен берілген. Нақты структурасы жоқ. Соңына дейін баратын жалғыз сюжеттік линия – еліне оралған Абу Райс баяғы ғашығы Әселді табады. Ол отыз жеті жыл бойы тұрмыс құрмай, оны күтіпті-міс. Әсел есімді кейіпкердің өзі шығарманың орта тұсында бір жылт етеді де, соңында ол жайлы асығыс баяндалады.

Конфликт. Мемлекеттік жүйе мен адамның күресін көрсетуге талпынған сияқты. Дейтұрғанмен де, жүйенің нақты қалай жұмыс істейтінін шала көрсеткен, диолог арасында ғана баяндайды.

Кейіпкерлер. Абу Райстың тағдыры қалай өрілгенін ғана оқуға болады. Оның түрі қандай, өзіне ғана тән ерекшелігі қандай ұғып болмаймыз. Шығармада оның «Қазақтар – ұлы халық» деген пафосқа толы сөздері жиі кездеседі.

Автор позициясы. Автор шығармасын «Алладан асқан шебер жоқ» деп бастайды да, түгел шығарманың ішінде өз сенімін тықпалайды. Яғни өзі сенген Құдайды абсолют санайды және оқырманды соған иландыруға тырысып бағады. Мысалы, Ләззат есімде ұшақта танысқан ғылыммен айналысатын әйелге діннің ақиқат екенін растайтын дәлелді-дәйексіз мысалдар келтіреді. Әрі ғылыммен шұғылданатын әйелдің де, оны қолпаштап, «керемет, ғажап» деп, қолдау білдіруі де жасанды шыққан. Сонымен қатар, шығармада ұлттық дәстүрлерді барынша дәріптеуге тырысу байқалады. Деңгене, қырық шеркеш секілді ұмытылып бара жатқан дәстүрлер жайлы мағлұмат берген. Жалпы идеяға жұмыс істемейтін көріністерді бірінен соң, бірін баяндай берген. Шығармада Пикассо, Селинджер, Димаш, Энштейн секілді танымал тұлғалардың есімдері диологтарда аталады. Бұл кейіпкердің эрудициясы жақсы екенін, көзі ашық екенін көрсетуге бос тырысу секілді көрінеді.

Алишер Рахат

Алишер Рахат (Айтуар) — казахстанский прозаик, драматург. Окончил Казахскую национальную академию искусств имени Т. Жургенова по специальности «Кинотеледраматургия». Победитель конкурса молодых драматургов Казахского академического театра драмы имени Мухтара Ауэзова (2015), лауреат республиканского конкурса «Тәуелсіздік толғауы» (2017), финалист фестиваля современной драматургии «Драма.KZ» (2018), победитель литературного конкурса «Алтын тобылғы» в номинации «Лучшая драматургия года» (2021). Участник IV Молодёжного театрального форума в Ташкенте (2021). Некоторые пьесы были поставлены на сценах казахстанских театров. Публиковался в газетах «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», на сайтах «Әдебиет порталы», «Мәдениет порталы», «Қаламгер», в журналах «Адырна» и «Литерра». Автор романов «Махаббатым – constant» и «Параллель». Рассказы переведены на русский, турецкий и английский языки. Один из создателей творческого объединения Burshaq.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon